болар еді. Екіншіден, ондай еркіндік абсолютті теңдікпен үласып, бір-бірін жойып
(аннигиляция) жіберер еді. Сондықтан француз ойшылы А.Камю ондай еркіндікті «қүзға
бара жатқанын байқамайтын соқыр» адамға үдсатты.
Әрине, еркіндік - адамның тектік қасиеті, адам еріктікке жаратылған пенде.
Еркіндіктің негізінде ғана адам шығармашылық дәрежеге көтеріліп, өз бойындағы
қабілеттерін, талантын іске асыра алады. Адамды зорлап шығарма тудыруға итеру
мүмкін емес. Өйткені оған шабыт керек. Ал зорлық пен шабыт - бір-бірімен
ымыраласпайтын нәрселер. XXI ғ. қойған талаптарына сәйкес даму үшін әр адамның еркін
шығармашылық еңбегі керек. Ол үшін білімнің биік шыңдарына жету қажет. Сонымен
қатар адамның теңдікке деген үмтылысы да тарихтың қозғаушы күштеріне жататынын
ескерген жөн. Теңдік рухы кең етек алған қоғамдарда адамдар өз абыройын, намысын (мен
ешкімнен де кем емеспін деген сезім) жоғары деңгейде сезінеді. Яғни ол сезім де адамның
шығармашылық іс-әрекетіне жол ашады.
Тәуелсіз елге айналып, өз мемлекет іргесін қалау барысында бұрынғы тұрпайы
теңдікке негізделген қоғамды еркіндікке баулуда біз біршама қиындықтардан өттік.
Біріншіден, лезде жарияланған еркіндік ұранын пайдаланып қалған белсенділердің саны аз
болды да, талай жылдар «жоғарыдан түсетін бұйрықтың» негізінде өмір сүрген көпшілік
жаңа жағдайға таңырқап қарап, өз қамын іске асыра алмай қалды. Тек талай зардаптан
өткен қалың бүдара жаңа өмірге бірте-бірте бейімделіп, біршамасы іскерлік танытып,
нарық-тың қойнауына кіріп жатқан жағдай бар. Жас мемлекеттің шағын және орта
іскерлікті дамыту саясаты да халықтың еркіндікті сезініп шыгармашылық еңбегін оятуға өз
себебін тигізді.
Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе - еріктік шеңберін сапалы заңдар арқылы анықтап,
өмірге енгізу болмақ. Саясаттану тілінде оны «адам құқтары» дейді. Сонымен қатар
еркіндік ұранын алға тартып, ойына не келсе, соны істегісі келетіндерге, әсіресе қоғам
өміріндегі қайшылықтарды пайдаланып, бәріне «қара күйе жағып» билікке ұмтылғандарға
заң жүзінде тосқауыл қойылуы керек. Әсіресе керекті нәрсе - бұрынғы қоғамның көп
жетістіктерін қараламай, жаңа өмірге енгізу, соның ішінде халықтың санасында өшпес
орын алған теңдік сезімді тек заң жүзінде ғана емес, моральдық құндылық ретінде сақтап
қалу керектігі. Сонда ғана қоғамның шынайы демократизмін көруге болады.
Халықтың санасында терең ұялаған келесі құндылық -әлеуметтік әділеттілік. Бұл
қүддылық, сайып келгенде, еркіндік пен тендіктің өлшемін, бірлігін құрайды. Әлеуметтік
әділеттілікті тұрпайы теңдікке теңеуге болмайды. Өйткені адамдар туа келе әр-түрлі, жүре
келе олардың бойындағы айырмашылықтары да өсе бастайды. Өздерінің іскерлігі мен
тапқырлығына байланысты адамдар әртүрлі деңгейде өмір сүреді. Солай десек те, ақыл-
ойымызбен оны түсінсек те, әділеттілік сезім көп нәрселерді өзгертуге ұмтылдырады,
өйткені ол адамның жүрегінде үАлаған. Ақыл-ой мен жүрек ақиқаттарының арасында
біршама айыр-машылықтар бар, кейбір жағдайда жүрек шындығы тарихи көк-жиекті
дәлірек сезінеді. Әділеттілік сезім кемтарларға қол ұшын беруді, әлі ересек өмірге кірмеген
жастардың өмір бастамасының тең болуын талап етеді. Расында да, әлі өмірге ешқандай
үлес қоспаған жастардың арасындағы әлеуметтік айырмашылық болашақ азаматтың
жүрегінде көпке дейін жазылмайтын жара қалдырады.
. Белгілі француз ойшылы Ж.П.Сартр айтқандай,
Достарыңызбен бөлісу: