Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата02.12.2019
өлшемі1,45 Mb.
#52824
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Жалпы педагогика


 
 
15.5. Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне 
ұйымдастыру жолдары 
 
Тəрбие  процесінің  нəтижелілігі  көбіне  оған  болған  педагогикалық 
қолдаудың  дұрыс  ұйымдастырылуына тəуелді.  Мұндай  қолдау  бүгінгі 
таңда төмендегідей қарастырылады:  

нақты  адамға  оның  денсаулығы  мен  психикалық  қалпына, 
оқуына,  тұрмыстық  əрі  кəсіби  бой  тіктеуіне  кедергілердің  алдын  алу 
жəне нақты іс-əрекеттік көмек көрсету; 

адамның  жеке  басы  ерекшеліктерінің  орнығу  процесін 
қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық қызметтер; 

ауытқуға  бейім  қылық-əрекет  қиыншылықтарын  жеңуге 
бағытталған ықпалдасты əрекеттердің ерекше түрі; 


келеңсіз  мінез  əрекеттеріне  бейім  жас  өспірімге  нақты 
жекеленген жəрдем беру; 

баланы басшылықты жетекке алу; 

тəлім-тəрбие  мекемесінің  педагогикалық  қолдау  проблемасын 
өзінің өмірлік принципіне айналдыруы; 

балалардың  өзін-өзі  тану  шартына  айналып,  оқу  мен  тəрбие 
шеңберін үйлестіруге бағытталған мұғалім мен оқушы ықпалдастығын 
күшейте түсу. 
Педагогикалық  қолдау – бұл:  а)  тəрбиеленуші  сенімінен  шығу;  б) 
көбіне  педагогикалық  қолдау  қажеттігін  өзі  сезбейді,  бірақ  оған 
мұқтаж  болған  тəрбиеленушілерге  қол  ұшы  жəрдемін  беріп,  қолдап-
қуаттау. 
Педагогикалық  қолдау  мəні:  жайма-шуақ  психологиялық  жағдай 
жасау;  тұлғаның  өз  бойындағы  мүмкіндіктерін  өзінше  іске  асыруына 
шарт-жағдайлар  түзу;  өз  қадір-қасиеті  мен  ар-намысын  сақтап  қалуға 
жəне  ұтымды  нəтижеге  жету  жолындағы  кедергілерді  бірлікті  жеңіп 
бару; «жəрдем  бер»  деп  алақанын  ашық  жайып  отырғанға  ғана  емес, 
достық  ықылас-ниетке  мұқтаж  болғанның  бəріне  көмек  көрсету; 
əрқандай  тəрбиешінің  өмірдегі  өз  орнын  табуға  құштарлық  білдірген 
тəрбиеленуші  проблемаларын  өз  назарында  ұстай  білуі;  тəрбиешінің 
кəсіби деңгейінің жоғары болуы. 
Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ 
сала  білу,  қажет  болса – кеңес  беру;  тəрбиеленушіге  сенім;  оның 
құқығын  қорғау;  тəрбиешінің  балаға  болған  қамқорлық  қатынасы; 
шəкірттің  қандай  да  табысын  көре  танып,  оған  ұнамды  баға  беруден 
жалықпау жəне т.б. 
Педагогикалық 
қолдау 1) тəрбиеленушілердің 
баршасына 
бағытталып,  оларға  деген  қамқорлық  пен  сенім  қатынасында 
көрінумен  өзара  сыйластық,  түсіністік,  қызметтестік  көңіл-күй 
жағдайын  түзуге  көмегін  тигізеді; 2) жеке  тұлғаға  бағытталып,  оның 
дамуына,  білім  игеруіне,  тəрбиелілігіне,  өз  басы  проблемаларын 
шешуге  жəрдем  көрсетіп,  азаматтың  өзгерістерін  диагностикалап 
баруға мүмкіндік береді.  
Жеке  тұлғаға  арналған  педагогикалық  қолдаудың  мазмұны – 
адамды  алда  көздеген  нəтижелерден  алшақтататын  кедергілерді  жеңу 
жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі:  

субъектив  (тұлғалық) «Мен» - кедергілер:  өз  бетінше  дербес 
шешім  қабылдауға  қажет  ақпараттың  болмауы  (ақпарат  толықса, 
кедергі  сол  бойда  жойылады);  адамның  қосымша  еңбектенуінің 
қажеттігі (қол ұшы жəрдем беріп, ынтасын көтеру); тұлғаны күйзеліске 
келтіретін  кемшіліктер  (тəн-денелік,  психикалық,  арақатынастық); 
білім жəне тəжірибе жетіспеуі; 


объектив  (əлеуметтік) «Олар» - кедергілер: (əлеуметтік  орта – 
мұғалімдер,  əкімшілік,  дос-жарандар,  құрбы-қатарлар,  отбасы  жəне 
басқалар). 

материалдық кедергілер (отбасының қаржылық жағдайы жəне т.б.). 
 
15.6. Тəрбие əдістерін таңдау 
 
 Тəрбие əдістерін таңдау – күрделі проблемалардың бірі. 
Тəрбиешінің  кəсіби  қызметтерін  орындау  барысындағы  тəрбие 
əдістерін  таңдауы  əрі  оларды  пайдалануы  көптеген  қалыптасқан  шарттар  мен 
мүмкіндіктерге  тəуелді.  Мұндай  шарттар  түрі:  ниеттелген  тəрбие 
мақсаттары  мен  міндеттері;  тəрбиеленушілердің  жас  жəне  даралық 
ерекшеліктері; тəрбие мезеті; шəкірттердің қызығулары мен қажеттері; 
оларды  қоршаған  əлеуметтік  жағдайлар;  тəрбиеленуші  қатысқан 
топтың  қалыптасу  деңгейі;  күтілген  нəтижелер;  тəрбиешінің  өз  басы 
мүмкіндіктері. 
Тəрбие  əдісін  таңдау  негізінде  тəрбиеші  мен  тəрбиеленуші 
арасындағы гуманистік қатынас болуы шарт. Қолданылатын əдістердің 
тиімділігі  келесі  жағдайларға  байланысты:  таңдалған  əдістің  шынайы 
əрі  нақты  шарттарға  сəйкестенуі;  əдісті  қолдану  мезетіндегі 
тəрбиеленушілердің  психологиялық  қалпын  кəсіби  көрегендікпен  сезе 
білу;  əрқилы  тəрбие  əдістерін  өзара  үйлестіре  пайдалану;  таңдалған 
əдісті  тəрбие  шараларымен  толықтыра  түсу;  əрбір  əдісті  қисынды 
нəтижеге жеткенше орынды пайдалану. 
Тəрбие  əдісін  таңдай  отырып,  тəрбиеші  əрбір  тəрбиеленушіге  өз 
жасампаздық  іскерлігін  жүзеге  асыруға,  даралық  шығармашылығын 
танытуға,  табыс  көздерін  іздестіре  білуге,  нəтижелерді  болжастыруға, 
көзделген  мақсатты  іске  асыруға  толық  мүмкіндік  беретіндерін 
пайдалануға ұмтылуы қажет. 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1. Тəрбие əдіс, тəсілдері мəнін қалай түсіндірер едіңіз? 
2. Тəрбие əдістері қалай топтастырылады? 
3.  Əміршіл-əкімшіл  жəне  гуманистік  педагогикадағы  тəрбие 
əдістері жүйелерінің айырмашылығы неде? 
4. Үлгі-өнеге əдісінің мəні қандай? 
5. Тəрбие əдісін таңдауда қандай шарттарды ескеру қажет? 
 
 
 
 
 
 

16-дəрісбаян. Тəрбие құрал-жабдықтары мен формалары
 
 
 
Жоспары 
 
1. Тəрбие құрал-жабдықтары жəне формалары түсінігі 
2. Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама 
3. Тəрбие формалары мен құрал-жабдықтарын таңдау 
 
16.1.Тəрбие құрал-жабдықтары жəне формалары түсінігі 
 
Тəрбие  құрал-жабдықтары – бұл  əлеуметтік  тəжірибенің 
педагогикалық    тəуелсіз  көздері.  Ниеттеген  мақсатына  жету 
жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы əрқандай заттың бəрі 
тəрбие  құрал-жабдығы  есептеледі.  Қоршаған  болмыстың  қалаған 
нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық 
туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б. – 
тəрбиелік  ықпалға  ие.  Тəрбие  құрал-жабдықтары  тəрбиеленушіге 
өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта 
пайдалануы да мүмкін. 
Тəрбие  құрал-жабдықтары  қандай  да  тəрбие  мақсатын  іске  асыру 
үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады. 
Құралдар 
өмір 
құбылыстарын 
көз 
алдына 
келтіреді, 
тəрбиеленушілердің  белсенділігін  көтереді,  материалды-  техникалық 
тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, 
іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы 
рəмізін айқындай түседі, т.с.с. 
Құрал- жабдықтар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, 
инабаттылық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт. 
Педагог  даралығына  негізделген  əдістер  мен  құрал-жабдықтар 
бірлігі тəрбиелік іс-əрекеттер формасына арқау болады. 
«Форма» терминінің мəні: 1) тəрбие процесінің сырттай көрінісі; 2) 
тəрбиелік  жұмыстардың  сырттай  көрінуін  қамтамасыз  ететін 
ұйымдастыру  тəсілдері  мен  тəрбиелік  шаралардың  бірлікті 
жиынтығы; 3) тəрбиеленушілердің  ұжымдық  жəне  жеке-дара 
іс-əрекеттерін  жоспарлы  ұйымдастыру  жүйесі.  Сонымен, 
форма – бұл  тəрбиелік  істер  процесіндегі  тəрбиеленушінің 
тəрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі
Тəрбиелік  жұмыстар  өз  кезегінде  төмендегі  аталған  тəрбиелік 
қызметтерді орындайды: 

ұйымдастырушылық:  ұйымдастыру  ісі  тəрбиелік  жұмысқа 
қатысушылардың  өзара  ықпалды  əрекеттерінің  қисынын  (логикасын) 
бейнелейді; 


реттеушілік:    қандай  да  форманың  өзі  оны    пайдалану 
процесінде  əлеуметтік  қатынастар  нормаларын  қалыптастырушы 
тəрбиешілер  мен  тəрбиеленушілер  арасындағы  өзара  байланыстарды 
реттеп, түзетіп баруға  мүмкіндік береді; 

ақпараттық:  тəрбиеленушілердің  игерген  білімдерін  ғана 
біржақты  хабарлауына  мүмкіндік  ашып  қоймастан,  олардың  өзіндік 
тəжірибелеріне  арқа  сүйеп,  бұрыннан  меңгерген  ақпараттарын  іске 
қосуына жол ашады. 
 
16.2. Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама 
 
Тəрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері 
бар.  Бір  форманың  басқаларынан  ерекшеленуі  төмендегі  шарттарға 
тəуелді:  

уақыт  ұзақтығы:  қысқа  мерзімді  (бірнеше  сағат,  минут); 
ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта); 

тəрбиеленушілер  қызметтерінің  түрі:  оқу,  еңбек,  спорт, 
көркем өнер; 

педагогтың ықпал жасау тəсілі: тікелей, жанама; 

нəтиже:  ақпарат  алмасу,  жалпы  тұжырымға  келу,  қоғамдық 
мəнді өнім; 

қатысушылар  саны:  жеке-дара  (тəрбиеші  –тəрбиеленуші), 
топтық  (тəрбиеші  –оқушылар  тобы),  жаппай  көпшілік  (тəрбиеші  –
бірнеше топ) формалары. 
Қатысушылар  санымен  ажыралған  тəрбиелік  жұмыстардың  кейбір 
формаларының ерекшеліктерін қарастырып көрейік. 
Жеке-даралықты тəрбие формалары: əңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес 
беру,  пікір  алмасу,  нақты  жұмыс  бойынша  жеке  жəрдем,  проблема 
шешімін 
бірлікті 
іздестіру. 
Тəрбиеші 
міндеттірі: 
оқушы 
мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша 
құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау. 
Ұжымдық  шығармашыл  жұмыстар  формалары:  дəстүрлі 
тапсырмаларды  кезегімен  ауыстырып  бару,  сюжетті-ролдік  ойындар, 
ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау. 
Топтық  тəрбие  формалары:  іс-шаралар  кеңесі,  шығармашылық 
топтар,  өзіндік  басқару  кешендері,  шағын  үйірмелер.  Тəрбиеші 
міндеттері: əр оқушының өзін танытуға жəрдемдесу, топ мүшелерінің 
бəріне бірдей мəнді нəтижеге жету жағдайларын жасау. 
Ұжымдық тəрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, 
əн-күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат-шерулер, спорт жарыстары. 
Тəрбиелік  іс-əрекет  формаларының  əрбіріндегі  тəрбиешінің  ролі 
мен  орны  əрқилы.  Олар  тəрбиеленушілердің  жас  ерекшеліктеріне, 
тəрбие мақсаттарына байланысты. 

Тəрбие  жұмысының  формасы  ұжымдық  шығармашылық  түрінде 
болуы  мүмкін.  Мұндай  ұжымдық  шығармашылық  қызметтер 
барысында  тəрбиеленушілер  ересектермен  бірлікте  жəне  олардың 
басшылығында  жаңа  тəжірибелер  жасайды,  бұрын  игерген  білім, 
ептіліктерін қолданады, жаңа ғылыми ақпараттар топтайды. 
Ұжымдық 
шығармашылық 
жұмыстар 
əдістемесі 
негізін 
қызметтестік,  ұжым  мүшелерінің  бірлікті  істері,  көппен  бірге 
жоспарлау, жұмысты өткізу жəне бағалау, өмірлік маңызды міндеттер 
шешімін табудың ұтымды жолдарын іздестіру құрайды.  
Ұжымдық  шығармашыл  жұмыстарды  дайындау  жəне  өткізу 
бірнеше кезеңнен тұрады. 
Бірінші  кезең – уақытша  ынталы  топ  құрылады.  Ол  алдағы 
жұмыстарды жоспарлайды. 
Екінші  кезең – басқарушы  топ  алдағы  жұмыстардың  бағыттарын 
белгілейді,  қатысушылар  өз  ұсыныстарын  береді,  ұсыныстар 
талданады,  ниетке  алынған  істердің  жалпы  бағдарламасы  пайда 
болады. 
Үшінші  кезең – ойға  алынған  істердің  орындалуына  қажет 
дайындық  жұмыстарының , құрал-жабдықтардың,  материалдардың 
тізімі жасалады.    
Төртінші  кезең – тапсырмалар  бөлістіріледі,  тəрбиеленушілердің 
баршасын түгелдей қамтыған жеке-дара, топтық, ұжымдық іс-шаралар 
жүктеме ретінде тапсырылады. 
Бесінші  кезең – тəрбиеленушілердің  бəрі  өз  борышына  алған 
шығармашыл жұмыстарды дайындауға кіріседі. 
Алтыншы  кезең – дайындалған  тəрбиелік  шығармашыл  іс 
өткізіледі. 
Жетінші  кезең – тəрбиелік  іс-шара  өткізілгеннен  соң  ынталы  топ 
жəне  ұжым  мүшелерінің  қатысуымен  көзделген  бағдарламаның 
орындалуына ұжымдық талдау беріледі, сапасы бағаланады. 
Аталған  жеті  кезеңнің  əрқайсысының    орындайтын    өзіне  тəн 
міндет,  қызметі  бар.  Атап  айтсақ,  бірінші  кезеңде - өзіндік  басқару 
кешенін  түзу  тəжірибесі  қалыптастырылады,  тəрбиеленушілер  өз 
тұлғалық  қасиет-сапаларын  бағалауға  үйренеді;  екінші  кезеңде  –
топтық  жоспар  жасау  қабілеттері  дамиды;  үшінші  кезеңде  –
қызмет  бабына,  іскерлікке  дағдыланады,  табыс  берер  шарттарды 
көрегендікпен тануға баулынады;  төртінші  кезеңде - əлеуметтік  тəжірибе 
қалыптасып,  тұлғаның  ұйымдастырушылық  сапалары  тұрақтанады; 
бесінші кезеңде – танымдық, ұйымдастыру, тақырыптық, ой-пікірлерін 
хаттау, 
іс-шараға 
сай 
безендіру 
əрекеттері 
нығайып, 
тəрбиеленушілердің  өзара  қатынастарынан  іскерлік  сапалары  байи 
түседі; алтыншы кезеңде - əртүрлі ұжымдық, топтық, дара жұмыстарға 

