Бастапқы ақпараттың және оның қайнар көзін анықтау
Берілген қадамда бағалау үшін қажетті деректер түрлері мен олардың көздері анықталады, ол : кәсіпорын қызмет ететін нарық туралы мәліметтер; ұқсас, басқа кәсіпорындар туралы деректер; кәсіпорынның әрекет етуінің қаржылық және техникалық – экономикалық көрсеткіштері және болашақтағы оның даму әлеуеті; кәсіпорын құнына әсер ететін әлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық және экологиялық факторлар туралы деректер. Жалпы деректерді ұсынудың ең таралған әдісі – кәсіпорын қызмет ететін нарық секторына қатысты бөлімшелерге бөлу, өнім түрі мен оған баға, кәсіпорынның орналасуы яғни кәсіпорын орналасқан қала, аудан туралы деректер, бағаланатын кәсіпорынның қаржылық және техникалық – экономикалық жағдайы және т.б. жиналған деректерді ұсыну әдісінің ерекшелігі – ақпаратты бір рет жинап және жүйелендіріп, оны ары қарай басқа кәсіпорындарды бағалауды өткізу үшін де қолдануға болады.
Бағалау үшін қажетті деректер түрлерін анықтап алу маңызды болып табылады. Бұл кәсіпорынның өзінің басқарушылық қызметтері, арнайы кезеңдік басылымдар, басқарудың мемлекеттік органдары, арнайы анықтамалық әдебиет, бағалаушы – эксперттің өзінің әріптестері болуы мүмкін.
Кәсіпорынды бағалауға келісімге келу кезінде кәсіпорын әкімшілігі белгілі бір мерзімге бағалаушы – экспертке ол кәсіпорынды бағалауды уақытында бастай алуы үшін ұсынатын құжаттардың құрамы көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |