Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал


Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық тепе теңдік



бет8/53
Дата24.02.2022
өлшемі359,41 Kb.
#133031
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Байланысты:
treatise4937
ЛОР-тесты-4курс-на-каз, Силлабус (1), Дип.-БАСТАУЫШ-СЫНЫПТА-МАТЕМАТИКАНЫ-ОҚЫТУ-ПРОЦЕСІНДЕ-КОМПЬЮТЕРДІ-ПАЙДАЛАНУ, Гуситтер соғысы, Білім беру үрдісі, гылыми этика, Тіл біліміне кіріспе. Тест тапсырмалары
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық тепе теңдік.
Теориялық бөлім. Химиялық реакциялардың жылдамдығын білудің теориялық және практикалық маңызы зор. Теориялық маңызы − заттың құрылысы мен атомдардың арасындағы байланыстардың энергетикалық сипаттамасының заттардың реакцияласу қабілетіне әсерін анықтап, осыған орай үдерістің жүру механизмін ашып беруі. Практикалық маңызы − химия өнеркәсібінде өндірілетін заттардың мөлшерін арттырудың жолдарын күні бұрын біліп, оған қажетті қондырғыларды, аппаратураларды таңдап алуға мүмкіндік туғызуы.
Химиялық үдерістердің барысын уақытпен бағалап зерттейтін бөлімін химиялық кинетика деп атайды. Химиялық кинетика гомогенді және гетерогенді жүйелерде жүретін реакцияларды бөліп қарайды.
Жүйе деп сыртқы ортадан бөлініп алынған, реакцияға қатысты заттар орналасқан дүниенің бөлігін айтады. Жүйенің 3 түрі бар: ашық, жабық және жекеленген. Ашық жүйедегі заттар мен энергия басқа жүйеге ауыса алады, ал жабық жүйелерде заттар ауыса алмайды, олар тек энергиямен алмаса алады. Жекеленген жүйеде зат та, энергия да ешбір басқа жүйелерге ауыса алмайды. Ашық жүйелерге лабораторияда стол үстінде стаканда жүргізіліп жатқан, өзінен газ бөле алатын реакциялық қоспалар жатады, ал осы үдерістерді жабық ампулада жүргізсе, ол жабық жүйеде жүретін реакцияға жатады. Егер ампуланы космос кеңістігінде ұстасақ, жүйені қоршаған, онымен энергия алмаса алатындай сыртқы орта жоқ болғангдықтан, жүйе жекеленген жүйеге айналады.
Химияда ашық және жабық жүйелердегі үдерістер кездеседі, бірақ реакцияның жүру заңдылықтарын айқындау үшін тек жабық жүйелер қарастырылады.
Жүйелер гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді, бұлай бөлінуі олардың фазаларына байланысты. Фаза деп химиялық құрамы және қасиеттері бірдей, жүйенің қалған бөлігінен бөліну беті арқылы шектелген бөлігін айтады.
Гомогенді жүйе бір ғана фазадан тұрады, мұндай жүйеде жүретін реакция оның бүкіл көлемінде өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет