Білімді жеке тұлғаға бағыттау, білім мазмұнын байыта отырып әлемдік білім кеңістігіне ену үшін қазіргі таңдағы талап пен жаңаруларды ескере отырып әр сабақты жан-жақты ұйымдастыру мұғалімнің алдындағы басты міндет болып табылады.Осы тұрғыда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге үйрету, өз ойын жүйелі баяндай білу дағдыларын қалыптастыру, өз білім деңгейлерін бақылай алуы- басты мақсатымыз болып есептеледі.

Мұғалімнің еңбек жемісінің бүкіл нәтижесі, меніңше, оқушысының өз бетімен жұмыс істеуінен көрінеді. Бұған елімізде өткізілетін МАБ және ҰБТ сияқты бақылаулар мысал бола алады.
Мен көптеген жылдар бойы жоғары сыныптарда қазақ тілі және әдебиетінен сабақ беріп келемін. Сондықтан баланы зерттеуші, ізденуші, жаңашыл етіп оқытуымдағы кейбір іс-тәжірибеммен бөліскім келеді. Мемлекеттік стандарттағы белгіленген білім-білік дағдыларын меңгертуді ескеремін. Ең төменгі білім деңгейі-білім стандарты. Мұғалім материал әзірлегенде сыныптағы оқушының қабілетін өте жақсы білуі керек. Өйткені, тапсырмалар өз шешімін оқушы әлін тексергенде ғана табады.

Ең алдымен, өзіндік жұмысты ұйымдастырудағы кейбір шарттарды ескергеніміз жөн сияқты:
Ең алдымен, өзіндік жұмысты ұйымдастырудағы кейбір шарттарды ескергеніміз жөн сияқты:
өзіндік жұмыстың мақсаты айқын болуы ;
бала өзінің нәтижелі жұмыс атқаратынына сенімді болуы;
Тарихи орындар, орталық көрме залы, ескерткішті тамашалау, риза болу, өткенді ұмытпау, қуанышты оралу.
Мәтінді оқы да мазмұны бойынша сұрақтар әзірлеп, мәтін туралы өз ойларын қысқаша жазу, асты сызылған сөйлемдерді аудару т.б. сияқты тапсырмалар әзірлеймін.
1830 жылы Есіл өзенінің жағасында Ақмола бекінісінің ірге тасы қаланды. 1891-1893 жылдары Александр Невский соборы және үлкен мешіт салынып, кейін оларды атеист-революционерлер қиратып жойды. 1939 жылы қала Акмолинск деген мәртебе алып, облыс орталығы болды. Қала 1954-1956 жылдары тың игеру кезінде тез өсіп дамыды. Ақмолаға Мәскеу, Алматы, Ленинград қалаларынан сәулетшілер, құрылысшылар келіп, қалада үйлер, сарайлар салды. 1960 жылы Тың игерушілер аймағы болып, орталығы Ақмола-Целиноград деп өзгертілді. 1998 жылы Ақмола-Астана деген атқа ие болды.
Астанада ауылшаруашылық машиналар, химиялық жабдықтау зауыты, ет, нан комбинаттары, май және кірпіш зауыты бар. Сонымен қатар машина жасау, темір жол, құрылыс, сауда, малдәрігерлік техникумдар бар. Гумилев атындағы Еуроазия университеті республикаға таныс. Бұлардан басқа медициналық және педагогикалық училище бар.
1997 жылы 10-желтоқсанда Ақмола ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. 1998 жылғы 6-мамырдан Астана деп аталатын болды.
Мұндай тапсырма түрлері өте көп және олардың күрделілігі әр түрлі.
Мұндай тапсырма түрлері өте көп және олардың күрделілігі әр түрлі.
Мұғалім өзіндік жұмысты күн ілгері жоспарлағанда, алдына қойған мақсатын белгілегенде қандай нәтижеге жететінін, материалдың ауыр-жеңілін бағдарлайды. Жақсы оқитын оқушылар мен үлгерімі төмен оқушыларды есінде ұстаған жөн.
Қазақ тілі сабағында оқушылардың белсенділігін арттыру өздігінен жұмыс істеу барысында жүзеге асырылады. Жұмыс түрлерін жоғарыда көрсетілгендей түрлендіре отырып, оқу жұмысында, жалпы педагогиканың үрдісте оқытылушылардың логикалық ойлау қабілеттері дамытылады.
11 сыныптарда өткізілген ҰБТ-ге дайындық жұмыстарында өзіндік тапсырмалардың алатын орны ерекше екенін бүгінгі таңда бәріміз мойындауымыз керек. Мұның көрінісін мен төмендегідей нәтиже көрсеткіштерінен байқаймын.

Бұл жерде айта кететін бір жайт: интерактивті тақта орнатылған сыныпта сабақ өткізу өте ұтымды.
Интерактивті тақтада төмендегі жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады:
1. Жаңа сабақты меңгертудегі жұмыстар.
2. Шығармашылық қабілеттерін дамытатын жұмыстар.
3. Логикалық ойлауын, сөйлеу және жазба тілдерін дамыту жұмыстары.
4. Үй тапсырмасын тексерудегі тапсырмалар.
Бұл әдіс-тәсілдердің ұтымдылығын төменде берілген көрсеткіштер дәлелдейді:
Бұл әдіс-тәсілдердің ұтымдылығын төменде берілген көрсеткіштер дәлелдейді:
Ал бұл әдіс-тәсілдердің көбі оқушылардың өз бетімен жұмыс жүргізуін дамытатыны айдан анық.
А. Байтұрсыновтың пікіріне сүйенсек, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалім оқушыға білім жолында қысқа жолдарды көрсете отырып, қиналмай шамасына қарай жұмыс істеуге үйретуі керек. Егер біз оқушыны өз бетімен жұмыс атқаруға үйретсек, біз оқушының өмірдегі орнын таба білуіне, өмірге бейімделуіне көмектестік деген сөз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2002 ж.
Управление современной школой. Научно-практический журнал, №4, 2008 ж.