Бағалаушы – эксперттер тобының құрамын анықтау
Бағалауды өткізуге жауапты бағалаушы –эксперт кәсіпорынның құнын бағалау үшін эксперттер тобының құрамын анықтап алуы тиіс.
Кіші кәсіпорынды бағалау бір бағалаушы экспертпен жүзеге асырыла алады.
Ірі кәсіпорынды ( 1000 қызметкерлерден жоғары ) бағалау үшін бірнеше адамдар тартылады – экономистер, маркетинг, эколог мамандары және т.б. Мысалы, бағалы металлдарды өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорынның құнын бағалау үшін бастапқы шикізаттың әлеуетін бағалау үшін мамандар шақырылады. Ғылыми - өндірістік кәсіпорынды бағалау үшін интелектуалдық меншікті бағалау бойынша экспертті шақыру қажет. Осы шығарылым авторларының тәжірибесі –бағалау үшін сондай-ақ бағаланатын кәсіпорынның басшыларын тарту керектігін куәландырады. Олардың білімдері мен тәжірибе кәсіпорынның болашақ жоспары туралы деректерді алу үшін, сонымен қоса алдағы деректерді жедел жинауды және бағалау туралы есептемені қабылдауды қамтамасыз ету үшін маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |