Бағдарламаға шолу



бет1/10
Дата13.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#125626
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Arduino МАЗМУН (2)
02.11.20 5-с, 11 кл 2 вариатив

Алғы сөз


Бағдарламаға шолу. Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді. Практикалық жұмыстарды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары меңгертіледі. Оқушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген. Оқушылар 2 немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды және тестілеуден өткізеді.

Жұмыс түрі. Нұсқаулықта екі түрлі жұмыс келтірілген: Теориялық және практикалық жұмыстар. Теориялық жұмыстар сабақ барысында орындалады және мұғалімнің міндетті түсініктемелерін талап етеді. Дербес практикалық жұмыстарды оқушылар өз бетінше орындай алады.

Оқу әдістемелік кешенімен сәйкестендіру. Берілген нұсқаулық мәтіні робототехникадан оқу әдістемелік кешенімен (ОӘК) сәйкес жазылған және «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ оқыту курсы бойынша құралтырылған.

Аталған нұсқаулықты шығаруда «Робот техникасы» элективті курсының оқу бағдарламасының 1-деңгейі басты негізге алынды. Ұсынылып отырған нұсқаулық білім беру стандарттарына негізделіп жасалды. Сонымен қатар, бұл практикумда артық ақпарат және сұрақтарды алып тасталынды, қысқа нұсқада көрсетіліп жинақталған. Нәтижесінде карталар 1-3 бетке құрастырылып жазылған. Тәжірбиелік практикалық жұмыстарды бір картаға біріктіріп көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет