8 Лекция. Өлшемдік бағалау технологиясының концептуалды негіздері
Зияткерлік туралы қазіргі зерттеулер: зияттың қырлары.
Табиғат немесе тәрбие.
Жадыны түсінудегі соңғы жетістіктер.
Қысқа мерізмді жұмыс жадысы және ұзақ мерзімді жады.
Оқудың ынталандырушы және аффектік теориялары.
Өзін-өзі бақылау.
Оқудың әлеуметтік-мәдени теориясы.
Жақын арадағы даму аймағы.
«Көпіршілер» және олардың ЖАДА-ға қатынасы.
Адамдардың қалай оқитынын түсіну: «теориялық экспедициялар». Оқу үдерісі туралы психологияда арнайы әдебиетте осы нысанды зерттеушілердің негізгі үш тобы анықталған: әлеуметтік психологтар, ынталандырушы, аффекттік теоретиктер және когнитивті психологтар. Осы зерттеуші топтарды бейнелеу үшін «тауға көтерілу» аналогиясын пайдалана отырып, бұларға жақын арада мидың оқуды қалай бақылайтынын түсіну мақсатында инвазивті емес әдістерді қолданатын нейроғылым өкілдері тобы қосылған деген болжам жасауға болады.
Бұл «теориялық экспедицияның» өн бойында ең ұзақ болатын топ –когнитивті теоретиктер. Бұл теорияның өкілдері – когнитивті психологтер белгілі бір материалды қабылдауға қатысты адамдардың санасында болып жатқан үдеріс мәселелерін зерттейді. Танымдық үдерістерді (есте сақтау, қабылдау), зиятты және даму кезеңдерін анықтауға арналған қазіргі заманғы және ертеде жарияланған зерттеу әдебиеттері жеткілікті. Қазіргі заманғы неврологиялық әдістерді пайдалануға және жеке тұлғаның жалпы оқуына қатысты мәселелерге баса назар аударыла бастауына байланысты, осы теориялардың кейбіреулерінің дамып, өрістеуіне жол ашылды. 1960 жылдары когнитивті психология әлемінде ойлауды дамыту теориясы тұрғысынан Жан Пиаженің ғылыми идеялары жария болды.
Достарыңызбен бөлісу: |