Кәсіпкерлік қызметтің бағыттары.
Аталған қарама-қарсы тенденциялар өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар негіздерге ие.
Әлемдік тәжірибеде, меншік түрлеріне тәуелді емес, кәсіпорындар ресурстарының қайталама нарықтарының мақсаттарын тиімді пайдаланатын шаруашылық қызметтің жоғары нәтижелерінің куәлары бар. Бірақ Қазақстанның заңнамасы және мүліктік кешендерімен қатынастарды реттейтін нормативтік база, отандық «ерекшеліктерді» белгілейді. Ал бұл мемлекеттің елеулі қатысуымен ойлап табылған және жасанды өнеркәсіптік ресурстар нарығының бөлінуіне байланысты, бастапқыға арналған және қайталама, кәсіпорындар ресурстарының қайталама нарығының болмауымен сипатталады. Сондықтан олоардың инфрақұрылымы жоқ. Кәсіпорындар ресурстарының операцияларын мемлекеттік құқықтық реттеу жүйесі, әлі де, бағалау қызметіне қатысты орналасу кезеңінде. Нарықтардың тиісті инфрақұрылымын, оның орталық бөлімшесі – бағалау қызметін құру шарты негізінде, кәсіпорындардың ресурстарымен және мүлікпен операцияларды жасау ғана инвестициялық активтілікті «тірілте» алатын механизм болып табылады.
Кәсіпорын ресурстарының операциялары ұйымдардың (заңды тұлғалардың) жойылуы мен дамуы, ресурстардың бағалау құнын құру үрдісімен ғана байланысты емес, ол, мәміле құнының бағалауымен, сонымен бірге, кәсіпорындарды жекешелендіру мен банкротқа ұшырауына, конкурстарды, аукциондарды, жалды, сенімділік басқаруды, кепіл затты, ипотекаларды және басқа операцияларды жүргізуімен де байланысты.
Нарық жағдайында ресурстармен операциялар жасау, басқару шешімдерінің мүмкін болатын сәйкестіктер, кәсіпорынның ресурстарын басқару келесі кестеде көрсетілгендей, шартты «кеңістік» түрінде қарастырылады.
Кәсіпорын ресурстарымен операциялар жасау және оның нарықтық құнын бағалау кезінде анықтаушы жағдай болып, аталған «кеңістіктегі» әрбір ресурс бойынша, тиімді басқару шешімін қабылдау операцияларына қатысатын сатушы мен сатып алушы және бағалаушының құқықтық қатынастары негізінде анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |