Баѓалау ќызметініњ ±йымдыќ-ќ±ќыќтыќ реттеу



бет14/114
Дата13.05.2022
өлшемі1,11 Mb.
#142952
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   114
Байланысты:
курс лекции бағалау к.о 2

Пайдалылық қағидасы. Меншік объектілерінің иемденуге қабілеті жоқ болса, онда олардың құны болмауы мүмкін. Сондықтан потенциалды меншіктенушіге пайдалы болған кезде ғана мүліктік кешеннің құны болады.
Қағиданың анықталуы: пайдалылық – берілген уақыт периодтарында және берілген жерде меншік объектісі иесінің қателіктерін қанағаттандыру қабілеті.
Орнын басу қағидасы. Иесінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын және табыс әкеле алатын барлық меншік объектілері, өзінің әр түрлілігіне қарамастан, бір-бірімен байланысты. Меншік объектісі үшін оны қалпына келтіруге кететін шығындардың сомасынан көп ешкім төлемейді. Егер екі меншік объектілерінің қабілеті бірдей болса, онда біз бағаның төменін аламыз.
Қағидалардың анықталуы: меншіктің максималды құны ең төмен бағамен немесе құнмен анықталады.
Сөйтіп орнын басу құны бағаланатын мүлік құнының жоғарғы шегін анықтауға мүмкіндік береді.
Куту қағидасы. Инвестор объектіге қаражатты салып, ол меншік объектілерінен болашақта табыс күтеді. Бағаланатын құн – болашақтағы барлық табыстардың ағымды құны.
Қағиданың анықталуы: күту – болашақта меншікті иелік етуден түсетін табыстардың ағымды құнының орнатылуы.


Нарықтық ортамен байланысты қағидалар
Бұл топ келесі қағидалардан тұрады: сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік, бәсеке, құнның өзгеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет