Бағдарламасы 0518000 «Есеп және аудит»



бет1/4
Дата12.02.2022
өлшемі28,24 Kb.
#131570
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
ТАНЫСУ ПРАКТИКАСЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХРОМТАУ ТАУ-КЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ


ТАНЫСУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

0518000 «Есеп және аудит» мамандығына арналған

Хромтау - 2020жыл

0518000 «Есеп жэне аудит» мамандығының студенттері үшін танысу практикасынан өту бойынша
Құрастырған:
Киргизбаева А.К.- арнайы пән оқытушысы, «Байыту және жаңа технологиялар» бөлімінің меңгерушісі

Танысу пракитикасынан өту бойынша 0518000 – «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған. Онда танысу практикасының мазмұны туралы, танысу практикасын ұйымдастыру мен өту туралы қысқаша акпарат бар. Практикадан өту нәтижеслерін ресімдеу бойынша негізгі талаптар көрсетілген.
«Есеп және аудит» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған.

Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі, 2020


Мазмұны





КІРІСПЕ

4

1.

ТАНЫСУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

5

2.

ТАНЫСУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ӨТУ МЕРЗІМІ

5

3.

ПРАКТИКАНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

6

4.

ҰЙЫМДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТТАРЫН, МІНДЕТТЕРІ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ЗЕРТТЕУ

7

5.

ПРАКТИКАДАН ӨТУ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІҢ МАЗМҰНЫ

7

6.

ТАНЫСУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЕСЕБІН ЖАЗУ ЕРЕЖЕСІ

8

7.

ТАНЫСУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЕСЕБІН ҚОРҒАУ







ҚОСЫМША 1.







ҚОСЫМША 2.







ҚОСЫМША 3.





КІРІСПЕ
Осы танысу практиканың жұмыс бағдарламасы 0518000 "Есеп және аудит" мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орта буын 0518000 " Есеп және аудит" мамандығына, «Бухгалтер» біліктілігі үшін әзірленді.
Танысу практиканы өткізудің мақсаты білім алушылардың теориялық оқыту процесінде алған білімдерін бекіту, тереңдету және жүйелеу, таңдаған мамандығы бойынша қажетті практикалық біліктері мен дағдыларын дарыту, сондай-ақ оларды болашақ еңбек қызметіне тарту болып табылады.
Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу білікті еңбек мамандарын даярлау сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының міндетті талабы болып табылады.
Кәсіптік практика білім алушы мамандығының тиісті бейініндегі ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) өткізіледі және білім алушылардың кәсіптік практикасы басталғанға дейін бір ай бұрын жасалатын практикадан өтуге арналған шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіптік практика техникалық және кәсіптік білім берудің қолданыстағы білім беру стандарттарына сәйкес түлектердің мазмұны мен даярлық деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптар бөлігінде жүргізіледі және мыналарды қамтиды:
алғашқы кәсіби дағдыларды алу тәжірибесі (таныстыру);
- мамандық бейіні бойынша практика (техникалық немесе өндірістік);
- диплом алдындағы (біліктілік немесе тағылымдама). Білім алушылар тиісті бұйрық негізінде мамандық бейіні бойынша практикаға (техникалық немесе өндірістік) және диплом алдындағы практикаға (біліктілік немесе тағылымдамаға) жіберіледі.
0518000 "Есеп және аудит" мамандығы бойынша білім алушылар үш пән бойынша практикадан өтеді:
- Ұйым экономикасы;
- Бухгалтерлік есеп негіздері;
- Қаржылық есеп.
Конец формы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет