Бағдарламасы ( 2020 ж.) негізінде құрастырылды.


Тақырыбы:2. Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру. Сағат саны



бет10/42
Дата08.02.2022
өлшемі286,97 Kb.
#118614
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
Иклюзивтік білім беру Виз.Муз

Тақырыбы:2. Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру.
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Инклюзивті білім беру.

  2. Мүмкіндігі шектеулі балалар категориялары.

  3. Инклюзивтік білім беру – мектеп жасына дейінгі әр түрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды дамыту.

  4. Кіріктірілген білім беру процесі.

Дәріс тезисі
Арнаулы мектептердегі психологиялық-педагогикалық коррекциялау жұмыстары оқушының танымдық белсенділігінің деңгейлеріне сәйкес оқушыларға жеке әрекет жасау арқылы оқытудың қажетілігін анықтайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған мектептегі жүйелі ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесі оқушының жалпы білім беретін мектептерде білім алуына мүмкіндік береді.
Психологиялық-педагогикалық қатарындағы негізгі мәселелер оқытудағы қиындықтарды диагностикалау болып табылады. Мектепке қабылданған психикалық дамуы кешеуілдеген балалар оқыту процесі кезінде мағыналы түрдегі қиындықтарға кездеседі. Қалыпты балалардан психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды мынадай ерекшеліктерге қарай ажыратуға болады:
1. Психикалық дамуында кемшілігі бар балалар тез шаршайды, берілген жұмыс көлемінінің барлығын қамти алмайды.
2.Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар қабылданған ақпараттарды анализдеу мен синтездеуде қиындықтарға жолығады. Олардың ойлау кезінде, сөздік-логикалық ойлауды қалыптастыру кезіндегі қабілеттері төмен болады.
3. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар мектептің ортақ талаптары мен ережелеріне бағындайды және құрбыларымен жиі-жиі келіспеушіліктер туындатады.
4. Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға өз әрекетін ұйымдастыру мен өз әрекетіне бақылау жасау қиын.
5. Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға оқу әрекеті кезінде жүйелі түрде бақылау жасалып отыру керек.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың оқу әрекетімен қатар сөйлеу әрекетіне қалыптастырудың тиімді жолы – баланы жеке интеллектуалдық әрекетін игеруге, оның негізгі құрылымдық компоненттерін (мотивациялық, бағдарлау, болжау, операциялау, реттеушілік) игеруге үйрету. Интеллектуалдық әрекеттің кез келген құрылымдық компонентін игеру негізінде кез келген ойлау әрекетінің қалыптасуы негізіндегі психологиялық механизмдер анықталады. Бұл арнаулы бағдарлау негізінде ұйымдастырылатын бірте-бірте ішкі жоспарларға ауысатын сыртқы әрекеттердің құрылымы.
Бекіту сұрақтары
1. Инклюзивті білім беру мәселесі қай жылдан бастау алды?
А) 1960ж
В) 1970ж
С) 1980 ж
D) 1990 ж
Е) 2000 ж
2. Барлығы білім үшін қозғалысы қашан және қайда болды?
А) 1995 жыл Парижде
В) 2000 жыл Ресейде
С) 1990 жыл Тайландта
D) 2006 жыл Қазақстанда
Е) 2003 жыл Германияда
3. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын неше түрлі бағдарлама бойынша жүргізілуі тиіс.
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4
Е) 5
4. «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасы қай жылы, қай қалада қабылданды?
А) 1990 жылы Токиода
В) 1991 жылы Ресейде
С) 1992 жылы АҚШ-та
D) 1993 жылы Парижде
Е) 1994 жылы Саламанка қаласында
5. «Include» ағылшын сөзінің аудармасы:
A) Қосу
B) Білім беру
C) Өз құрамына енгізу
D) Көмек беру
E) Қамқорлық көрсету




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет