5 лекция: Жиынтық бағалау үдерісі
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі. Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.
Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістері, тапсырмалары анықталады, оны мектептер өз бетінше құрастырады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген: • жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша; • әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша; • тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға жататын оқу мақсаттарының саны пәндерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне мұғалім талдау жасап, осы талдау негізінде оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтап, оқушыға беретін кері байланыс әрекетін жоспарлайды. Кейбір жағдайларда мұғалім өзінің оқытуды ұйымдастыру үдерісін қайта қарап шығып, оқушыларды оқу жетістіктеріне жетелейтін оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды, оқытудың әдістәсілдерін дұрыс ұйымдастыруы қажет. Орындалған жұмыстың нәтижелері оқушы үшін түсінікті болып, оның ары қарай оқуына және алға ілгерілеуіне ынталандыра алатындай болуы тиіс. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін көрсетеді. Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда оның білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды екендігін ескерген жөн. Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері әдістемелік нұсқаулықтарда беріледі. Дегенмен әр мектеп жиынтық бағалау тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мұғалімге көмек ретінде жиынтық бағалаудың тапсырмалары жинақталған базасы да қолданылуы мүмкін. Оқу жылының басында мектептегі әдістемелік бірлестікте оқу жылына арналып жасалған бағалау жоспары әзірленеді. Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде мұғалімге оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттарына шолу жасап шығу ұсынылады. Бағалау оқу жоспарында анықталған оқу мақсаттарының меңгерілу деңгейін анықтайды.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, оқушылар мен ата-аналарын оқу жылының басында хабардар етеді. Тоқсандық жиынтық бағалау бір қатардағы барлық сыныптар үшін бірдей жағдайда ұйымдастырылады. Жиынтық бағалауды қайта орындау (көшіріп жазу) рұқсат етілмейді. Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, жақын туысқанының қайтыс болуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық ішкі жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады. Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бірнеше сыныптардың бір параллеліне арналған тест спецификациясына және балл қою кестесіне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалау жұмысының түрлері бірнешеу болады: тест тапсырмалары, сынақтар, бақылау жұмыстары, диктант түрлері, мазмұндама, эссе және т.б. Тест спецификациясы жиынтық бағалаудың негізгі мазмұнын көрсетеді және тапсырма құрастырудың негізі болып табылады. Әр пән және сынып бойынша тест спецификациясы келесі ақпараттардан тұрады: • тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты; • бағалау критерийлеріне шолу; • тоқсанның жиынтық бағалауына шолу: - тапсырмаларды орындаудың ұзақтығы; - тапсырманың құрылымы; - әр жұмысқа қойылатын балл саны; - балды сұрақтардың түрлеріне қарай бөлу. • тапсырмалар үлгілері; • балл қою кестелерінің үлгілері; • тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережелері. Жиынтық бағалауды өткізу Тоқсандық жиынтық бағалау бақылау жұмысы ретінде берілген, сондықтан бақылау жұмысы өтерге дейін материалдар оқушылардан қатаң құпия түрінде сақталғаны жөн. Олар жабық шкафта, оқушылар көре алмайтын жерде сақталуы тиіс. Тапсырмалар белгілі бір қызметкерлер кіруге ғана мүмкіндігі бар анықталған жерде сақталады. Жиынтық бағадауды негізінен мұғалімдер өткізеді, оқушылар жұмыстарын жазғанда, кабинетте тек бір мұғалім болуы мүмкін. Мүмкіндігінше, кез келген бос мұғалім жиынтық бағалауды өткізуде мұғалімге көмектесуі қажет, яғни көмекші бақылаушы рөлін атқарады және ол бас-бақылаушы мұғалімнен нұсқаулық алады. Жиынтық бағалау өткізу кезінде мұғалімдер және басқа бақылаушылар бағалауды тиісті деңгейде және тәртіппен өткізуді мұқият бақылаулары қажет, басқа іс әрекет жасамаулары өте маңызды (мысалы, дәптер тексеру, ноутбукте жұмыс жасау). Бағалау кезінде барлық мұғалімдер мен қатысқан бақылаушылар шапшаң және зейін қоятын мұғалімдер болуы керек. Тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары балл қою кестесімен сәйкестендіріле жасалады. Жиынтық бағалау өткізілген соң мұғалім балл қою кестесін қолданып балл қояды. Мұғалім барлық жауап үшін балл қойылып, нәтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізеді.
Негізгі әдебиеттер: 2-5; 11 Қосымша әдебиеттер: 14, 16, 18.
Достарыңызбен бөлісу: |