Мүліктік құқықтарға: бағаланатын ғимарат және ұқсас объектілер иелердің меншігінде болып табылады және ұзақ мерзімді жалға алу құқығы негізінде қолданатын телімдерде орналасқан жағдайда құндық түзетулер жүргізудің қажеті жоқ.
Қаржыландыру шарттарында:ұқсас объектілер бойынша ақпаратты тексеру кезінде – қаржыландыру шарттары нарықтан маңызды ерекшеліктері болмаған жағдайда түзетулер жүргізілмейді.
Сату шарттарында:бағалаушымен алынған ақпарат ұқсас объектілерді сату және бағалау объектілері бойынша болжанатын шарттары сәйкес болған жағдайда, келісімдер 50%-тік аванстаумен жүзеге асырылады және соңғы есептесулер бір айдан үш айға дейін уақытта жүзеге асырылады да, құндық түзетулер жүргізідмейді.
Сату күніне:есептемелерде, сондай-ақ басқа да қол жетерлік ақпаратта келтірілген деректерді Алматы қаласы мен Алматы облысындағы басқа да қалаларындағы жылжымайтын мүліктің ұқсас объектілеріне бағалары туралы талдау соңғы 2 жылда нарықта бағалардың өсуін анықтады. Сондықтан берілген жағдайда құрылыс-монтаждық жұмыстар құнының жоғарылауы индексіне сәйкес сату күніне түзетулер мөлшерін қабылдау мақсатқа лайықты болып келеді.