Бағдарламасы ( 2020 ж.) негізінде құрастырылды.


Тақырыбы:6.Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Сағат саны



бет19/42
Дата08.02.2022
өлшемі286,97 Kb.
#118614
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Байланысты:
Иклюзивтік білім беру Виз.Муз

Тақырыбы:6.Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Қарым-қатынас тіліне, ата-аналардың сұранысына байланысты жеке түзету-дамыту бағдарламасына сәйкес мемлекеттік, орыс, ағылшын немесе басқа да тілдерде жүргізілетін құжаттар.

  2. Түзеу-дамыту үш түрлі ұйымдастыру нысандары.

1) қысқа мерзімді топтарда оқыту;
2) мектепке дейінгі жастағы балаларды жеке оқыту;
3) ата-аналарға (немесе басқа заңды өкілдерге) кеңес беру.
Дәріс тезисі
Дамудағы кемшіліктердің әсерінен аномальды балалардың әлеуметтік ортамен қарым қатынасқа түсуі қиын, өзгерістермен күрделі талаптарға тиімді түрде реакция беру қабілеттілігі төмен. Олар алға қойған мақсаттарына жетуде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеудің міндеттеріне қоғаммен, ұжыммен тиімді түрде араласа білуге, әлеуметтік ережелер мен нормаларды орындауға қалыптастыру жатады. Әлеуметтік бейімдеу аномальды балаларға қоғамдық өмірмен араласуға жағдай жасайды. Арнаулы білім беру мекемелерінің оқушылары қоғамда қабылданған тәртіп нормаларын игере алатындығын көрсетті. Сонымен реабилитация бұзылған функцияларды, медициналық, әлеуметтік, білім беру тұрғысынан қалыпқа келтіру процесі. Бұзылған кемшіліктерді ерте кезден бастап түзету арқылы интеграциялау контексінде аномальды бала дамуы қалыптасқан қоғамдағы перспективті және жетекші тенденциялардың бірі ретінде құрастырылады.Ал, қазіргі таңда ҚР-да әлеуметтік бейімдеудің бағдарламада келесідей бағыттары қарастырылады:

  1. баланың оңалту орталығына бейімделуі;

  2. өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру;

а/балаларды өз бетімен киінуге және шешінуге үйрету;
ә/жуынуға, сабынды және сүлгіні пайдалануға үйрету;
б/ұқыпты болуға үйрету;

  1. Қарым-қатынастың қарапайым түрлерін қолдануға үйрету;

  2. Қарапайым ойын түрлерін үйрету;

  3. Моторикасы мен көру-қимыл координациясын дамыту көрнекі құралдарға сүйене отырып, үлгі бойынша іс-әрекеттерге үйрету;

  4. Қабылдау түсініктерін қалыптастыру,қарапайым геометриялық фигураларды тани білуге және ажырата білуге үйрету.

Кез-келген қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан әлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік бейімдеу үшін психолог, емдік физкультура, логопед, олигофренопедагог мамандарының зерттеуінің арнайы тапсырмалары қажет. Әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу үшін әртүрлі режимдік сәттерді пайдалану қажет. әлеуметтік бейімдеудегі, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ертерек және ата-аналар тарапынан арнайы түзету жұмысын ұйымдастыру қажет.


Бекіту сұрақтары
1.Инклюзивтік оқытудың тиімділігі.
А) дамуында кемшілігі бар балалардың қарапайым балалармен бірдей мүмкіндіктерге ие болуы.
В) физиологиялық даму ерекшеліктері жақсарады
С) психологиялық даму ерекшеліктері жақсарады
D) қарапайым балалармен қарым-қатынасқа еркін түсе алады.
Е) дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері
2. Инклюзивтік оқытудың негізгі принципі:
А) мектептер дамудың шарттарына қарамастан барлық балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс
В) қоғам бұл балаларды қабылдауы тиіс
С) ата-аналар өз балаларын арнайы мекемелерде оқытуы керек
D) арнайы қажеттері бар балалар өздері білім алуға талпынуы тиіс
Е) қарапайым балаларды қабылдауы тиіс
3. Баланың алғашқы және негізгі ұстазы кімдер?
А) ата-аналар
В) серіктестер
С) тәрбиеші
D) ағасы
Е) мұғалімдер
4. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек қай жылдарды қамтиды?
А) Білім беруді дамытудың 2008-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
В) Білім беруді дамытудың 2009-2016 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
С) Білім беруді дамытудың 2010-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
D) Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Е) Білім беруді дамытудың 2012-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
5. Оқыту жоспарларын құру бойынша балалар мекемелерінің серіктестері кімдер?
А) жанұя
В) қоғам
С) ата-аналар
D) бала
Е) құрдастары
Әдебиет

  1. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова, К. М. Кеншілікова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет.

  2. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім берудің негіздері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2020. - 165 бет

  3. Есенғұлова, М. Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы [Текст] : практикалық жаттыіулар жинағы / М. Н. Есенғұлова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2018

  4. Байменова, Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом [Текст] : учебное пособие / Б. С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 148 с. - ISBN 978-601-310-752-3 (в пер.) : 3800 тг.

  5. Основы инклюзивного образования [Текст] : учебное пособие / К. С. Тебенова [и др.]. - Алматы : ССК , 2017. - 304 с. - ISBN 978-601-310-858-2 : 5000 тг.

  6. Адильшинова З.У., Сугуралиева А.М.Инклюзивті оқыту:Дәрістер жинағы.-Ақтөбе,2017(http://neb.arsu.kz/)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет