Бағдарламалық құжаттың деректемелері



бет1/3
Дата01.06.2018
өлшемі89,52 Kb.
#41083
  1   2   3
Қазақстан Республикасында білім беру және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мониторингі бойынша 2017 жылғы есепке қорытынды жоспары


  1. Бағдарламалық құжаттың деректемелері:

Атауы: Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама);

Нормативтік құқықтық актінің нөмірі мен күні: Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығы;

Әзірлеуші мемлекеттік орган: ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ);

Бірлесіп орындаушы: АШМ, ДСМ, ЕХӘҚМ, ИДМ, ҚМ, МСМ, ҰЭМ, ІІМ, облыстардың, Алматы және Астана қаласы әкімдіктері

Құжатты іске асыру мерзімі: 2016-2019 жылдар

Есеп кезеңі: 2017 жыл.

II. Есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәнімен қоса нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәнге қол жеткізілмеген жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету).

Мемлекеттік бағдарламаны 5 бағыт бойынша іске асыру қарастырылған, оның шеңберінде 8 нысаналы индикатор мен 52 көрсеткішке қол жеткізу көзделген.

2017 жылдың қорытындысы бойынша 8 нысаналы индикатордың 6-на қол жеткізілді, 51 көрсеткіштің 46-на қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған


іс-шаралар жоспарына сәйкес есепті кезеңде 166 іс шараны орындау жоспарланған.

Бірінші бағыт – Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру

Бұл бағыт шеңберінде 1 нысаналы индикатор мен 9 көрсеткішке жету көзделген.



Нысаналы индикатор:

  1. «Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі».

Жоспар – 87,5%, факт – 85,8%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ ақпараты бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға баратын 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың саны 914 825. Қазақстан бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуға жататын, осы жас тобындағы балалардың жалпы саны 1 011 165-ті құрайды.

2017 жылы 849 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 717 жеке меншік және 64 МЖӘ есебінен. Ең көп мектепке дейінгі ұйым ашылған облыстар: Оңтүстік Қазақстан - 182 бірлік, Алматы – 101 бірлік, Қызылорда – 91 бірлік, Алматы қаласында – 66 бірлік, Астана қаласында – 142 бірлік.

Көрсеткіштер:

1) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының үлесі».

2017 жылға жоспар – 40%, факт – 42,2%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректері бойынша 62,2 мың мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 27,5 мыңында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар.


  1. «2014 жылғы жалпы қажеттіліктен мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға қажеттілікті қысқарту (194,6 мың орын)».

2017 жылға жоспар – 55,9 мың орын, факт – 0 мың орын, қол жеткізілді.

Бүгінгі күні 3-6 жастағы қамтылған балалардың саны 2014 жылмен салыстырған 284 018 адамға артты.

ҚР БҒМ деректері бойынша 2014 жылы мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алуға кезекке тұрған 3-6 жастағы балалар бүгінгі күні мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды.

3) «Мектепке дейінгі ұйымдардың типтері мен түрлерінің жалпы санынан толық күн болатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 79,5%, факт – 82,8%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың барлық типтері мен түрлерінің жалпы саны 9828 құрайды, оның ішінде 7886 немесе 82,8%-ы мектепке дейінгі ұйым толық күн болатын қызметті іске асырады.

4) «Шағын орталықтардың жалпы санынан жарты күн болатын шағын орталықтардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 40%, факт – 40%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта республикада шағын орталықтардың жалпы саны 4220 бірлікті құрайды, оның ішінде 1688 (40%) жарты күн болатын шағын орталық. Жарты күн болатын шағын орталықтардың үлесі (80,6%) негізінен ауылдық жерлерде басым.

5) «Ұсынылған орындардың жалпы санынан жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 28,2%, факт – 29,9%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, республиканың 9828 мектепке дейінгі ұйымдарында 862 305 орын 1-6 (7) жасқа дейінгі балалар үшін ұсынылған, оның ішінде 3058 жекеше мектепке дейінгі ұйымдарға 258 153 орын қарастырылған.

6) «Білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 15%, факт – 15%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, 2017 жылы балабақшалардың жалпы саны 5608-ды құрады, оның ішінде 842 балабақшада білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасалған.

7) «Мектепке дейінгі жастағы балалардың дағдысы мен машығының даму индикаторларына сәйкес машығы мен дағдысының деңгейі жоғары және орта 5-6 жастағы балалардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 60%, факт – 60%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту аясында 3 деңгей бойынша балалардың дағдысы мен машығының дамуын бағалаудың индикаторлар жүйесі енгізілді: «белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады», «не істеп жатқанын түсінеді», «өзінің білетінін қолданады».

Индикаторлар жүйесіне сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған 5-6 жастағы 385 406 баланың 231 230-ның (60%) машығы мен дағдысының деңгейі жоғары және орта.



8) «Аттестаттауға жататын мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан аттестаттаудан өткен мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 85%, факт – 21,7%, қол жеткізілмеді.

2017 жылы 686 мектепке дейінгі ұйым аттестациялауға жатты.
2017 жылғы қаңтар-мамыр аралығында мемелкеттік аттестация процедурасынан 215 балабақша өтті, оның 149-ы заңнама талаптарын сәйкестігін дәлелдеді.

Бақылау және тексеру функцияларына түгендеу жүргізу шеңберінде 2017 жылғы 3 ақпанда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған Президент тапсырмасын орындау мақсатында Министрлік мемлекеттік аттестация процедурасын алып тастау мәселесі қарастырылуда.

Бүгінгі таңда ҚР БҒМ 2017 жылғы 2 мамырдағы № 206 бұйрығының негізінде білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аттестация тоқтатылды.

9) «Мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына арналған менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының жаңартылған білім беру бағдарламаларының үлесі».

2017 жылға жоспар – 50%, факт – 75%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына арналған білім беру процесін басқару, педагогикалық квалиметрияны пайдалану, зілзалалар тәуекелін арттыру, мектепке дейінгі ұйымды басқару әдістері, тәрбиеші қызметінде ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдану және т.б. бойынша менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының 6 (8-дің) білім беру бағдарламасының бекітілді.
Екінші бағыт – Орта білім

Бұл бағыт шеңберінде 2 нысаналы индикатор мен 13 көрсеткішке жету көзделген.



Нысаналы индикатор:

1) «НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі (2016 жылы – 1-сынып, 2017 жылы 2,5,7 -сыныптар, 2018 жылы -3,6,8,10 сыныптар, 2019 жылы –4,9,11,12 -сыныптар)», қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, 2017 жылғы 1-қыркүйектен бастап 1, 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алуда.



2) «Үлгерімі «жақсы» және «үздік» (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі».

2017 жылға жоспар –62%, факт – 62,2%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, республикадағы үлгерімі «жақсы» және «үздік» оқушылардың саны 1 738 911 адамды (62,2%) құрады. 2-11 сынып оқушыларының саны 2 796 331 адам.

Көрсеткіштер:

1) «Педагогтердің жалпы санынан жас педагогтердің үлесі».

2017 жылға жоспар – 3%, факт – 3,1%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, күндізгі мемлекеттік мектептер мұғалімдерінің жалпы саны 285 996 бірлік, оның 8850 адамы (3,1%) жас педагогтер болып табылады.

2) «Педагогтердің жалпы санынан бірінші және жоғары санаты бар педагогтердің үлесі».

2017 жылға жоспар – 52%, факт – 52%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, педагогтердің жалпы саны 285 996 адамды құрады, оның 148 054-інің немесе 51,7 %-ының бірінші және жоғары санаты бар.

3) «Мектептердің жалпы санынан авариялық мектептердің үлесі».

2017 жылға жоспар – 0 %, факт – 0,6%, қол жеткізілмеді.

Бүгінгі таңда, республикада 45 авариялық мектеп қызмет етеді, ол күндізгі мемлекеттік мектептердің жалпы санының (7047) 0,6%-ын құрайды.

Авариялық мектептердің ең көп саны ОҚО–13, Жамбыл облысы–7, Атырау – 6, БҚО– 5 қызмет етеді.

ҚР БҒМ индикаторға не себепті қол жеткізілмегендігі туралы ақпаратты ұсынбады.

4) «Үш ауысымда сабақ өткізетін мектептердің үлесі».

2017 жылға жоспар – 0%, факт –1,8%, қол жеткізілмеді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес республикада 127 үш ауысымда сабақ беретін мектеп қызмет етеді, ол күндізгі мемлекеттік мектептердің жалпы санының (7047) 1,8%-ын құрайды.

Үш ауысымдық мектептердің ең көп саны Алматы облысында –29, Ақтөбе – 24, Оңтүстік Қазақстан–15, Ақмола– 12, Атырау –11 облыстарында орын алған.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес көрсеткішке қол жеткізілмеудің себебі демографиялық өсім мен халықтың миграциялық белсенділігі болып табылады.

5) «Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі».

2017 жылға жоспар – 55%, факт – 55%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, республикада 7047 мектеп қызмет етеді, оның 3873-де инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған. Осылайша, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 55 %-ды құрады.

6) «Жаңартылған білім беру мазмұнымен қамтылған балалардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 36,4%, факт – 43%, қол жеткізілді.

2017-2018 оқу жылында 1,2,5 және 7 сыныптар сыныптардың оқушылары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алуда.

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің контингенті 2 972 319 адамды құрайды, оның ішінде:

- 1-сынып оқушылары 352 443 адам;

- 2-сынып оқушылары 363 942 адам;

- 5-сынып оқушылары 300 532 адам;

- 7-сынып оқушылары 261 854 адам.

Осылайша, 2017 жылы жаңартылған білім беру мазмұнымен қамтылған балалардың үлесі 43 %-ды құрайды.

7) «Қазақстандық оқушылардың халықаралық және ұлттық зерттеулердегі нәтижелері»:

- 2017 жылға жоспар – PISA-2015:Математика-440, жаратылыстану-430, оқу-400; факт: PISA-2015:Математика-460, жаратылыстану-456,


оқу-427, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, PISA-2015-ке 72 мемлекеттен 500 мыңнан астам 15 жасар оқушы қатысты. Қазақстаннан 16 өңірден 5780 15 жасар оқушы мен студент қатысты (189 мектеп және 27 колледж). PISA-2012-мен салыстырғанда халықаралық тестке қатысушы қазақстандық оқушылар зерттеудің барлық бағыттары бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Математика бойынша өсім 28 балды және жаратылыстану бойынша 31 балды құрады. PISA-2015-те ең жоғары көрсеткішті қазақстандық 15 жасар оқушылар оқу сауаттылығы бойынша көрсетті (+34).

- 2017 жылға жоспар: ОЖСБ 4-сынып – 20-дан кем емес, 9-сынып – 55-тен кем емес; факт: ОЖСБ 4-сынып – 20-дан кем емес, 9-сынып – 39,4 (9-сынып көрсеткіші 15,6 баллға қол жеткізілмеді).

ҚР БҒМ есептік ақпаратына сәйкес, ОЖСБ-ға республика бойынша 654 мектептен 52 702 4-сынып оқушылары қатысты. Республика бойынша ОЖСБ-дағы 4-сыныптардың орташа балы 20-ны құрады.

Сонымен қатар, республика бойынша ОЖСБ-дағы 9-сыныптардың орташа көрсеткіші мүмкін болатын 75 балдан 39,4-ті құрады.

8) «Білім беру процесінде АКТ-ны қолданатын мектептердің үлесі».

2017 жылға жоспар – 50%, факт – 77,5%, қол жеткізілді.

Бүгінгі күні, 7047 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің (ЖАО) 4785-і білім беру барысында АКТ-ны қолданады.

9) «Қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 68%, факт – 77,5%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, барлық мектептердегі оқушылардың жалпы саны 3 050 770 адам, оның 2 364 966 адамы қосымша білім берумен қамтылған.

10) «Жалпы білім беретін мектептердегі спорттық секциялармен, оның ішінде республикалық балалар-жасөспірімдер спорт жарыстарымен (Оқушылар спартакиадасы және т. б.) қамтылған білім алушылардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 28%, факт – 34,8%, қол жеткізілді.

2017 жылғы 1 қазандағы дерек бойынша күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың саны 2 972 319 адам. Олардың
1 033 517 оқушысы мектептердегі спорттық секциялармен және республикалық тунирлармен қамтылған (34,8%)

11) «Балалар мен жасөспірімдер қозғалыстарымен, оның ішінде «Жас ұлан», «Жас қыран» қозғалыстарымен қамтылған оқушылардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 48%, факт – 62,2%, қол жеткізілді.

Есепті кезеңде, күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептеріндегі
2 972 319 оқушының 1 567 845-і балалар мен жасөспірімдер қозғалыстарымен, оның ішінде «Жас ұлан», «Жас қыран» қозғалыстарымен қамтылған.

12) «Қамқоршылық кеңестер құрған мектептердің үлесі».

2017 жылға жоспар – 62%, факт – 65,4%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, Бастауыш ШЖМ-ларды қоспағанда күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептердің саны 6429 бірлік. Оның ішіндегі 4207 мектепте қамқоршылық кеңестер жұмыс істейді.

Қамқоршылық кеңестер құрған мектептердің үлесі 65,4 %-дық ұрайды.



13) «Орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының жаңартылған білім беру бағдарламаларының үлесі».

2017 жылға жоспар – 80%, факт – 85,7%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, 2017 жылы орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының 14 білім беру бағдарламаларының көшбасшылық, басқару қызметі, ШЖМ-дағы білім беру процесін ұйымдастыру, тәрбиеші-педагогтің кәсіби құзыретінің артуын тиімді басқару, орта білім беру ұйымдарындағы табиғи апаттар қаупін төмендету және т.б. бойынша 12 бағдарламасы жаңартылған.
Үшінші бағыт – Техникалық және кәсіптік білім беру

Бұл бағыт шеңберінде 1 нысаналы индикатор мен 9 көрсеткішке жету көзделген.



Нысаналы индикатор:

1 «Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі».

2017 жылға жоспар – 92%, факт – 89%, қол жеткізілмеді.

ТжКБ мемлекеттік тапсырыспен бітірушілерінің жұмысқа орналасқандар мен жұмыспен қамтылғандардың саны 64716 адамды құрады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған түлектердің жалпы саны 73 026 адам.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі туралы ақпарат 2018 жылғы мамыр айында ұсынылады.

Себебі оқу аяқталғаннан кейін бірінші жыл мамыр айында аяқталады.

Көрсеткіштер:

1) «Типтік жастағы (14-24) жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту».

2017 жылға жоспар – 17%, факт – 17%, қол жеткізілді.

Есепті кезеңде 14-24 жастағы халықтың саны 2 698 247 адамды құрады, оның 457 867-сі техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған ол 16,6%-ды құрады.

2) «Мемлекеттік колледждердің заманауи оқыту жабдығымен жарақтандырылған оқу-өндірістік шеберханаларының, зертханаларының және арнайы пәндер кабинеттерінің үлесі».

2017 жылға жоспар – 41,6%, факт – 41,6%, қол жеткізілді.

Есептік жылы жергілікті бюджет есебінен 12 487 шеберхана, зертхана және арнайы пәндер кабинеттерінің 5179-ы (41,6%) замануи оқыту құралдарымен жабдықталған.

3) «Білім беру қажеттіліктері ерекше студенттер үшін тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ТжКБ ұйымдарының үлесі».

2017 жылға жоспар – 25%, факт – 25%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, республикада барлығы 824 коледж қызмет етеді, оның 206-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін тең және кедергісіз қол жетімді жағдай жасалған (25%).

4) «Аккредиттеу рәсімінен өткен мемлекеттік колледждердің үлесі».

2017 жылға жоспар – 7%, факт – 7%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, есептік жылда 477 мемлекеттік колледждің 34-і аккредиттеуден өткен. Аккредиттеу рәсімінен өткен мемлекеттік колледждердің үлесі 7%-ды құрады.

5) «Кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз етілген ТжКБ мамандықтарының үлесі»

Бұл көрсеткіш бойынша 2017 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер жоспарланбаған.



6) «Технологиялық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын енгізген колледждердің үлесі».

2017 жылға жоспар – 70%, факт – 70%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, 2017 жылы 614 техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық бейіні бойынша колледждердің 432-сі дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын енгізген, бұл олардың жалпы санының 70%-на тең.

7) «Қоғамдық-пайдалы қызметтерге (волонтерлік, жастар ісі жөніндегі комитеттер қызметіне қатысу және т.б.) тартылған ТжКБ ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі».

2017 жылға жоспар – 35%, факт – 35%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының күндізгі бөлімде оқитын 426 417 студенттің 170257-сі немесе 40%-ы қоғамдық-пайдалы қызметтерге тартылған.

8) «Спорттық секциялармен қамтылған ТжКБ студенттерінің үлесі».

2017 жылға жоспар – 40%, факт – 40%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының күндізгі бөлімде оқитын 426 417 студенттің 254526-сы немесе 60%-ы Спорттық секциялармен қамтылған.

9) «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ тәжірибесін енгізген мемлекеттік колледждердің үлесі».

2017 жылға жоспар – 9,2%, факт – 9,2%, қол жеткізілді.

2017-2018 оқу жылында 477 мемлекеттік колледждің 44-і (9,2%) «Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ тәжірибесін енгізуде.
Төртінші бағыт – жоғары және жоо-дан кейінгі білім беру

Бұл бағыт шеңберінде 2 нысаналы индикатор мен 12 көрсеткішке жету көзделген.



Нысаналы индикаторлар:

1) «Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны бітіргеннен кейінгі бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің үлесі».

2017 жылға жоспар – 85%, факт – 86,7%, қол жеткізілді.

2017жылы ЖОО мемлекеттік білім тапсырысы негізінде бакалавриат бағдарламасы бойынша бітірушілердің саны 43182 адам, оның ішінде ЖОО-ны бітірген жылы жұмысқа тұрғандардың саны 37428 адамды (86,7%).

2)«QS-WUR рейтингінде белгіленген Қазақстан ЖОО-ларының саны топ-200, топ-300, топ-500, топ-701+».

2017 жылға жоспар – 0, 2, 2, 7, факт – 0, 1, 4, 8, қол жеткізілмеді.

2017 жылы QS WUR рейтингісіне 8 қазақстандық ЖОО кірді.

«Топ-300» - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 236 орын;

«Топ-500» - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 236 орын, Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ, 345 орын, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ «Топ 411-420»; «Топ 491-500» – Абай атындағы ҚазҰПУ;

«Топ 701+»-ге жоғарыда аталған ЖОО-лармен бірге М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Топ 501-550», Букетов атындағы ҚарМУ «Топ 651-700», ҚБТУ мен Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТ «Топ-651-700» енді.



Көрсеткіштер:

1) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстың арақатынасы: магистратура және докторантура; бакалавриат».

2017 жылға жоспар – 29,71; факт – 29,71, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, 2017-2018 оқу жылы бакалавриат бағдарламалары бойынша педагогикалық кадрларды даярлауға 27254 грант, магистратураға- 9984, докторантураға- 1275 грант бөлінген.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстың арақатынасы: магистратура және докторантура; бакалавриат 29:71.



2) «Жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік студенттердің, оның ішінде коммерциялық негізде оқитын студенттердің үлесі».

2017 жылға жоспар – 3%, факт – 3%, қол жеткізілді.

Бүгінгі күні ЖОО-лардың контингенті 496209 адамды құрайды. Оның ішіндегі шетелдік студенттердің саны 13898 адам (3%). студенттердің жалпы санынан 10 396 (74,8%) шетелдік студенттер ақылы негізде оқиды.

3) «Білім беру қажеттіліктері ерекше студенттерді оқыту үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ЖОО-лардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 25%, факт – 25%, қол жеткізілді.

Бүгінгі күні, жоғары білім беру саласында инклюзивті білім беру 112 ЖОО-ның 28-де белсенді енгізілуде.

4) «Салалық шеңберлер мен кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларының үлесі».

2017 жылға жоспар – 25%, факт – 25%, қол жеткізілді.

Қазіргі таңда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 21 салалық шеңбер бекітілді: мәдениет пен өнер, туризм және спорт, денсаулық сақтау, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі, химиялық өндіріс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

ҚР ҰКП-ның сайтында 85 кәсіби стандарттың жобасы орналастырылған, олар бойынша да білім беру бағдарламалары әзірленуде.

Кәсіби стандарттардың негізінде 1215 білім беру бағдарламалары әзірленді, оның ішінде бакалавриатта– 905, магистратурада– 235, докторантурада – 75.

Лицензияланатын білім беру бағдарламаларының жалпы саны 4817 бірлік.



5) «Шетелдік сарапшылармен бірлесіп ИИДМБ шеңберінде әзірленген жаңа білім беру бағдарламаларының саны».

2017 жылға жоспар – 48, факт – 48, қол жеткізілді.

ИИДМБ басым салалары бойынша 48 білім беру бағдарламасы бекітілді: өндірістік химия, индустрия үшін ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, мұнай химиясы және мұнайды қайта өңдеу, металлургиядағы нанотехнологиялар, робототехника, индустрия үшін нанотехнологиялар және наноматериалдар, тағам өнеркәсібі үшін мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және т.б.

6) «Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық еуропалық желілердің толық мүшесі болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген агенттіктерде халықаралық аккредиттеуден өткен мемлекеттік ЖОО білім беру бағдарламаларының үлесі».

2017 жылға жоспар – 40%, факт – 40%, қол жеткізілді.

Лицензияланатын білім беру бағдарламаларының жалпы саны 4817 бірлік. Оның 1927-сі (40%) мамандандырылған аккредитациядан өтті, оның ішінде:


  • бакалавриат бағдарламалары бойынша – 40 мемлекеттік ЖОО-да 2882 лицензяланатын мамандық бойынша 1001 білім беру бағдарламасы;

  • магистратура бағдарламалары бойынша – 33 мемлекеттік ЖОО-да 1492 лицензяланатын мамандық бойынша 782 білім беру бағдарламасы;

  • докторантура бағдарламалары бойынша – 23 мемлекеттік ЖОО-да 443 лицензяланатын мамандық бойынша 144 білім беру бағдарламасы.

7) «ИИДМБ жоғары оқу орындарының жалпы табысындағы инновациялық және ғылыми қызметтің табыс үлесі».

2017 жылға жоспар – 10%, факт – 10%, қол жеткізілді.



Қазіргі таңда ИИДМБ 11 базалық ЖОО табысындағы инновациялық және ғылыми қызметтің табыс үлесі 10% құрайды.


ЖОО

ЖОО-ның жалпы табысы

Инновациялық және ғылыми қызметтің табысы

Табыс үлесі

АМГИ

844708,4

92890,2

11%

Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ

13789008,0

1545803,0

11,2%

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

3936044,5

333745,0

8,5%

С.Торайгыров ат. ПМУ

1147506,3

139300,9

12,1%

М.Әуезов ат. ОҚМУ

2632240,4

302476,3

11,4%

Д.Серикбаев ат. ШҚМТУ

2716097,9

141743,1

5,2%

ҚарМТУ

1759749,1

231695,1

13,1%

ҚазҰАУ

879978,9

106405

12,1%

С.Сейфуллин ат. ҚАТУ

17800000

1477000,0

8,3%

А.Байтурсынов ат. ҚМУ

1063706300,0

130143800,0

12,2%

Қ.И.Сәтбаев ат. ҚазҰЗТУ

838795606,7

64705000,0

7,7%

Барлығы

1 948 007 240,2

199 219 858,6

10


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет