Утилизациялық құн - өзінің бастапқы пайдалылығынан айырылған және төтенше жағдайда немесе толық тозудың жағдайына жеткен утилизациялық материалдық активтердің құны. Утилизациялық құн – бұл салмақты материалдардан тұратын бағаланатын объектілердің қайталама құны.
Бағалау құнының қағидалары
Бағалау қызметі ғылымының негізінде, бағалау бойынша кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бірқатар қағидалары бар.
Кәсіпорынның мүліктік кешен құнын бағалау кезіндегі қажет негізгі экономикалық ортақ қағидаларын қарастырайық.
Олар мыналармен байланысты және 3 топ қағидалар жүйелеріне келтіруге болады:
Иесінің мүлік туралы көзқарасымен;
Нарықтық ортамен;
Мүлікті эксплуатациялаумен.
Иесінің мүлік туралы көзқарасымен байланысты қағидалар
Бұл топ мынандай қағидаларға ие: пайдалылық, орнын басу, күту.
Достарыңызбен бөлісу: |