Баѓалау ќызметініњ ±йымдыќ-ќ±ќыќтыќ реттеу


Өндіріс факторларының қағидасы



бет18/114
Дата13.05.2022
өлшемі1,11 Mb.
#142952
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   114
Байланысты:
курс лекции бағалау к.о 2

Өндіріс факторларының қағидасы. Мүліктік кешен өндірістік жүйе болып табылады. Оның табыстылығы 4 фактормен анықталады: менеджментпен, еңбекпен, капиталмен және жермен. Таза табыс – осы барлық төрт фактордың нәтижесі болып табылады. Сондықтан табысты бағалау негізінде барлық жүйелердің құны анықталады. Мүліктік кешенді бағалау үшін барлық жүйелердің табысын құрудағы әрбір фактордың үлесін білу қажет.
Қалдық өнімділіктің қағидасы. Жердің құнын бағалау негізінде оның қалдық өнімділігі жатыр. Экономикалық қызметтің кез келген түрі келесідей факторлардың болуын қажет етеді: менеджмент, еңбек, капитал және жер. Әрбір фактор берілген қызметпен жасалатын таза табыстардан төленуі тиіс. Өйткені жер жылжымайды, сондықтан еңбек, капитал және кәсіпкерлік оған бейімделуі керек. Біріншіден, үш фактор төленеді, ал сосын табыс қалдығы жер иемденушісіне рента түрінде төленеді. Өндірістің барлық басқа факторларының төленуінен кейін қалдығы болса, онда жердің бағалылығы болады.
Сөйтіп, қалдық өнімділігі, еңбек пен капитал эксплуатациясына және менеджменттің шығындары өтелгеннен кейін, жер теліміне қосылған таза табыспен анықталады.
Салым қағидасы. Салым – кез келген бір жаңа факторды ендіру нәтижесінде шаруашылық объект құнының өсім сомасы. Кейбір факторлар кәсіпорынның мүліктік кешенінің құнын ұлғайтады, ал кейбіреулері төмендетеді. Мысалы, үйдің сыртын жаңадан сырлау сыртқы түрін жақсартады, ал егер бояудың түсі нарықтық стандарттарға сай болмаса, онда үйдің құны төмендетілуі мүмкін.
Салымның анықталуы: шаруашылық объектілерінің құнының ұлғаймалы немесе төмен сомасы.
Сөйтіп, мүліктік кешенге қосымша активтерді қосу тиімді болады, егер олар мүліктік кешеннің нарықтық бағасынан жоғары болса. Мүліктік кешенге кез келген қосылған элементтер өтеледі, егер мүліктік кешен құнының өсімі, бұл элементтерді алуға кеткен шығындардан жоғары болған жағдайда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет