ТИБК-ның қызметін ұйымдастыру тәртібі ТИБК-ның білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияны білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар береді.
ТИБК «Мектепке дейінгі ұйымдарды құруға және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 571 бұйрығымен бекітілген (№ 2464 нормативтік құқықтық актілерінің тіркеу тізілімінде тіркелген) санитарлық ережелері мен нормалары сақталған жағдайда ашылады.
ТИБК–ның міндеттері:
1) жеке түзеу-дамыту бағдарламаларын (бұдан әрі – ЖДБ) іске асыру;
2) мамандардың тәртіпаралық тобында кемтар балалардың проблемаларын, мүмкіндіктерін және қажеттіліктерін кешенді зерделеу (командалық бағалау);
3) сөйлеу, көру, есту, қимыл-қозғалыс аппаратында, сезімдік-ерік ортасында, оқуында, қарым-қатынасында, мінез-құлқында және басқа да бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балаларды кіріктіру мақсатында кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
4) жалпы дамыту үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін даму мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қоса алып жүру;
5) отбасы жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға (басқа заңды өкілдерге) кеңес беру және оларды оқыту;
6) балалардың психофизикалық жағдайы, даму мүмкіндіктерінің ерекшелігі мәселелері бойынша аталған санаттағы балалармен жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына консультациялық көмек көрсету.
7. Түзеу арқылы дамыту жұмысы міндеттерінің өзгеруі бұрынғы кезеңдерде қол жеткізген нәтижелерді ескере отырып, қайтадан командалық бағалау бойынша өткізіледі (ЖДБ-ны іске асыру мониторингі).
8. Жұмыстың негізгі әдісі ретінде «командалық әдіс» қолданылады. Бұл әдістің негізіне біртұтас команда құратын мамандардың біріккен жұмысын болжайтын және тәртіпаралық қарым-қатынас технологияларына сәйкес әрекет ететін тәртіпаралық тәсіл жатады. Командалық бағалау жылына 2 рет немесе ЖДБ-ның көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
9. Команда құрамына әртүрлі бейіндегі білікті педиатрлар, балалар неврологы, физиотерапевттер, дене шынықтыру, сауықтыру дәрігері, ортопедтер, психиатрлар, сурдологтар, офтальмологтар, психолог, дефектолог-мұғалімдер (логопедтер, тифлопедагогтар, олигофренопедагогтер, сурдопедагогтер), әлеуметтік қызметкерлер, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, уқалап емдеу мамандары кіреді. Команданың форматы мен құрамы баланың жағдайы мен оның қажеттілігіне, сондай-ақ ұйымның мүмкіндігіне байланысты өзгеріп отырады.
10. Жоғарыда аталған мамандардың кейбірі болмаған жағдайда, мамандардың ұсынысы бойынша меңгеруші ата-аналарды диагностикалық орталықтарға, балалар емханаларына, генетикалық кеңес орталықтарына, білім берудің арнайы ұйымдарына жібереді.
11. ТИБК-ға балаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындылары, баланың жағдайы туралы медициналық қорытынды, ата-аналардың (немесе басқа заңды өкілдердің) өтініштері негізінде жыл бойы бос орындар бар болған жағдайда жүргізіледі.
12. ТИБК-дағы бала орны ТИБК мен ата-аналар (немесе өзге де заңды өкілдер) арасындағы шарт болған жағдайда сақталады.
13. ТИБК-ның түзеу-дамыту үдерісін ұйымдастыру оқу жоспарымен және меңгеруші мен әдіскер бекіткен сабақ кестесімен және жеке түзеу-дамыту бағдарламасымен регламенттеледі.
14. ТИБК ата-аналардың (басқа заңды өкілдердің) қалауы бойынша қосымша ақылы қызмет көрсете алады.Баланың жағдайы мен оның қажеттілігіне байланысты жеке білім беру жоспары негізінде түзеу-дамыта отырып оқыту процесін басқару үшін есепке алу және есеп беру қызметі бойынша белгіленген мерзімге атқаратын қызметтердің тізімі құрылады.
15. Жеке қызметтер тізбесінде оқу жоспарына сәйкес әр балаға арналған ең аз сағаттар саны көрсетіледі. Баланың жағдайына байланысты сабақтар мен кеңестер реті аптасына еселеніп бес ретке дейін көбейтілуі мүмкін.
16. Баланы ТИБК-дан басқа білім беру ұйымына ауыстыруды ТИБК мамандарының қорытындысы негізінде ата-аналардың келісімімен білім беру басқармасының органдары жүзеге асырады.