араласа  отырып,  тəрбиеленуші  өзінің  тұлғалық  деңгейін  көтереді. 
Жетінші  кезеңде - өз  əрекеттері  мен  ептіліктерін  сын  көзбен 
саралаумен өзіндік бағалауға үйренеді. 
Ұжымдық 
шығармашыл 
іс-əрекеттерді 
ұйымдастырушының 
төмендегі технологиялық ұстанымдарды ескергені жөн: 

ұжым  мүшелерінің  саны 7-9-дан 25-30 адамға  дейін  болуы 
мүмкін.  Қатысушылар  саны  шектен  тыс  көбейіп  кетсе,  іс  тиімділігі 
күрт төмендейді;  

ұжымдық  шығармашыл  жұмысқа  қатысушылардың  жеке 
тұлғалық даму мақсаты басты назарға алынуы шарт; 

шығармашыл  мəселе,  міндеттер  тəрбиеленушілердің  өздері 
тарапынан анықталып, белгіленгені дұрыс; 

əрбір  тəрбиеленушіге  өз  қызығулары  мен  тілектеріне  сəйкес 
жұмыс түрлерін таңдау мүмкіндігі беріледі. 
Жоғарыда  баяндалған  технология  форма  тұрғысынан  əрқилы 
тəрбиелік  шараларды  өткізуде  пайдаланылуы  мүмкін  (əртүрлі 
тақырыптағы  сынып  сағаттары;  конференциялар;  поэзия,  əн-күй,  би; 
ауызекі  журналдар;  конкурстар;  əйгілі  адамдармен  кездесу;  құрбы-
құрдастарымен, мектеп түлектерімен дидарласу жəне т.б.). 
Соңғы жылдары тəрбиелік жұмыстардың келесідей формалары кең 
тарап, мектеп тəжірибесіне енуде: 
Көпшілік тыңдарман тəрбиеленушілерге арналған дəрісбаяндар : 
əдемі    əрі  сəнді  жағдайда 15-20 минут  аралығында  ұсынылатын 
қызықты  да  тосын  мысал,  деректерге  бай  жарқын  ақпарат 
тəрбиеленушілердің  баяндалып  жатқан  құбылыс    не  оқиғаға  болған 
көзқарас, қатынасын жаңа қырынан қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
«Сократтық  сұхбат» - кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып, 
оларға  жауап  тауып,  қойылған  проблеманың  көптеген  балама 
шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолы. 
Ашық  микрофон    формасы    қоғамдық    өмір  проблемаларын 
талқылау үшін қолданылады. 
Фəлсафалық  бас  қосу – тəрбиеленуші  өмірінің    мəн-мағынасын 
тереңдей түсінуге арналған ғұламалық сұхбат-кеңес. 
Белгілі  тақырып  бойынша  пікір-сайыс – екі  топ  кезегімен  ой 
толғаныстарын ортаға салып, өз жобаларын қорғайды. 
Интеллектуалдар  саудасы – ақыл-ес  əрекеттерін  жарыстырудың 
ойын  формасы.  Ұсынылған  «тауарды» – кітап,  сурет,  күйтабақ,  
қолөнер  туындысы  жəне  т.б. «сатып  алу»  үшін,  қатысушы  қалаған 
затына байланысты өз білімдерін жария етуі тиіс. 
Мамыра  жай  əңгіме-  сезім  төрінде  жатқан  құпия  көңіл  сырларын 
бөлісу, тəлімдік мазмұнды өмір құндылықтары жөнінде сұхбат. 

Даналар  күні – арнайы  күні,  ұлы  ғұламалар  мерейтойларына  орай 
өткізілетін  танымдық,  құндылықты  бағыт  беретіндей  қызықты  да 
мазмұнды шара. 
Кесірлі  дөңгелек  стол  –  алдын  ала  жинақталған  пікір  таласты 
материалдар  негізінде  заманның  көкейкесті  проблемалары  жөніндегі 
тəрбиеленушілердің  пікірін  біліп,  олар  бойынша  талдау  салуға  арналған  сөз-
жарыс. 
 
 16.3. Тəрбие формалары мен құрал-жабдықтарын таңдау 
 
Тəрбие  құралдары  мен  формаларын  таңдастыру  тəрбиеші  алдында 
тұрған  күрделі  мəселе.  Тəрбиелік  іс-əрекеттің  тиімді  болуы  осы 
мəселенің дұрыс шешіміне тəуелді. 
Тəрбие  жабдықтары  мен  формаларын  таңдап,  іріктеудегі  басты 
мақсат-  олардың  білім  беру,  дамыту  жəне  тəрбиелеу  қызметтерінің 
толық  іске  асуы,  оқушылардың  рухани  белсенділігіне  дем  беріп,  ой-
толғаныс əрекеттерін ұштауы, қоршаған болмыс заттарымен өзбетінше 
дербес қарым-қатынас жасауға жəрдем беруі. 
Тəрбиелік  істердің  əрбір  жекеленген  жағдайларында  өзіндік 
ерекшеліктерімен,  қызығулары  жəне  мүмкіндіктерімен  дараланған 
əртүрлі  тəрбиеленушілер  қатысады.  Мұндай  жұмыстарға  араласқан 
ересектердің  өздері  де  балалар  сияқты  қайталанбас  сыр-сипатқа  ие. 
Бұдан шығатын тұжырым –тəрбиелік жұмыстарда жоғарыдан берілетін 
көрсетпе  –нұсқауларға  таңылып  не  нақты  ұжыммен  байланысы  жоқ 
сырттай  біреулердің  дайын  сценарийлерін  ойсыз  пайдалана,  іс 
жүргізуге  болмайды.  Жұмыстар  жалықтыратындай  бір  текті    де 
болмағаны жөн. Бұрыннан бар, тəжірибеде сыналып, тиімділігі  сенімді 
тəрбиелік  жұмыс  формаларының  кейбір  идеалды  не  заттай 
элементтерін  заман  ыңғайы  мен  тəрбиеленушілер  ерекшеліктеріне 
сəйкестендіре пайдаланған ойға қонымды . Мүмкін болғанша, іс-шара 
формаларының  тəрбиеші  мен  балалар  ұжымының  өзара  ықпалдастық 
қатынастары  барысында  туындағаны  пайдалылау.  Себебі,  қалаулы 
істің орындалуы да қызықты. 
Тəрбие  формаларын  іріктей  отырып,  дəл  мезеттегі  нақты  тəрбие 
міндеттері  мен  тəрбиеленушілердің  араласуымен  орындалатын  іс-
əрекет  түрлерін;  тəрбиелік  процестің  ұйымдасу  принциптерін, 
балалардың  дайындығын,  олардың  қызығулары  мен  қажеттерін; 
материалдық  қор  мен  сырттай  шарт – жағдайларды,  педагогтар  жəне 
ата-аналар мүмкіндіктерін ескеру қажет. 
Тəрбиенің қай формасы болмасын, ол өзіне сай нақты іс-əрекет əдіс, 
тəсіл,  жол-жобаларын  пайдалануды  қажет  етеді  жəне  бұлардың  бəрі 
сол əрекетке қатысушылармен бірлікте іске асқаны жөн. 
 

Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1.  Тəрбие формасы деген не? 
2.  Тəрбие құрал-жабдығы түсінігіне анықтама беріңіз. 
3.  Қандай тəрбие құралдары мен формаларынан хабарыңыз бар? 
4.  Тəрбие құралдары мен формаларын таңдау неге байланысты ? 
5.  Дəстүрлі    жəне    жаңа  тəрбие    жұмыстарын    атап,  оларға 
сипаттама беріңіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

17-дəрісбаян. Тəрбие құралы – əлеуметтік  орта
 
 
 
Жоспары 
 
1. Отбасы – педагогикалық қатынас субъекті 
2. Мектеп ұжымы 
3. Балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері 
 
17.1. Отбасы – педагогикалық қатынас субъекті 
 
Отбасы,  мектеп  пен  мектепке  дейінгі  тəрбие  мекемелері,  балалар 
жəне жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары 
–  бұлардың  бəрі  де  тұлға  дамуындағы  қалыптастырушы  ықпал 
жасайтын  ерекше  «тəрбиешілер»  тобын  құрайды.  Отбасы  айтқанына 
көндіріп  тəрбиелейді;  мектеп  оңтайлы  қылық,  дұрыс  көзқарас 
қалыптастыруға  ұмтылады;  балалар  мен  жеткіншектер  ұйымдары 
қарым-қатынас  жүйелеріне  ендіреді;  ал  көше  болса,  отбасы,  мектеп, 
əрқилы бірлестік топтар  бере алмағандардың орнын толтырады. Бала 
осы  аталған  ұйымдардың  өз  өмірінде  қайсысы  басым  болса,  сонысын 
таңдайды, соның ықпал тəуелділігінде болады. 
Осыдан  тəрбие  тұлғаға  ықпал  жасаушы  құрылымдардың  өзара 
қатынастарымен бірлікте қарастырылады. 
Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу 
көзі.  Осыдан  отбасында  қабылданған  көзқарастар,  салт-дəстүрлер, 
ұстанымдар,  əрекет-қылық  үлгілері  тұлға  микроэлементіне  бастау 
беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды. 
Отбасы белгілі қызметтерді атқарады: 

қайта өндіру (репродуктивті) –ұрпақ келтіру (тек жалғастыру 
тума əрекеті, перзентті болу, оларды өсіру жəне тəрбиелеу қажеттігі); 

шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық жəне қаржы 
пайдалану,  еңбекке  жарамсыздарға  қамқорлық  жəне  оларды 
материалды қамсыздандыру); 

тəрбиелеу  (отбасы,  оның  əрбір  мүшесінің  тұлғалық 
қалыптасуына  жағдайлар  жасау;  отбасы  ұжымының  өз  мүшелеріне 
жеке-дара  ықпал  жасап  баруы;  өмірлік  тəжірибе,  инабаттылық 
тəртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу); 

қарым-қатынас  құру  (коммуникативті – отбасы  ішіндегі 
қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен , жанұялармен, əлеуметтік 
топтармен байланысын ұйымдастыру); 


қайта  қалыпқа  келу  (рекреативті – бос  уақыттарындағы 
демалыс  іс-əрекеттерін  ұйымдастыру;  отбасы  мүшелерінің  күш-
қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету). 
Отбасы    тəрбиелік  қызметтерінің    іске    асуы  оның  ұлттық 
ерекшеліктеріне, əлеуметтік –мəдени салт-дəстүрлеріне жəне ол енген 
қауымдастыққа тəн талап-тəртіп ұстанымдарына байланысты.  
Тұлғаның  əлеуметтенуінде  жетекшілік  маңызға  ие  жалпыға  бірдей 
жағдаяттар  болады.  Олар:  туған  күнінен  бастап,  балаға  болатын 
үздіксіз 
де 
тұрақты 
ықпал; 
отбасыдағы 
қарым-қатынастың 
туысқандық,  сүйіспеншілік,  сенім,  өзара  жауапкершілік  сезімдеріне 
негізделуі;  ұрпақтан-ұрпаққа  тəжірибе  өткізуге  бағытталған  əрқилы  
деңгейдегі  отбасы  мүшелерінің  өзара  қарым-қатынасы  жəне  ықпалы. 
Өз балаларының ерекшеліктерін, қызығулары мен қажеттерін ескеруде 
ата-аналар мүмкіндіктері орасан. 
Отбасылардың  өздеріне  тəн  ерекшеліктеріне  орай  топтасуы 
төмендегідей: 
Құрылымы  бойынша  (мүшелер  саны,  жас  деңгейлері):  үш  əулетті 
отбасылар – ата-аналар, балалар, немерелер; екі əулетті отбасы- ата-
аналар жəне балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) 
отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз 
жəне  т.б.  отбасылар;  отбасы  тұрмысы  жəне  даму  жағдайларына 
байланысты  (жарасымды  жəне  қисыны  кеткен  жанұялар);  отбасылық 
тəрбие стиліне орай (əкімшіл, адамгершілікті, либералды). 
Əкімшіл  (авторитарлы)  отбасы – бала  қарсылығын  не  күйзелісі 
мен  селқостығын  туындататын  қаталдығы  шектен  тыс  талаптарымен 
сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, 
екіжүзділіктен  көрініп,  балада  қорқыныш  пен  қорғансыздық  сезімін 
пайда етеді. 
Адамгершілікті  қатынас  түрі  (стилі)  ата-аналардың  бала 
тұлғасына болған сыйластық, құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін 
қабылдауымен,  өзіндік  дербестігін  шектемейтіндігімен  еленеді. 
Мұндай отбасылар балалар датына құлақ түре алады, өз шешімдерімен 
баланы  тұсауламайды,  оның  шығармашыл  ынтасының  дамуына 
көмектеседі.  Бұл  отбасы  жағдайында  бала  өзін  жайлы  сезінеді, 
əрдайым  табысты  əрекет  қуанышына  бөленіп,  оны  ата-анасымен 
бөліседі,  олардан  қорықпайды,  керісінше,  ішкі  нəзік  сырларын  ортаға 
салып,  проблемаларымен  бөліседі,  кеңестерін  тыңдауға  асығады,  өз 
қадір мəртебесін сезінеді. 
Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін 
қайтармауға,  оның  жауапкерсіздігі  мен  өзімшілдігіне  бастау  береді. 
Балалар ата-аналарының əсіре сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе 
олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы 

