«Бағдарламалау тілдері» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша



бет24/44
Дата03.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183587
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44
Байланысты:
«Бағдарламалау тілдері» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жинағы

Өзіндік жұмыс тапсымалары

Келесі мазмұндағы есептерді шеше алатын қосымша құрыңыз:


1. Пирамиданың көлемін табу.
2. Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептеу.
3. Параллелипедтің көлемін есептеу.
4. Тізбектің жалпы кедергісін есептеу (параллель қосылған).
5. Трапецияның ауданын есептеу.
6. Тізбектің жалпы кедергісін есептеу (тізбектей қосылған).
7. Екі қабырғасы және арасындағы бұрышы бойынша үшбұрыштың ауданын есептеу.
8. Бүтін сандармен арифметикалық амалдарды орындай алатын калькулятор программа жасау.
9. Тригонометриялық функцияларды және түбір табуды орындай алатын калькулятор жасау.
10. Цилиндр көлемін табу.
3.2 Батырмалармен жұмыс. Жалауша. Ауыстырғыш. Батырмалар, ауыстырғыштар және жалаушаларды қолданып бағдарламалар құру

C++Builder ортасында программалауда, программа ұсынатын мүмкіндіктердің бірін немесе қатарынан бірнешеуін таңдау үшін ауыстырғыштар (переключатель, флажок) қолданылады. Программада мұндай ауыстырғыштардың қызметін Standart панелінің CheckBox, RadioButton және RadioGroup компоненттері атқарады. Ауыстырғыш екі күйде ғана бола алады: «қосылған» (ν немесе ●) және «ажыратылған» (□ немесе ○ ). Ауыстырғыштарды мүмкіндігіне қарай екі топқа бөледі: тәуелсіз және өзара тәуелді. Тәуелсіз ауыстырғыштардың жұмысы басқа ауыстырғыштарға байланыссыз, тәуелсіз болады.


CheckBox компоненті. Программада CheckBox компонентінің көмегімен жасалатын ауыстырғыш, тәуелсіз ауыстырғыштар тобына жатады. Әдетте, қажет болған жағдайда бірнеше ауыстырғыштарды бір топқа біріктіріп пайдаланады, ол үшін контейнердің ролін атқаратын арнаулы GroupBox және Panel және т.б. компоненттер қолданылады.
Әдетте қосымшада ауыстырғыштың күйін өзгерту үшін тышқанның сол жақ батырмасына шертеді, яғни қандай болғанына қарамастан әйтеуір күйі өзгеретін болса, онда CheckBox компоненті үшін міндетті түрде OnClick оқиғасы пайда болады. Бұл оқиғаны өңдеуге арналған функция, көбінесе ауыстырғыштың күйіне байланысты белгілі бір әрекеттердің немесе операторлардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет