Баѓалау ќызметініњ ±йымдыќ-ќ±ќыќтыќ реттеу


Ақша ағымын дисконттау әдісі



бет35/114
Дата13.05.2022
өлшемі1,11 Mb.
#142952
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   114
Байланысты:
курс лекции бағалау к.о 2

Ақша ағымын дисконттау әдісі

Кәсіпорын меншік құқықтарын бағалаған кезде, кәсіпорынның уақыт өте табыс әкелу мүмкіншілігі негізгі көрсеткіш болып табылады. Оны капитализация формуласы арқылы анықтаймыз:




V = I / K
Мұнда
V – ағымдағы құн
I – кезеңдік табыс
K – капитализация коэффициенті

Табыстық тәсілдің негізгі қағидасы болып, күті қағида жатады. Болашақ табыстарды дисконттау әдісі – бұл әдіс, объектті иемденгеннен, болашақта алынатын табыстардың ағымдағы құны ретінде, табысты жылжымайтын мүлікті бағалау үшін қолданылады.


Жылжымайтын мүлікпен жүргізілген операциялардың болашақтағы артықшылықтары болып, иемдену мерзімі кезіндегі болашақ табыстар түріндегі уақытылы түсімдер мен реверсияны, яғни иемдену мерзімі біткен кездегі объектті сатудан түскен пайданы көрсетеді.
Дисконттау әдістерін қолдану кезектілігі келесідей:

  1. Табыс алу мерзімінің ұзақтығын белгілеу;

  2. Әр иемдену жылының мерзімі бойынша ақша қаражаттарын ағымының болжамын жүргізу.

Ақша қаражаттарының ағымы дегеніміз негізгі функционалды қызметімен байланысты, кәсіпорынның жыл сайынғы қызмет қорытындысы. Ақша қаражаттарының ағымын дисконттау үрдісінің алғашқы мәліметтер болып:

  • табыс өлшемі және оның өзгеру сипаты;

  • табысты алудың кезектілігі (ай сайын, квартал сайын, жарты жылдық, жылдық);

  • табысты алудың болжанған кездегі мерзімнің ұзақтығы.

  1. Ақша қаражаттарының ағымын дисконттау, уақыт ішіндегі ақша құны теориясын пайдалануға негізделген, әрбір болашақ мерзіміне ақша қаражаттарының ағымының, ағымдағы құнын анықтау мен барлық ағымдағы құндарының жиынтығы негізінде анықталады.

  2. Бағалаушы алдында тұрған мәселеге байланысты, ақша қаражаттар ағымын дисконтау:

  • таза операциялық табыс;

  • салық салынғанға дейінгі инвестицияның табысы;

  • салық салынғаннан кейінгі инвестицияның табысы;

  • берілген несие бойынша банк табысы;

  • жал келісім шарты бойынша жалға берушінің табысы.

  1. Дисконттау ставкасы орташа пайда нормасы ретінде анықталады. Пайда нормасы тура пропорционалды тәуекелділікке байланысты. Неғұрлым тәуекел деңгейі жоғары болса, соғұрлым дисконттау ставкасы да жоғары болады, соған сәйкес болашақ табыстың ағымдағы құны төмен болады.

  2. Дисконттау әдісі иемдену мерзімінің соңында жылжымайтын мүлік объектісін сатудан түскен пайдасын есептеуді және оны дисконттау ставкасы арқылы ағымдағы құнға келтіруін болжайды.

  3. Табыс ағымдарының ағымдағы құны мен сатудан (реверсия) түскен табыстарды қосу.

  4. Кәсіпорын құнын – бірнеше жыл ішіндегі табыстар сомасы мен тартылған қарыз қаражаттарының сомаларының арасындағы айырымы ретінде есептеу.

Болашақ табыстар мен шығындар ақша қаражаттарының ағымын қалыптастырады.
Болашақ шығындар мен кәсіпорын қызметінің қорытындысын бағалау есептік мерзім шегінде анықталады және оны есептеу горизонты деп атайды.
Есептеу горизонты есептеу қадамының санымен өлшенеді.
Дисконтталған қолма-қол ақша ағымы әдісінде кәсіпорын активтерінің құны олардың табыс әкелу мүмкіндігімен өлшенеді.
Бұл әдістегі негізгі көрсеткіші таза ақша ағымы болып табылады. Cash flow бағытын сипаттайтын түсініктер бар – ақша кірісі және ақша шығысы.
Таза ақша ағымы белгіленген уақыттағы ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы арасындағы айырым ретінде анықталады.
Кәсіпорын жұмыс жасау кезінде үш қызмет түрін іске асырады: операциялық, инвестициялық және қаржылық.
Болашақ табыстарды дисконттау әдісімен кәсіпорын құнын бағалау үшін, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысын бағалау қажет.
Операциялық және инвестициялық қызметтегі олардың арасындағы айырым, нақты ақша ағымы деп аталады.
Нақты ақша сальдосы – бұл кәсіпорын қызметінің үш түрінен түскен барлық ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының арасындағы айырым.
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының сызбасы көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет