Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
Инклюзивті білім беру қызметін жүргізу құқығына кіретін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар.
«Мектепке дейінгі ұйымдарды құруға және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің санитарлық ережелері мен нормалары сақталған жағдайлар.
Дәріс тезисі
Әлеуметтік орта баланың даму шарттарының маңызды факторы болып табылады. Әлеуметтік орта - әлеуметтік өмірдегі бізді қоршаған орта, сонымен қатар, адамдар, яғни әрбір тұлғаның (индивид) ерекше қарым-қатынаста болуы. Әлеуметтік орта тұлғаның мінез-құлқына және психикалық дамуына бірге әсер ететін, әлеуметтік топтар кіретін, көп деңгейлі білім беру болып саналатын күрделі құрылым. Әлеуметтік орта қатарына:
1. Микроорта.
2. Тұлғаға әсер ететін жанама әлеуметтік білім беру.
3. Макроәлеуметік құрылым – макроорта.
Микроорта – адамға тура әсер ететін қоршаған орта. Микроортада адам өзін жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Бұл отбасы, бала-бақша тобы, мектептегі сынып, өнеркәсіптік ұжым, әртүрлі қарым-қатынас топтары және күнделікті өмірде кездесетін адамдар.
Достарыңызбен бөлісу: |