Баға белгілеу тәртібі және оны тағайындау кезеңдері


Заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі



бет6/6
Дата24.01.2023
өлшемі133,43 Kb.
#166238
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БАға белгілеу
үлгілік оқу бағдарлама, ПОСТЕРНАКОВА ДИС upd, 1.ПРЕЗЕНТАЦИЯ ( Геодезия пәні ), Станциялардағы маневрлік жұмыстар, 1 зертханалық жұмыс, оэит силлабус.doc, асирдп (2), Баға 2 лекция
5.2. Заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі
Бұл салық түрінің ерекшелігіне қарай өзінің белгіленген есептеу мен төлеу тәртібі бар. Атап айтсақ, салық төлеушілер салық заңдылығына сәйкес салық салу объектілерін әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді. Сондай-ақ салықты салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша бюджетке төлеуі қажет.
Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу үшін келесі көрсеткіштерді білу қажет.
Кесте 5.2. Көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мөлшерін анықтаудың көрсеткіштері



Көрсеткіштері

Қысқаша сипаттама және төлеу тәртібі

1

Жеңіл автокөліктердің двигатель көлемі (текше см)

Көлік құралының паспортындағы мәлімет бойынша анықталады. Салық төлеу үшін 1100-ді қоса және 4000-нан жоғары шек аралығына сәйкес келуі керек және осыған байланысты салық ставкасы 4 АЕК-тен 117 АЕК-ке дейін ауытқиды

2

Автокөліктің жүк көтергіштігі (тіркемелерді есептемегенде) тоннамен

1 тоннаға дейінгі қоса және 5 тоннадан жоғары шектерге қарай есептеледі, осы шек аралығына 6,0-ден 15,0 АЕК-ке дейінгі аралықта ауытқитын салық ставкалары белгіленеді

3

Автобустарда отыратын орын саны

Отыратын орынға қарай 12-ге дейінгіні қоса және 25-нан жоғары отыратын орындарға, 9,0-ден 20,0 АЕК-ке дейінгі реттелетін ставкалар бойынша есептеледі

4

Басқа да көлік құралдарының двигателінің қуаты (ат күшімен не киловатпен)

Қуаттың әрбір көрсеткішінен АЕК-тен процентпен

5

Түзету коэффициенттері

Пайдалану мерзімі соңғы пайдалану мерзімінен белгілі бір жылдар асқан автокөлік құралдарына қолданылады

6

Пайдалану мерзімі

Автокөліктің паспортында көрсетілген шығарылған жылына қарай есептеледі

7

Салық ставкасы

Автокөлік құралының түріне, пайдалану мерзіміне, шыққан жеріне (ТМД, шетел) байланысты

Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын 12-ге бөліп, оны көлікқұралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.
Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, салық сомасы мына тәртіппен есептеледі:
1) беретін тарап үшін:
салық кезеңінің басында қолда бар көлік құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;
салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;
2) алушы тарап үшін – салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңі есептеледі.
Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:
- көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың біреуі (келісім бойынша) есептеп, бюджетке енгізеді;
- көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиісті салық сомасын есептеу жоғарыда аталған тәртіп бойынша жүргізіледі.
Алу кезінде ҚР-нда есепте тұрмаған көлік құралын сатып алған кезде салық сомасы көлік құралына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың 1 күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептеледі.
Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралын мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі.
Салық төлеуші- заңды тұлғалар көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ көлік салығы бойынша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей, салық салу объектілерінің тіркелген жері бойыншасалық органына табыс етеді.
ТҮЙІН
Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.
Көлік құралдарына салынатын салық тікелей нақты салық болып табылады.
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу не оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері болып табылады.
ҚР-нда мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары, тіркемелерді қоспағандасалық салу объектілері болып табылады.
Мына көлік құралдары көлік салығының салық салу объектілері болып табылмайды:
- жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
- мамандандырылған медициналық көлік құралдары.
Салық төлеушілер салық заңдылығына сәйкес салық салу объектілерін әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді. Сондай-ақ салықты салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша бюджетке төлеуі қажет.
Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралын мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі.
Салық төлеуші- заңды тұлғалар көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ көлік салығы бойынша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей, салық салу объектілерінің тіркелген жері бойыншасалық органына табыс етеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет