Қалыптастырушы бағалауоқу процесінің ажырамас бөлігі болыптабылады, оқу процесі барсында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіледі. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен оқушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушылардың қателесуге және оны түзетуге мүмкіндігі бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу процесін түзетуге мүмкіндік береді.
Тиімді оқу және оқыту мақсатында білім алушылардың оқу процесіндегі ілгерілеуін, ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Оқу бағдарламасындағы әр бөлімнің оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды.
Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау процесі стандартталмайды, яғни әр мұғалім қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы өзінше анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімдердің қалыптастырушы бағалаудың әр түрлі әдістерін қолдануы оқыту мен бағалау процесін байланыстырып, кіріктіруге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалаумұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін балл, баға қою арқылы оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар, белгілі бір оқу кезеңі (мысалы, оқу тоқсаны, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.
Бұл белгілі бір кезең бойынша оқушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге, жоспарлау, түзету, оқу процесіне талдау жүргізу үшін жиынтық бағалау нәтижелері бойынша алынған ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады.
Жиынтық бағалау құралдары ойлау дағдыларының әр түрлі деңгейін, соның ішінде талдау, жинақтау, бағалауды қамтитын жоғары ойлау дағдыларын тексеретін деңгейлі тапсырмалардан тұруы қажет.
Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы жетістігінің белгіленген оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқу процесін жоспарлау, рефлексия жасау және, өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.
Егер қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы немесе сабақтағы іс-әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделсе, ал бөлім бойынша жиынтық бағалау процесі білім алушының белгілі бір бөлімді аяқтауы бойынша жинақтаған білімі мен дағдыларының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқушылардың тоқсан көлемінде белгіленген оқу мақсаттарын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі.
Бағалау барысында бағалау қағидаттарын сақтау маңызды. Критериалды бағалау жүйесі бірқатар қағидаттарға негізделеді: