10 Лекция. Критериалды бағалау жүйесіне өту барысында ата-анамен ұйымдастыру жолдары.
Ата-анамен жұмыс жасау – мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қызметіндегі маңызды бағыттарының бірі. Өлшемдік бағалау технологиясы барысында бастапқы педагогикалық шараларға арнайы жұмыс ұйымдастыру қажет. Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі педагогика курсында кеңінен қаралған. Сонымен қатар, ата-ана жиналысының жылдық жоспарын жасауы қажет. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формаларын пайдалану. Ата-аналар жиналысының жоспарлары (Үлгі). Ата –аналарға арналған кеңестер. Ата-анаға арналған сауалнамалар дайындау керек.
Ата- аналарға: Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға; Баласының оқу үрдісін бақылай алуға; Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |