Ақша кірісі Ақша шығысы
Операциялық қызметі бойынша
Қолма-қол ақшаға сату
|
Шикізат, материалдарға үшін төлемдер
|
Дебиторлық қарыздар
бойынша түсім
|
Еңбек ақы
Ренттік сақтау төлемі Салықтар
|
Инвестициялық қызметі бойынша
Бағалы қағаздар инвестициясынан
табыстар
|
Негізгі капиталды сатып алу
|
Филиалдардан түскен түсім
|
Бюджет бойынша шығындар
|
Активтерді сатудан түскен түсім
|
Инвестициялық қаржыландыру
|
Қаржылық қызметі бойынша
Кәсіпорындағы ақша кірісі, негізінен мыналарға байланысты:
өзінің тауарларын қолма-қол ақшаға сатады, және де несиеге берілген тауарлар бойынша дебиторлардан төлемдер алады;
ел ішінде немесе шет елдегі филиалдардағы операциялардан немесе бағалы қағаздарды инвестициялаудан табыстар алады;
әр түрлі типтегі бағалы қағаздар шығарып, сатады;
керек емес немесе артық активтерінен құтылады;
несиелерді тартады және т.б.
Кәсіпорындағы ақша шығысы, негізінен мыналарға байланысты:
өзінің қызметін жүргізу үшін шикізат пен материалды тартады;
өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы төлейді, өзінің капиталын жұмыс істеу қабілетінде ұстайды және жаңа инвестицияларды іске асырады;
алынған несиелер бойынша дивидендтер мен пайыздарды төлейді;
облигациялар мен несиелер бойынша негізгі қарыз сомасын және т.б.
Кәсіпорынның қорытынды нәтижесі салықты төлегеннен кейінгі таза табысымен көрсетіледі. Бірақ бұл қаражаттарға амортизацияны да қосуға болады.
Аталған ақша қаражаттар, кәсіпорынның құндылығын жоғарылатады.
Нақты ақша ағымы белгілі табыстар мен шығындар түрлерін өзіне қосады.
Операциялық қызметі бойынша:
Сату көлемі;
Баға;
Пайда (1*2);
Сатудан тыс табыстар;
Айнымалы шығындар;
Тұрақты шығындар;
Ғимараттың амортизациясы;
Құрал-жабдықтар амортизациясы;
Несиелер бойынша пайыздар;
Салық алынғанға дейінгі пайда (3+4-5-6-7-8);
Салық пен жиналымдар төлемдері;
Жобаланған таза табыс;
Амортизация (7+8);
Операциядан таза кіріс (12+13);
Инвестициялық қызметі бойынша:
Жер;
Ғимараттар мен құрылыстар;
Машина және құрал-жабдықтар;
Материалдық емес активтер;
Барлығы: негізгі капиталға салым (1+2+3+4=5);
Айналым капиталының өсімі;
Барлық инвестициялар (6+5).
Қаржылық қызметінің ағымы:
Меншік капиталы (акциялар, субсидиялар);
Қысқа мерзімді несиелер;
Ұзақ мерзімді несиелер;
Несиелер бойынша қарыздарды өтеу;
Дивидендтер төлемі;
Қаржылық қызметтің сальдосы (1+2+3-4)-жоба;
(1+2+3-4-5)-реципиент.
Инвестициялық қызметіндегі нақты ақша ағымын анықтау үшін, объектінің таза жойылу құнын анықтау қажет:
Нарықтық құны;
Шығындар;
Есептелген амортизация;
Уақыт қадамындағы баланстық құн (2-3);
Жою бойынша шығындар;
Капитал құнының өсімінен табыс;
Операциялық табыс (1-4+5);
Салықтар;
Таза жойылу құны (1-8).
Егер кәсіпорын бос ақша қаражаттарының қайта инвестициялануын қарастырса, онда нақты ақша ағымын анықтау үшін жинақталған нақты ақшалардың сальдосы қолданады.
Барлық ақша төлемдері шығындар болып тіркелмейді. Мысалы, материалдық қорларды немесе мүлікті сатып алғандағы ақша, нақты ақшалардың шығысымен байланысты, бірақ бұл шығындар болып табылмайды.
Ақша ағымын есептеудің бірқатар тәсілдері бар:
Таза операциялық табыс (ТОТ) – бұл нақты жалпы табыстан барлық операциялық шығындарды алып тастағанда қалатын нақты табыс. Жылдық сома түрінде көрсетіледі.
Салық салғанға дейінгі ақша ағымы – бұл қарыз қаражаттар бойынша төлемдерін және есептелген амортизация сомасынан қалатын, таза операциялық табыстың бір бөлігі.
Амортизация – бұл кәсіпорынның өзінің операциялық қызметіне пайдаланылатын негізігі капиталдың физикалық және моральдық тозуының компенсациясын қамтамасыз ететін мақсатта ақша қаражаттарының аударымы.
Амортизациялық аударымның үш факторға тәуелді болып келеді:
негізгі өндірістік қаражаттарға кіретін, құрал-жабдықтардың баланстық құны;
құрал-жабдықты баланстан шығарғанға дейінгі қызметтердің болжанған мерзімі;
кәсіпорынмен таңдалған амортизация нормаларын есептеу әдісі.
Амортизация ақша қорының мақсатты тағайындалуының көзі бола тұра, кәсіпорын меншігі болып табылады. Аударымдар тек мақсатына байланысты ғана пайдаланады және кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |