Әлеуметтік тексеру – тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, дене кіріптарлығына, жинақтылығы, әдеттегі қызметпен айналысу қабілеті, экономикалық дербестігі мен қоғамға кірігу қабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік кемістіктер дәрежесін анықтайды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ұзақ уақыттық экономикалық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік және экономикалық көмек көрсетіліп отырылады.
Педагогикалық тексеру арқылы тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, балалардың зияты жағынан даму ерекшеліктерін және олардың ойын ойнауға, білім алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуметтік мүмкіндіктерін айқындайды.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік – педагогикалық қызмет көрсету бұл ерекше қажеттіліктерді талап ететін адамдарға-үздіксіз педагогикалық ұйымдастырылған жүйеде әлеуметтік тәрбие беру.