Гомогенді реакцияның жылдамдығы деп кесімді уақыт ішінде жүйенің кесімді көлемінде реакцияға қатысатын немесе түзілетін заттың мөлшерін айтады.
ʋгом= ∆n/V∆τ,
мұндағы: ʋгом – гомогенді реакцияның жылдамдығы, V-жүйенің кесімді көлемі: мл, л; ∆n − реакцияға қатысатын немесе түзілетін заттардың мөлшері, ∆τ- кесімді уақыт: секунда, минут, сағат.
Гетерогенді рекцияның жылдамдығы деп кесімді уақыт ішінде фазаның кесімді бетінде реакцияға қатысатын немесе түзілетін заттың мөлшерін айтады. Егер фаза бетінің ауданын S десек, гетерогенді реакция жылдамдығы былайша өрнектеледі:
ʋгет=∆n/S.∆τ
Екі теңдеудегі ∆ таңбасы берілген шаманың өзгеруін көрсетеді.
Заттың молінің көлемге қатынасы молярлық концентрация екенін ескеріп (n/v=с немесе ∆n/ v =∆С), гомогенді реакцияның жылдамдығының теңдеуін былай жазуға болады:
ʋгом =∆C/∆τ.
Химиялық реакциялардың жылдамдығына әрекеттесуші заттардың концентрациясы әсер етеді, бұл заңдылық әсер етуші массалар заңымен өрнектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |