Әлеуметтік – педагогикалық қызметадамның өмірлік жағдайларымен, экономикасымен, және саясатымен тығыз байланысты.
Әлеуметтік бейімдеу- нысаналы әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеру мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларында белсенді түрде икемделуі.
Әлеуметтік жұмыс– жекеленген балаларға, отбасыларына олардың толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып, әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет.