Баѓалау ќызметініњ ±йымдыќ-ќ±ќыќтыќ реттеу


Тапсырыс берушінің шектелген шарттарымен танысуы



бет75/114
Дата13.05.2022
өлшемі1,11 Mb.
#142952
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   114
Байланысты:
курс лекции бағалау к.о 2

Тапсырыс берушінің шектелген шарттарымен танысуы

Бағалаудың бұл кезеңінде тапсырыс беруші оның және сарапшы-бағалаушының мүдделерін қорғау мақсатында құрылатын кәсіпорын құнын анықтау процесіне қатысты негізгі шектелген шарттарымен танысады. Осы шарттардың кейбіреулері өте қажет жағдайда тапсырыс беруші мен сарапшы-бағалаушының арасында дау-дамайлық жағдайлар болашақта болмас үшін бағалау есебінде көрсетілуі қажет.


Іс- әрекеттегі кәсіпорынның құнын бағалаудың негізгі шектелген шарттары төменде көрсетілген:

  • Есептеуде берілген кәсіпорынның құны туралы кез-келген есептеулер іс-әрекеттегі кәсіпорын құнына толық мүлікті комплекс ретінде қатысты. Оны кез келген бөліктерге бөлу және оның құнын анықтауға әкеледі. Қажет жағдайда есепке кәсіпорынның бөлек бөлшектерін бағалаудың нақты негіздері қарастырылады.

  • Кәсіпорынның бағалау есебін дайындау кезінде болашақ пайда мен амортизациялық төлемдердің болжамдық мәліметтері және де кәсіпорынның әкімшілігінен алынған басқа мәліметтері (болжанған мәліметтерді беруге жауапты тұлғаларды көрсете отырып) қолданылады.

  • Кәсіпорынның бағалауда қолданылатын қаржылық және техника-экономикалық сипаттамалары кәсіпорын мүлкін дәлелдейтін және түгендейтін арнайы оның аудиторлық тексеруден өтпеген бухгалтерлік есеп негізінде алынады.

  • Бағалау процесінде бағаланып отырған кәсіпорын меншіктің құқықтарымен байланысты құжаттауға арнайы заңдық экспертиза жүргізілмейді.

  • Есепте көрсетілген болжамдар ағымдағы нарықтық шарттағы және сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін қысқа мерзімді факторларға және болжамды кезеңде тұрақты экономикалық жағдайлардың сақталуына негізделеді. Бұл болжамдар өзгерістерге ұшырауға бейім және нарықта болатын жағдайларға байланысты болып табылады.

  • Берілген бұл бағалау тек берілген есепте көрсетілетін бағалау мерзімінде және сол берілген есепте көрсетілген мақсаттар мен функциялар үшін қолданылады.

  • Тапсырыс беруші кез келген мәліметтерді, ақпараттарды эксперт-бағалаушының аналитикалық талдамаларын және бұл есептің басқа да материалдары тек қана бағалау тапсырмасында көрсетілген мақсаттар мен функцияларға қатысты қолданылатынына кепілдік береді.

  • Эксперт-бағалаушы мен тапсырыс беруші кәсіпорын бағалау процесінде алған ақпараттарды, Қазақстан заңнамасында қарастырылған жағдайлардан басқа, құпия сақтауға кепілдік береді.

  • Бұл есеп эксперт-бағалаушының бағалау стандарттарында қарастырылған бағалаудың барлық талаптарын ескермеген (ескерген) шекті (шығаруға бейім) зерттеу ретінде қарастырылуы қажет.

  • Кәсіпорын бағалау есебі мен қорытындысы эксперт-бағалаушының мүлікті өткізудегі шарттарға қатысты кепілдемесіз көзқарасын білдіреді.

  • Экспер-бағалаушы мүліктің сақталуы мен қолданудаға заңнаманы бұзбауына ешқандай кепілдеме мен міндеттемелер бермейді.

  • Тапсырыс беруші экспер-бағалаушыға бағалау үшін барлық қажетті ақпартпен баланстық есептерді және соңғы 3 жылдағы іс-әрекеттің нәтижесі туралы есептерді , 3-ші тұлғалармен жасалған келісім шарттың жазылуы, түгендеу ведомостларды, басты құжаттарды, кәсіпорын мүлігінің меншік құқығын дәлелдейтін және басқа да құжаттарды қоса алғанда қамтамасыз етеді. Эксперт-бағалаушы кәсіпорын туралы ақпараттарды бағалау үшін мемлекеттік басқару органдарынан алуға құқылы. Егер, бағалауға қажетті ақпараттар мен құжаттарды 3-ші тұлғалар арқылы да толық көлемде ала алмаған жағдайда оны өзінің есебінде көрсетуі қажет. Эксперт-бағалаушы дұрыс емес мәліметтер берілген құжаттар мен ақпараттар негізінде жасалған шешімдерге жауап бермейді.

  • Тапсырыс беруші эксперт-бағалаушыны кәсіпорынмен жеке таныстырады және әкімшілігіне сауалнама жүргізуге мүмкіндік беруін қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет