Бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы»



бет1/2
Дата30.01.2022
өлшемі34,63 Kb.
#116268
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
8 сынып жаңартылған77777777-2021ж


Жалпы орта білім беру деңгейінің 8- сыныптарына арналған

«Информатика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер

«Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары» (2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық ), «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы және өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы №496с бұйрық), «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы); Оқу жоспарлары ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген (2021 жылғы 25 наурыздағы № 125 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына сәйкес бекітілген). Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар басқа күндерге ауыстырылады. Осы жағдайда сабақтардың тақырыптары/оқу мақсаттары оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес кіріктірілуі қажет.

2. 2021-2022 оқу жылында 8 сыныптарда «Информатика» оқу пәні ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен бекітілген жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасымен оқытылады.

8-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытуға бөлінген апталық жүктеме: 1 сағат аптасына, барлығы 34 сағат

8 сыныптарда "Информатика" оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, Компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және қайта құру болып табылады.

3. Негізгі міндеттері: 1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;

2) білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету; 3) талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;

4) білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;

5) білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;

6) білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;

7) есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;

8) қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;

9) тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;

10) әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;

11) ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;

12) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқу пәнінің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бөлімшелер күтілетін нәтижелер: дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын әр бөлім бөлімшелерге бөлінген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет