Бағдарламаға шолу


ТАҚЫРЫПТЫҚ – КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР



бет4/10
Дата13.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#125626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Arduino МАЗМУН (2)

ТАҚЫРЫПТЫҚ – КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР






р/с


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі күні, айы, жылы

1 тоқсан. 1 тарау.




1.

Arduino микробақылаушысымен қалай жұмыс істеу керек

кіріспе


1




2.

Arduino деген не. Arduino әзірлеу ортасы. Arduino IDE

алғашқы қадамдары.



1




3.

Arduino платформасымен танысу. Arduino Uno және Mega

ADK


1




4.

Практикалық тапсырма: Arduino UNO - кірістірілген LED

лампасының жыпылықтауы және кітапханалар



1




5.

ЕИМ. Arduino-тағы жады.

1




6.

Айнымалылар мен функциялары. Arduino кітапханалары

1




7.

Arduino UNO - батырмасын қосу

1




8.

Практикалық тапсырма: Arduino UNO - батырмасын қосу

1




9.

Практикалық тапсырма: Arduino UNO - Тайминг

1




10.

Тоқтатулар. Қозғалтқыштарды басқару

1




11.

Практикалық тапсырма: Сервожетекті басқару

1




12.

Arduino UNO - LCD экраннын қосу

1




13.

Практикалық тапсырма: Arduino UNO - LCD экраннын

қосу


1




14.

Есептеу және жарық, дыбыс және қозғалыс тетіктерін

қосу


1




15.

Аралық сынақ

1




16.

Arduino UNO - жарық тетіктерін қосу

1




17.

Практикалық тапсырма: Arduino UNO - жарық тетіктерін

қосу


1




18.

Arduino UNO - дыбыс тетіктерін қосу

1




19.

Практикалық тапсырма: Arduino UNO - дыбыс тетіктерін

қосу


1




20.

Arduino UNO - қозғалыс тетіктерін қосу

1




21.

Практикалық тапсырма: Arduino UNO - қозғалыс

тетіктерін қосу



1




22.

Қашықтықтан өлшеуішті және жарық тетіктерді қосу

1




23.

Arduino UNO - түс тетігін қосу

1




24.

Практикалық тапсырма: Arduino UNO - түс тетігін қосу

1




25.

Arduino UNO - Жылжымалы от

1




26.

Практикалық тапсырма: Arduino UNO - Жылжымалы от

1




27.

Arduino UNO - қашықтықтан өлшеуішті қосу

1




28.

Практикалық тапсырма: Arduino UNO - қашықтықтан

өлшеуішті қосу



1




29.

Arduino UNO - Fade-әсері

1




30.

Практикалық тапсырма: Arduino UNO - Fade-әсері

1




31.

Arduino UNO - Түнгі шам

1




32.

Практикалық тапсырма: Arduino UNO - Түнгі шам

1




33.

Өткен материалды шолу.

1




34.

Қорытынды тест

1




Барлығы 34 сағат







Курстың жалпы сипаттамасы «Аrduino платформасы»
«Arduino платформасы» өзімен математиканың, физиканың, информатиканың, технологияның, инженерияның және басқа негіздердің өзара бірігуін қарастыратын тәртіпаралық элективті курсты ұсынады. Осы курс - оқушылардың ғылыми-техникалық бағыттағы жеке білімдік мүдделерін қанағаттандыратын ең маңызды олардың шығармашылық әлеуетін толығырақ ашатын механизмдердің бірі және меншікті білім беру бағдарын құру және жасөспірімдердің кәсіби өз тағдырын өзі шешуге арналған құрал болып табылады.

Arduino деп аталатын ашық жоба бар. Бұл жобаның негізі - мамандандырылған тілде контроллерге арналған код жазуға болатын базалық аппараттық модуль және бағдарлама және бұл модуль қосуға және бағдарламалауға мүмкіндік береді.

Модуль роботтарды, және де автоматика құрылғыларын, және құралдарды жасау мүмкіндігін бере отырып, түрлі орындаушы құрылғылармен оңай жалғанады.

Кез келген роботтың мәні - бұл процессорлық базасы бар аппаратты құралдар және бағдарламалар (немесе бағдарламалар жиынтығы). Сондықтан бағдарламалау тіпті ең қарапайым роботты жасау процесінің ажырамас элементі. Arduino модульін бағдарламалауды үйрене отырып (ал бағдарлама модульдарды қолданудағы барлық салаларға қатысты мысалдардың орасан жиынтығы болып келеді), оқушылар роботтарға жататын қызықты және пайдалы электронды құрылғыларды жасауға дайын болады. Курс тіпті орта буын оқушыларына қол жетімді қарапайым жобаларды жасаудан басталады және оқушылар қызықтырғыш Arduino жобасымен таныса отырып, роботты құрылысты өз болашағының мамандығы ретінде таңдауы мүмкін.

Оқу курсы аудиторлық сабақтарды және (мүмкіндігінше) оқушылардың өздік жұмыстарын енгізеді. Курс физика-математика және ақпараттық технологиялық бейіндер сыныптарында оқушыларды бейіндік дайындау үшін пайдаланыла алады. Толық емес көлемдегі курс сондай-ақ бейінді емес сыныптарда информатика және технологияны оқыту кезінде пайдаланыла алады.

Курс сонымен қатар жоғары деңгейдегі тілде бағдарламалаудың негіздерімен танысуды ұйғарады.

Оқыту пәні болып Ардуиноның есептеуіш платформасы (контроллердің) немесе оның клоны базасында басқарылатын электронды құрылғыларды әзірлеу, құрастыру және бағдарламалау ұстанымдары және әдістері болып табылады.

Осы курсты оқытудың мақсатқа сәйкестігі мыналармен анықталады:




  • заманауи әлемде микроэлектрониканы бағдарламалау саласындағы мамандардың тапшылығымен;

  • математика, физика, информатика сабақтарында алған білімдерін практикада қолдану және дамыту мүмкіндігімен;

  • оқушының шығармашылық қабілеттерін және амбициясын дамытатын, оқуға деген қызығушылығын қалыптастыратын, өз бетімен ізденуіне және шешім қабылдауына қолдау көрсететін білім беру ортасын оған ұсыну мүмкіндігімен.

«Роботты техника» курсын оқыту мақсаты болып табылады:



  • оқушыларды Ардуиноның есептеуіш платформасы базасында басқарылатын электронды құрылғыларды әзірлеу, құрастыру және бағдарламалау ұстанымдары және әдістерімен таныстыру, бағдарламалаудың заманауи ортасындағы бағдарламалау дағдысын дамыту;

  • білімдерін тереңдету, түрлі білім беру (математика, физика, информатика) салаларынан алынған білімдерін практикалық біріктіріп қолдану жолымен оқытуға ынталандыруды арттыру;

  • ғылыми-техникалық, инженерлік-конструкторлық шығармашылыққа деген қызығушылықтарын дамыту оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет