Бағдарлама аясындағы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері.
Сакипкалиева Д.Н.
Есенсай орта жалпы білім беретін мектебінің
математика пәні мұғалімі
Ақжайық ауданы
Мұғалімнің басты мақсаты-оқушыға қажетті білім берумен шектелмей алған білімін керек уақытында қолдана білуге үйрету. Осы мақсатта оқушыға дайын ақпаратты бермей, оны өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге үйрету қажет. Ол үшін әр ұстаз оқытуда білім берудің озық тәсілдерін қолдануы керек. Осы орайда еліміз мұғалімдердің біліктілігін арттыруда Кембридж университетінің әдіс-тәсілдерін меңгертуді мақсат етіп отыр. Білім беру жүйесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыруда енгізілген Кембридж университетінің әдістерін еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұғалімдер оқып ,жаңа әдістерді өз тәжірибелеріне енгізу үстінде.
Кембридж бағдарламасының негізігі міндеті-сындарлы оқыту болып табылады. Бағдарлама мазмұнының оқыту әдістері заманауи идеялардың жеті негізгі модулі түрінде берілген:
білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер ;
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау;
білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
талантты және дарынды балаларды оқыту;
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Білім беру-кешенді үдеріс. Егер мұғалім сындарлы оқытуда негізінен бағыттаушы болса, оқушылар өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, білімін толықтырып отырып, пікір талас жүргізіп, өз болжамдарына сыни тұрғыдан қарап әлем туралы түсініктерін жетілдіретін болады. Осы типтегі сабақтардың материалдары сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Осы жеті модульде қарастырылатын идеялар сабақта пайдаланатын жекеленген стратегиялармен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Бұл модульдер арқылы оқыту нәтижесінде оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, ынтасы жоғары, өзіне сенімді, сыни көзқарастары жүйелі дамыған, ақпараттық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуына көмектеседі.
Қайсыбір мұғалім болсын, сыныптың сабаққа қызығушылығын ояту үшін түрлі әдістерге жүгінеді. Мұғалім сұрап, оқушы жауап беретін бір сарынды дәстүрлі әдістегі сабақтар баланы жалықтырып,пәнге қызығушылығын төмендетіп,білім сапасына да әсер ететіні сөзсіз. «Дәстүрлі» әдіс арқылы білім беру кезінде оқушылар бойында механикалық есте сақтау орын алып,үстірт білім алу жағдайлары көрініс табады. Ал сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Біз мұғалімдер қауымы үшін маңызды дүние оқушылардың түсінігін жетілдіру мен жақсарту жолдарын дұрыс таңдай білу. Егер өз ісімізге сенімді болсақ, бұл оқыту ұдерісіндегі іс-әрекетімізге оңтайлы әсер етеді. Біздің басты мақсатымыз жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқыту нәтижесін жақсарту болып табылады. Шульманның пікірінше мұғалімде кәсіби түсінік, оқытудың тәжірибелік дағдылары, кәсіби тұтастық қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып табылады. Әрине, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.
Қазіргі өркениетке ілесетін адам өмір бойы білімге құштар болуы керек. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. «Кембридж тәсілдеріне негізделген» бағдарлама арқылы білімімізді жетілдіріп, Қазақстанның болашағы саналатын жастарды тәрбиелесек, үлкен жетістіктің бірі деуге болады.
Бағдарламаның негізігі мақсаты қазіргі заманауи әдіс-тәсілдеріміздің барлығын тәжірибемізбен ұштастыру.
Жаңа әдіс ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйрету» қарастырылып отыр.
Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуметімен ерекшеленеді. Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп,басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады. Бұл мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша, диалог пен ауызекі немесе интерактивті оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданылатын «диалектика» элементі. (Wolfe and Alexander,2008) [1].
Диалог негізінде білім беру оқушының ой-пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектеседі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірбесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. Мұғалімдер мен оқушылар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін , мақсатқа жету өлшемдерін түсінуге не үшін керек екендігін білу маңызды.
Курс бағдарламасынан алған білімімді практикаммен ұштастырғанда жеті модулдің бір-бірімен тығыз байланыста екенін түсіндім. Бағдарлама мақсаттарына сүйеніп, математиа пәнінен сабақ беруде, өзімнің сабақ беру әдістерімнің өз қырынан өзгергенін байқадым.
Мысалы,мен өз сабақ беретін сыныптарымда оқушылардың ең алдымен психологиялық дайындық жасап алып,сабағыма кірісемін. Сабағымды бастарда:
-Сәлеметсздерме?
Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Топтасып,жұптасып,жеке жұмыс істеуге дайынсындарма?
Сабақ бастауға дайынсыздарма?
Үйренуге дайынсыздарма?
Жаңалыққа дайынсыздарма?
деген сұрақтар қойғанымда оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, сабақты белсенді бастауға мүмкіндік берді.
Сабақтарымда диалогтік тәсілмен оқытуды және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің әдістерін кеңінен қолданамын.
Мысалы, 9 сыныпқа өткізген «Арифметикалық прогрессияны тиімді қолданып есептеу» сабағымда сыни тұрғыдан ойлау, Блум таксономиясы әдістерін кеңінен қолдандым. Сабақты Блум әдісі бойынша жүргізіп отырдым. Сабағымда «Сен жас кәсіпкер болсаң ...» оқушылардың жауабы тыңдалады. Сонымен кәсіпкерлікті дамыту үшін қаншалықты шығын, шикізат құнын, сапасын, мөлшерін есептеу қажет болады. Сондықтан сабақтың мақсаты: арифметикалық прогрессияны тиімді әдіс қолданып, есептеуді үйренді және өз ойларын ашық айтуға дағдыланды. Сонымен қатар әр топқа «Жайық таңы» газетінен «Отбасылық бизнестің 100 түрі» тақырыбының ішінен өздеріңе кәсіптің түрін таңдауларыңыз керек. Сіздер интернет арқылы кәсіпкерлікке арналған мағлұматтарды таба аласыздар. Мына берілген сілтемелерге:
http://www.fugl.ru/domashnyaya-ptitsia/indeika/porody-indukov.html
http://www.dekret.ru/obraz/kislomoloko.html
http://www.russianfood.com/recipes/recipe.php?rid=114259
еніп көріңіздер деп ұсынған болатынмын.
Менің бұл жерде байқағаным сабақта оқушылар диалогті оқыту, сыни тұрғысынан оқыту модулдерін басшылыққа ала отырып, өз ойларын алдымен топта әңгімелеп жинақтап,іздестіріп алып, сосын бір пікірге келіп постермен қорғап жатты. Оқушылардың бір-бірімен пікір алмасуы, яғни диалогтің орын алуы сабаққа деген өызығушылықтарын арттырды. Соның ішіндегі дарынды және талантты балалардың көзқарастарына, түсініктемелеріне сыни тұрғыдан қарап, өз ой-пікірін ашық айта алатын қабілеті орташа балалардың белсенділігі байқалды.
Курс бағдарламасының идеяларын қолданғанда тағы бір ескеріп өтетін жайт сыныптағы диалогтік әңгіменің болуы оқушының сыни тұрғыдан ойлауға, білім берудегі басқару және көшбасшылыққа үйретеді. Сондықтанда өз сабақтарымда бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастырып, жасерекшеліктеріне сай өлшемдерді және тапсырмаларды қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді жөн көрдім. Мысалы, басқада сыныптарға өткізген сабақтарымда «джигсо», өкіл», «тв шоу», «оқушы-мұғалім», «аквариум» тәсілдерін кеңінен қолданамын.
Қорыта келе түйгенім: Мұғалім әр сабағына және өзіне рефлексивті есеп бере отырса жұмыс жасау қарқыны жақсарып жанданады. Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады. Білім берудің қазіргі таңдағы тиімді әдістерінің дәстүрлі білім беруден артықшылықтары мол. Жаңа әдістерді пайдалана отырып біз: оқушылардың өз бетінше дамуына, оқушы мен оқытушы арасында байланыс орнатуына, оқушының жан-жақты ізденуіне, оқушының өзін және өзгені бағалауына, өз ойларын жетік айтуына қол жеткіземіз деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиетттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық. (ІІІ деңгей)
«Математика және физика» оқу-әдістемелік журналы
«Математика» оқу әдістемелік журналы
Облыстық конференцияға қатысу туралы сұраныс
1. Аты-жөні – Сакипкалиева Данна Нурталиповна
2. Жұмыс орнының толық атауы – Есенсай орта жалпы білім беретін мектебі.
3. Лауазымы, санаты, пәні – ІІ санатты математика пәні мұғалімі,
4. Аудан кодымен бірге байланыс телефоны- 8-711-36- 91-4-38
5. E-mail – s.dana_84@mail.ru
6. Баяндама атауы – «Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері»
7. Таныстырылым атауы – -
Достарыңызбен бөлісу: |