екіжүзділікке,  менмендікке,  тəртіпсіздікке,  моральдық  жұтаңдыққа 
душар етеді. 
Өз  перзентіне  шынайы  қамқорлық  пен  сүйіспеншілік  шуағын 
арнаған  ата-ана,  негізінен  адамгершілікті  (демократтық)  стильді 
қолдана  отырып,  орынды  жерінде  əкімшіл  не  либералды    тəрбие  
элементтерін қолдануды да ұмытпайды. 
Отбасында тиімді тəрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан: 

баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет; 

балаға  əсер  ететіні  құрғақ  сөз  емес,  оның  қалай  айтылғаны, 
шын көңілден шыққандығы мəнді; 

баламен  қатынас  оның  жас  ерекшелігіне  сəйкес  болуы  шарт, 
сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды 
да ең қонымды тəрбие əдісін таңдап, қолдануға болады; 

баланың  не  айтқысы  келетінін  түсініп  алған  жөн,  асығыс 
қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс; 

жазаны істеген келеңсіз əрекеті үшін қолдануға үйренген жөн, 
баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оның 
қылығы жаман); 

бала  жөнінде  басқалар  (мұғалімдер,  көршілер)  тарапынан 
айтылған  сын  пікірлерден  қорытынды  жасаудан  бұрын  оның  өзімен 
əңгімелесіп, əрекетінің себебін анықтап, кейін шешім қабылдаған жөн: 
жұрт  алдында  өз  беделіңді  жоғалтамын  деп  шошынудың  қажеті 
шамалы, өз балаңның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау; 

балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал; 

өз  балаңызға  қанша  рет  «жоқ»  деп,  бетін  қайтаратыныңызға 
мəн  беріп  көріңіз,  содан  қорытынды  шығарыңыз.  Бала  ата-анасына 
түгелдей тəуелді; 

бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата-
анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ғана ұнатады. Бала 
табиғатынан ата-анасын сүйеді; 

баламен  өмір,  тұрмыс  жөнінде  жиі  сұхбаттасып  тұрған  жөн, 
себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды; 

баланы  қиындықтар  құрсауында  жападан  жалғыз  қалдыруға 
болмайды. 
Отбасы  тəрбиесінде  қолданылатын  басты  əдістер – бұл  өнеге-үлгі, 
бірлікті еңбек, іс-əрекет, əңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. 
«Мендей  бол!», «Мендей  істе!»  ұранымен  тəрбиелей  отырып,  ата-
аналар  өз  өнегесімен  қалай  жасау,  еңбектену  қажеттігін  үйретіп, 
сыйластық- сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасыда ешкім «мен енді 
сені тəрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бəрі: - 
баланы  қалыптастыруда  өз  үлесін  қосып  барады.  Балаға  болған 
қатынас,  ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, 

отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да 
тəрбие  үшін  арнайы  шарт,  жағдайлар  жасаудың  тіпті  де  қажеті  жоқ  –
тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік əдеп сақтап, өмір сүруді басты 
ұстаным етіп алу керек. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет