Бағалаудың теориялық аспектілері Критериалды бағалау қағидаттары



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі11,46 Mb.
#93279
  1   2
Байланысты:
1-дәріс презентациясы

Бағалаудың теориялық аспектілері Критериалды бағалау қағидаттары

  • «Математика» пәнінен бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау»
  • Критериалды бағалаудың мәні мен маңызы
  • Бағалау - оқытудың
  • ағымдағы және қорытынды кезеңдеріндегі оқушылардың үлгерімі туралы ақпаратты жинау мен талдауды білдіретін білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі
  • КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
  • оқушының жеке тұлғасы емес, оның орындаған жұмысы бағаланады
  • оқушының жұмысы оларға алдын ала белгілі бағалау критерийлері бойынша бағаланады
  • баға оқушылардың нені оқығанына қарай қойылады, себебі бағалау критерийлері нақты оқу мақсаттарын сипаттайды
  • Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау оқыту, оқу мен бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген және оқу процесін ұйымдастыруға бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етеді.
  • Б. Бойл, М.Чарльз, 2010
  • Критериалды бағалаудың мәні мен маңызы
  • КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
  • бағалау критерийлері негізінде білім алушылардың оқу нәтижелері туралы объективті ақпарат алу және оны оқу процесін одан әрі жетілдіру үшін барлық мүдделі қатысушыларға ұсыну
  • КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ:
  • 1. Білім беру процесіндегі бағалаудың мүмкіндігін және қызметін кеңейту;
  • 2. Жүйелі кері байланыс арқылы оқушылардың үнемі өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау;
  • 3. Бірыңғай стандарттарды, бағалаудың сапалы механизмдерін және бағалау құралдарын қалыптастыруға ықпал ету;
  • 4. Ақпаратты түсінікті, нақты және үздіксіз түрде ұсыну:
  • оқушыларға – оқу сапасы туралы ;
  • мұғалімдерге – оқушылардың оқу жетістіктері туралы;
  • ата – аналарға – балалардың оқу нәтижелеріне қол жеткізу деңгейі туралы;
  • басқару органдарына – білім беру қызметінің сапасы туралы.
  • оқу бағдарламасына сәйкес дағдыларды дамытуды, білім алу дәлелдерін жинақтауды, оқу мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді
  • Білім алушылардың оқу жетістігін КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
  • жүйесі
  • білім алушылардың үлгерімін, ілгерілеуін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін қалыптастыруға бағытталады
  • оқыту мен бағалаудың тұтастығына негізделеді
  • оқу бағдарламасының мазмұны негізіндегі әр сынып үшін пән бойынша бағалаудың түрлі формалары мен тәсілдерін қамтиды
  • Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме
  • Кері дизайн
  • Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы
  • Қалыптастырушы бағалау теориясы
  • Жақын арадағы даму аймағы
  • Скаффолдинг теориясы
  • Білімді толық меңгеру теориясы
  • Оқу мақсаттарының таксономиясы
  • 01
  • 02
  • 03
  • Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме
  • Құзыреттіліктің үш санаты:
  • құралдарды интерактивті қолдану:
  • сөйлеу, символдар мен мәтіндер; білім мен ақпарат; технологиялар.
  • әркелкі топтарда әрекет ету: басқалармен жақсы қарым-қатынаста болу қабілеті, командамен жұмыс жасау және ынтымақтастық, шиеленісті шеше білу және басқару.
  • өз бетінше әрекет ету: көріністі жан-жақты көре білу және әрекет ету қабілеті, жеке жобалар, өмірлік жоспарларды қалыптастыру, жүзеге асыру, қажеттіліктер мен нормаларды, қызығушылықтарды, құқықты сақтап қалу, қорғау.
  • Оқу бағдарламасын меңгеру бағалау критерийлерін бақылау, өлшеуге қатысты берілген оқу мақсаттарына жеткенін айғақтайтын нақты нәтижелер арқылы бағаланады.
  • Кері дизайн
  • Білім беру процесін (оқу бағдарламасын) жоспарлаудың үш кезеңі
  • 1-кезең
  • Мақсаттар мен күтілетін нәтижелерді анықтау
  • 2-кезең
  • Қолайлы дәлелдерді анықтау
  • 3-кезең
  • Оқуды және білім алушылардың нәтижеге жету процесін жоспарлау
  • Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы
  • Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясына сәйкес білім алушылардың ойлауын дамыта оқыту түрлі дереккөздерден (мұғалім, құрдастары, оқу ресурстары) «алынған» білімнің «бар болуын» өзара әрекеттестіріп, социуммен үйлесімді қарым-қатынас орнату арқылы қамтамасыз етеді,
  • «мүлдем жаңа» білім ортасын құрады.
  • Бағалау әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясының идеяларына негізделген, ол түрлі елдерде кеңінен қолданылып жүрген қалыптастырушы бағалауды тәжірибеде жандандыруға мүмкіндік береді.
  • Жақын арадағы даму аймағы
  • Жақын арадағы даму аймағы - баланың даму деңгейі, яғни қандай тапсырманы ол өз бетінше орындай алатынын және үлкендермен, өз құрдастарымен жұмыс жасай отырып жете алатын әлеуетті даму деңгейі арасындағы айырмашылығын білуін анықтайды
  • Скаффолдинг теориясы
  • Скаффолдинг (көпіршелер тұрғызу) – білім алушыға жақын арадағы даму аймағымен жүруіне және өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға көмектесу үшін мұғалім көрсететін интерактивті қолдау .
  • Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және нақты бағалау жүйесін іске асыру
  • Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру
  • Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру
  • Білім алушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға, басқару органдарына объективті, үздіксіз және нақты ақпарат беру
  • Критериалды бағалау жүйесі
  • Критериалды бағалаудың құрылымы
  • Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлер мен құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар.
  • Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу процесіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
  • Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз процесс болып табылады.
  • Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады
  • Дамытуға бағытталуы. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады
  • Оқыту мәдениетіндегі бағалау
  • ОҚЫТУ
  • БАҒАЛАУ
  • Білім берудегі бағалау – бұл...
  • «білім берудегі мүдделі болып табылатын өзекті мәселеге қатысты оқушының деңгейін анықтауға бағытталған формалды әрекет»
  • (Popham, J., 2014, Classroom Assessment [7th ed.], p. 513)
  • «… оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу үшін кері байланыс ретінде қолдануға арналған ақпарат беретін мұғалімдер мен оқушылардың өзін-өзі бағалауға бағытталған барлық іс-әрекеттері»
  • (Black & Wiliam, 1998, Inside the black box:Raising standards through classroom assessment
  • Оқыту мәдениетіндегі бағалау
  • «Бағалау мазмұнын жетілдіру маңызды болғанымен, бұл бағалаудың
  • оқыту деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етуі үшін жеткіліксіз».
  • (Shepard, 2000, p. 10)
  • Оқыту мәдениетіндегі бағалау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет