Тақырыбы:7.Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту мәселелері
Ақыл-ойы артта қалған балалармен медициналық-психологиялық– педагогикалық және түзету шараларын жүргізгу
Дәріс тезисі Бала белгілі әлеуметтік ортада өсіп, айналасындағы заттар мен құбылыстарды танып біледі, олармен тікелей қарым–қатынастарда әсерленіп, бойындағы табиғи қасиеттерін жетілдіріп, ақыл – ой сезімін танып, әрекетімен байланыстырады. Сезімнің бұл түрлері балалардың оқып- білім алуына, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Ал осындай ақыл- ой сезімі кейбір балада жетілмей, артта қалып қояды. Ақыл – ойы кем балаладың басым көп бөлігін олигофрен- балалар құрайды (грек сөзі oliqos- аз,phren- ой). Психиканың жетілмеуінің негізінде жатқан ми жүйесінің зақымдалуы. Оның себебі негізінен тұқымқуалаушылық, ортаның экологоиялық әсері, отбасының әлеуметтік жағдайы. Ақыл – ойы кем балалардың жалпы дамуының ілгері жылжуы үшін оның білім, дағды мен біліктерді меңгеруі үшін, оларды жүйелеп практикалық тұрғыда қолдану үшін арнайы ұйымдастырылған оқыту мен тәрбие анағұрлым маңызды.
Ақыл- ойы кем балалар – орталық жүйке жүйесі зақымдалған балаларға арналған арнаулы бала – бақшаларда тәрбиелеушілердің негізгі континенті болып табылады. Ақыл – ойы кем балалардың ұсақ моторикасын дамыту, тіл байлығын дамыту, логикалық ойлау, есте сақтау және қабылдау қабілеттерін дамытуда ойынды басты іс – әрекет етіп алады. Ақыл – ойы кем мектеп жасына дейінгі балаларды түзету, оқыту, тәрбиелеуге тоқталсақ, бұл жастағы балалардың басты іс – әрекеті ойын болып табылады. Осы кезеңде балалардың адам өмірі, әлеуметтік қарым – қатынасы, мінез- құлықтың адамгершілік қасиеттері туралы түсінікті қалыптасып, қиял, ерік, символикалық функциялары дамиды. Әлеуметтену мен адамзатқа тән ақыл- ой іс әрекетінің тәсілдерін меңгеру үшін рөлдік ойын, сөйлеу, сурет салу, құрастыру іс- әрекет түрлері маңызды болмақ. Бұл кезеңдегі негізгі міндеттер мынандай:
Кеңістік, уақыт туралы, қоршаған орта туралы түсініктерін, сөйлеуін қалыптастыру;
Ақыл – ойы кем балаларға әлеуметтік көмек көрсету барысында медициналық бейімдеудің мәні зор. Мұнда ақыл – ойы кем балалармен жігерлі терапия жүргізе отырып, оларға дәрігерлік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолданылады.
Ақыл – ойы кем балаларды оқытудың негізгі әдісі біріктіруболып табылады. Қазіргі шақта біріктіру зейін орталығы болып табылады. Біріктіре оқыту арқылы баланың дамуының ерекшеліктерін жалпы білім беру стандартының қалыпты уақыттағы жақын болуымен сипатталады.