Баға белгілеу тәртібі және оны тағайындау кезеңдері



бет4/6
Дата24.01.2023
өлшемі133,43 Kb.
#166238
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БАға белгілеу

Бағаның құралуы


Бағаның құралуы тауар өндіруші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасына, олардың мүдделерінің бір арнаға тоғысуына байланысты болады. Нарықтық экономиканың басты бөлу тетігі болғандықтан Баға экономика теориясындағы маңызды категория ретінде жан-жақты қарастырылып келеді. Алайда Баға туралы экономика ғылымында әлі күнге дейін ортақ тұжырым жасалмаған. Еңбек құны теориясын жасаушылар (А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс) пікірі бойынша, “баға дегеніміз тауар құнының ақшалай көрінісі”. Барынша пайдалылық теориясын (австриялық мектеп) жақаушылар Маркстің бұл пікірін біржақты, тек тауар құнын (еңбек шығынын) ғана есепке алған деп сынай отырып, Баға үшін тұтыну құнының да ерекше маңызды екендігін дәлелдеп берді, яғни оның екі түрлі сипатын, еңбек құны мен тұтыну құнына байланыстылығын анықтады. Бұдан Бағаға “тауар құндылығының ақшалай өлшемі” деп анықтама беруге болады. Мұнда Бағаның екі сипаты да толық қамтылады. Бірақ, бұл да Баға табиғатын толық аша алмайды. Себебі, Бағаға еңбек құны мен тұтыну құнынан басқа да факторлар (ұсыныс пен сұраныс, ақша айналымы, рынок пен өндірістің монополиялануы, бәсекенің дамуы және т.б.) әсер етеді. Баға проблемасымен қоғамның экономикалық, әлеумемтік және саяси мәселелері тығыз байланысып жатыр. Мұны кезінде Карл Маркс былай деп атап көрсеткен еді: “бүкіл капиталистік өндірістік процесс бағаның өніммен ара қатынасы арқылы реттеліп отырады” (Маркс К., Капитал, 3-т., М., 1982, 445-б.). Нарықтық экономика дамыған қоғамдағы экономикалық процестерді реттеуде Бағаның рөлі артады.

Баға түрлері[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Әлемдік экономикада нақты заман талабына сәйкес Бағаның көптеген түрі қолданылады. Олар меншік түріне қарай мемлекеттік (кесімді және реттелген) Баға және еркін (нарықтық) Баға; қоғамдық өндірістің жіктелуіне қарай өндіріс қоры Бағасы және тұтыну тауары бағасы; экономикалық айналым мен тауар қозғалысының сипатына қарай көтерме сауда бағасы және бөлшек сауда бағасы; транспорттық шығындарды келісе отырып бөлісуге байланысты өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) және тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы); қамтитын аумағына қарай әлемдік баға, аймақтық баға және жергілікті баға; статистикада қолдануына қарай базистік баға, ағымдағы баға, орташа баға, салыстырмалы Баға болып бөлінеді. *мемлекеттік баға — мемлекеттік органдар тарапынан белгіленетін баға. Оның екі түрі бар: кесімді және реттелетін бағалар.

  • Кесімді баға — мемлекеттің нақты көлемін бекіткен бағасы.

  • Реттелетін баға — мемлекет бекіткен ережеге сәйкес өзгеріп отыратын баға.

  • Нарықтық баға — сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына орай қалыптасқан орташа баға. Өндіріс қоры бағасы — өндіріс қоры құнының өзгерген мөлшері, ол тауар өндірісінің шығындары мен орташа пайдадан құралады.

  • Көтерме сауда бағасы — ірі көлемде сатылатын тауарлар бағасы. Әдетте, көтерме сауда Бағасы бөлшек сауда Бағасынан төмен болады.

  • Бөлшек сауда бағасы — жеке тұтынушылар үшін сатылатын тауарларға қойылған нақты баға

  • Өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) — сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісімшартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталатын баға. Бұл негізінен темір жолмен жүк тасымалдауда қолданылады. Сатушының белгілеген бағасының ішіне тауарды жеткізіп беру мен жөнелтілім стансасындағы тиеу — түсіру шығындары, т.б. кіреді. Тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы) — сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісім шартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталған баға. Келісім шарт бойынша сатушының міндетіне тауарды өз күшімен тиеп, белгіленген стансаға жеткізу және сондағы станса қоймасына түсіріп, жинап беру кіреді. Әлемдік баға — тауарлардың әлемдік рынокта қалыптасқан бағасы.

  • Аймақтық баға — реттелетін бағаның бір түрі. Ол белгілі бір аймақ шегінде қызмет етеді. * Базистік баға — тауарлардың тұтас және жекелеген топтары бойынша халықаралық сауданың (импорттық және экспорттық) бағасын анықтаған кезде негіз ретінде қабылданатын баға. Ағымдағы баға — белгілі бір кезеңде қызмет етуші баға мен тариф. Ол көтерме сауда Бағасы, сатып алу Бағасы, құрылыс Бағасы, кәсіпорындардың көрсеткен қызметі үшін төленетін Баға, т.б. түрлерге бөлінеді. Орташа баға — сатылған тауардан түскен түсімнің жалпы көлемін сатылған тауардың сандық мөлшеріне бөлу жолымен анықталатын баға. Салыстырмалы баға — жасалынған келісім шартқа сәйкес белгілі бір мерзімде, келісілген көлемде жеткізілген тауарлар бағасы. Ол, әсіресе, инфляциядан сақтану мақсатында жиі қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет