Деректерді жинау мен талдау
Бағалаудың берілген кезеңін бірқатар қадамдарға бөлуге болады: жалпы деректерді жинау мен жүйелендіру, арнайы дәрежелерді жинау мен талдау, ең жақсы және ең тиімді қолдануды талдау.
Жалпы деректерді жинау мен жүйелендіру
Кәсіпорын құнын бағалау үшін қажетті жалпы деректерге бағаланатын кәсіпорын қызмет ететін нарық жағдайы туралы деректерді , сондай-ақ кәсіпорынның орташа құны туралы деректерді жатқызуға болады.
Нарық жағдайы туралы деректер: нарықты әрекет ететін экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және экологиялық факторлар туралы деректер тек қана нарықтың ағымдағы жағдайын ғана бейнелеуі емес, сондай-ақ осы факторлардың болашақ жағдайын сипаттауы тиіс. Осындай деректерге келесілерді жатқызуға болады: банктік пайыз ставкасын, тұрғындардың сатып алу қабілетін, құрылыс өніміне бағалардың өсу индекстерін, қоршаған ортаның ластану деңгейін, тәуекел деңгейін, кәсіпорынның құқықтық жағдайын сипаттайтын сапалы көрсеткіштері, бәсекелестік және іскерлік белсенділік деңгейін, инвестициялық ахуал мен аймақтағы саяси жағдайды жатқызуға болады.
Бұл ақпаратты орталық, жергілікті және арнайы басылымдарда, сондай-ақ кәсіпорын басшылары мен мамандары арасындағы арнайы сұрауды жүргізу нәтижесінде алуға болады.
Кәсіпорынның орналасуы туралы деректерге кәсіпорынның орналасқан аймағы, қаласы және ауданы туралы ақпарат жатады. Көрсеткіштердің осы тобына : халықтың шоғырланған деңгейі, жұмыс бастылық деңгейі, өнімнің осы түрін шығару тұрғысынан аймақтың өндірістік даму деңгейі және тағы сондай. Бұл деректерді статбасқармалардың жергілікті органдарында, жергілікті және арнайы басылымдарда және қала мен кәсіпорын басшыларыннан сұрау арқылы алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |