«БАҒалаудың Өлшемдік технологиялары» пәні бойынша Syllabus


Лекция. Оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу



бет21/41
Дата29.12.2021
өлшемі71,63 Kb.
#106173
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
bagalaud n olshemdik tehn (6)
inkluzivti bilim beru paninen sillabus
7 Лекция. Оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - білім сапасын басқарудағы негізгі критерий. Қазақстанда білім сапасын бағалау әлі де бақылаушы және басқару органдарының бақылау қызметі ретіндегі іс-әрекет болып отыр. Ол сыртқы бақылау–тестілеу, бақылау үзігі және аттестациялау, лицензиялау арқылы жүзеге асырылады. Білім сапасын бақылау сол оқу орындарының өзімен жүргізіледі. Атап айтқанда, оқушылардың күнделікті және жылдық үлгерімі, көшірілу және мемлекеттік емтихандар қорытындысы,оқу-тәрбие үрдісінің жеке параметрлерінің жағдайын талдау. Тек соңғы жылдары біздің мемлекеттің дүние жүзілік білім беру кеңістігіне енуіне байланысты. Шет елдің тәжірибені зерттеу және білім сапасын бағалауда білім сферасындағы салыстырмалы талдау жүргізу нәтижесінде белгілі бір жүйелілік қалыптасып,жаңа әдістер мен іс-әрекеттер қолданыла бастады.Осыған орай оқу мекемелерінің өзін-өзі бағалау процедуралары кеңінен енгізіле бастады. Сонымен қатар сыртқы бағалаудың жаңа түрлері енгізілуде, ол (4,9) сынаптардың мемлекетаралық бақылау (МАБ), орта білім берудің жеке деңгейлерінің аяқталуынан кейін оқушылардың академиялық білімдерін (МАБ) мемлекетаралық бақылау және орта білім мектептерінің түлектеріне арналған “Бірыңғай Ұлттық Тестілеу”(БҰТ) Дәстүр бойынша оқушының оқу жетістігі –меңгертілу деңгейі балдық бағалар мен бағаланатын білім, білік және дағдыларды жинақтау үрдісінде меңгерілетіндердің көлемінің өсуі, олар жалпы пән бойынша (жалпы пәнді оқытудан күтілетін нәтижелер ретіндегі пәндік құзыреттіліктер) және әрбір сынып бойынша (жеке оқу курстарын оқытудан күтілетін нәтижелер ретіндегі) білім, білік және дағдылар тізбесі көрініс береді. Білім сапасын бағалау үшін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мен олардың белгіленген стандартқа сәйкестілігі пайдаланылады. Шындығында, білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді, яғни бағалау –білім саапасын басқарудағы негізгі критерий. «Оқушы жетістіктері» ұғымы білімнің құндылығы мен мақсатына және оның мазмұнына өзара байланысты. Оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштерін анықтау үшін немесе бағалау үшін диагностикалау қажет. Диагностикалық іс-әрекет бақылауды, тексеруді, бағалауды қамтиды. Диагностикаланатын мақсаттар мен оқыту нәтижелерінің тепе –теңдігі оқыту сапасының критерийі, ал оның көрсеткіші оқушылардың оқу материалын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жетуі болып табылады.Бағалау жүйесінің обьективтілігіне диагностикалық маңыздылығына көңіл бөлінуі қажет.

Оқушының оқу жетістігін өлшеу дәлдігі оның білімдік жетістіктерімен тұлғалық жетістіктерінің сапасына әсер ететінін байқауға болады. Ол үшін оқушының оқу жетістіктерінің өлшеуіштері мазмұны мен құрылымы жағынан ұтымды тыңдалуы тиіс. Өлшеуіштерге оқушы жетістіктерінің сапалық және сандық сипатының алдын ала берілген параметрлері білім салалары бойынша оқушылардың оқу дайындықтарының деңгейін айқындайтын құралдар мен тәсілдер жатады. Педагогикалық өлшеуіштер тәсілдерінің ішінде ең көп тарағандары бақылау, білімді ауызша тексеру формасы, білімді тексерудің жазбаша формасы, интервью түріндегі әңгімелесу, сауалнама т.б. Оқытудың әрбір сатысы бойынша анықталған нәтижелерге оқушылардың жетуін, жетістіктерін бағалау мақсатында қорытынды бақылау жүргізу үшін бақылау жұмыстары, тест формасындағы тексеру құралдары жасалады. Ал оқушылардың білім салалары бойынша интеграцияланған оқу жетістіктерін, яғни білімдік оқу жетістіктерін сүзгіден өткізу өлшеуіш- тапсырмалар жүйесі арқылы жүзеге асырылып, бағаланады. Ішкі жиынтық бағалау – оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау. Ішкі қорытынды бағалауды педагогтар немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады. Сыртқы жиынтық бағалау – бастауыш мектепте (5сынып), негізгі мектепте (10-сынып), жоғарғы мектепте (11-12 сынып) оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды. Қорытынды жұмыстарға қойылған баға, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады. Оқушылардың жетістіктері туралы есеп – оқушы бойында қандай біліктің қалыптасқандығын, сондай-ақ алған білім-біліктілігін іс жүзінде қалай қолданатындығын көрсететін, белгілі бір кезеңдегі ақпарат. Портфолио – оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңде, бір немесе бірнеше пән бойынша жетістігін, ілгерілеушілігін, оқытудағы нәтижесін көрсететін жеке жетістіктер бағасын тіркеу әдісі. Портфолио критериалды жүйені енгізуде оқушы нәтижелерін шынайы және әділ бағалау мақсатында енгізіледі.

Модерация – шынайылық пен әділдік үшін бағалауды стандарттау мақсатында бір пәннен беретін мұғалімдердің бір сынып оқушыларының қорытынды жұмысын талқылау процесі. Модерация білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Баға қою механизмі Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелері электронды тіркеу журналына жазылуы керек. Балл мен баға есебі электронды журналда автоматты түрде есептеледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалаудың электронды тіркеу журналында қойылған нәтижелері талдау жүргізу үшін ақпарат беріп, сабақ беру практикасын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 6, 8,9. Қосымша әдебиеттер: 11, 14, 16,18, 19.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет