Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1.Қазіргі заманғы қоғамның мұғалімге қойылатын талаптары.
2.Жеке даралық стилінің негізін құраушы педагогтың компетенттігі.
3.Педагогтың қасиеті ретіндегі рефлексия. Рефлексия түрлері.
4.Педагогикалық әрекеттің жеке стилінің қалыптасу деңгейі.
Дәріс тезисі
Бүгінгі күні біздің қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық және рухани қайта жаңару жағдайында адамның жеке даралық дамуына көп көңіл бөлініп отыр, оның өзіндік бір қайталанбайтындығына, бірегейлігіне көп көңіл бөлініп отыр. Неғұрлым белсенді, шығырмашылығы көп, сауатты шешімдерді тез қабылдай алатын және оларды өз тәжірибесінде қолдана алатын адамдарға сұраныс артып отыр. Осындай жеке дара адамдарды тек қана бәсекелестігі жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін жоспарлау мен болжау негіздерін білетін өз кәсібін меңгерген оны жетілдіріп отыратын кәсіби-педагог қана тәрбиелей алады.
Білім беру процесіндегі субъектілерінің дамуындағы үзіліссіз ауысып отыратын талаптарға аяқ асты әсер ету мен педагогты даярлаудағы қалыптасқан жүйе арасындағы;
Жоғары компетентті маманға деген әлеуметтік тапсырыс пен осындай теріс құбылыстарды жоюға құрылған, бұрынғы педагогикалық критерилер сияқты механизмдердің жоқтығы арасындағы, педагогикалық көнеру, педагогтың кәсіби өсуінің кемуі мен тоқтауы сияқты.
Педагогикаық қызмет өзінің табиғаты жағынан әлеуметтік бола отырып жеке тұлғаның мүмкіндігіне байланысты оның өз кәсіби компетенттігін қаншалықты іске асыра алына байланысты болады. Б.М.Тепловтың айтуынша: «Қабілет деп жеке дара бір адамды екінші адамнан айырып көрсететін психологиялық ерекшелікті айтамыз.Қабілет қандай да болмасын жеке даралық ерекшелікті атауға болмайды, тк қана қандайда бір немесе бірнеше әрекеттерді жетістікпен атқара алатын ерекшелікті айтуға болады. Қабілет осы адамдағы қолдан құрылған білімге жатпайды».
Достарыңызбен бөлісу: |