Білім берудегі инновациялық үдерістер жане оқытудың технологиялары



Дата03.06.2022
өлшемі1,76 Mb.
#145860
Байланысты:
Білім беру үрдісі
ЛОР-тесты-4курс-на-каз, treatise4937, Силлабус (1), Дип.-БАСТАУЫШ-СЫНЫПТА-МАТЕМАТИКАНЫ-ОҚЫТУ-ПРОЦЕСІНДЕ-КОМПЬЮТЕРДІ-ПАЙДАЛАНУ, Гуситтер соғысы, гылыми этика, Тіл біліміне кіріспе. Тест тапсырмалары

Білім берудегі инновациялық үдерістер
жане оқытудың технологиялары
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі – оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мүғалім шығармашылықпен жұмыстануы керек. Өйткені бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін ғана атқарса, ал қазіргі жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады.
Инновациялық технология – белсендіруді ұйымдастыру және басқаруды дамыту үрдісі. Оқытудың инновациялық технологиясы – педагогтың білім алушылармен амал әрекеттерді таңдауы оның нәтижесінде білімгерлердің оқуға деген мотивациясы түбегейлі артады.
Инновациялық білім беру құралдарына:
— аудио-видео құралдар
компьютер
— интерактивті тақта
— интернет
— компьютер – мультимедaялық құрал
— электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен инновациялық сайт және тағы басқалары жатады, бұны бір сөзбен айтқанда оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру — жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:
  • оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
  • оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кеенді түрде қарастыру;
  • оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
  • жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
  • оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың танымалдыққа ие:
  • Саралап оқыту;
  • Дамыта оқыту;
  • Деңгейлеп оқыту;
  • Шоғырландырып, қарқынды оқыту;
  • Модульдік оқыту;
  • Блок-модульдік оқыту;

Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.
Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет