Бағдарлама



бет3/4
Дата19.09.2023
өлшемі38,82 Kb.
#181527
1   2   3   4
Байланысты:
Факультатив 11 сынып матсауаттылық-1

Пәнаралық байланыс: физика, жаратылыстану, география, геометрия, қазақстан тарихы
Бағалау мен бақылау түрі: жеке және топтық жұмыс; лекция; тест алу; іскерлік ойындар.
Сағаттар саны: 34
Оқу курсының тақырыптық мазмұны

1. «Сан» тарауы сандық сәйкестіліктер мен заңдылықтарды қарастырады. Бұл тарауға сандық түсініктер, аудан мен көлемді есептеп шығару, ауызша санау ұғымдары, жуық есептеулер мен математикалық операциялардың мәнін түсіну жатады. Бұл тарау арифметикамен тығыз байланысты болады. Бұл математикалық тараулар түрлі мәнмәтіндерде (контекстте) беріледі: адамның өз өміріне (жеке), кәсіби қызметіне байланысты (кәсіби), қоғаммен байланысты (көпшілік) есептер, ғылымға бағытталып (ғылыми) берілетін есептер. Осылардың негізінде математиканың қазіргі өмірде атқаратын рөлі көрсетіледі. Сағат саны: 3


2. «Теңдеу» тарауы теңдеулер мен тәуелділіктерді ұарастырады. Бұл тарауда мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығарамыз. Бір айнымалысы бар сызықты теңдеулерді қолданып, өмірмен байланысты әртүрлі есептерді шығарып қарастырамыз. Сағат саны: 6


3. «Өзгерістер және қатынастар» саласы алгебрамен тығыз байланысты. Бұл салада әр түрлі үдерістердегі айнымалылар арасындағы тәуелділіктерді математикалық тұрғыдан сипаттауға берілген тапсырмалар қарастырылады. Бұл тарау эквиваленттілік, бөлінгіштік сияқты ұғымдарды қамтиды. Қатынас математикалық мағынада түрлі тәсілдер: формулалар, графиктер, кестелер арқылы көрініс табады. Сағат саны: 7


4. «Кеңістік және форма» тарауы кеңістіктік және жазықтық геометриялық


формалар мен қасиеттерге қатысты. Бұл тараудың басқа атауы – «геометрия». Бұл жерде формаларды түрлі көріністер мен өлшемдерде тану, олардың ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықтау, сонымен қатар нысандардың қасиетін түсіне білу тапсырмалары қарастырылған. Сағат саны: 10
5. «Анықталмағандық және мәліметтер» тарауына ықтималдық пен
статистикалық сипаттағы сұрақтар жатады. Бұл тарауды сонымен қатар ықтималдықты есептеу және статистика деп атауға болады. Сағат саны: 8




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет