Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


Оқытудың әдістемесі мен формасы:  ақпараттық, проблемді,  көрнекілі (визуалды)  Дәріс мәтіні



Pdf көрінісі
бет150/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   189
Байланысты:
umkd-4

 
Оқытудың әдістемесі мен формасы: 
ақпараттық, проблемді, 
көрнекілі (визуалды) 
Дәріс мәтіні.
Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика 
сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми 
қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр 
Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- 
тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" — сезім, 
сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие.
Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой 
тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің заманымызға 
дейінгі бірінші мыңжылдықтың өзінде-ақ ежелгі қытай, үнді, грек 
ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім 
арқылы әсерлене қабылдайтындығын байқаған. 
Осы тебіреніс-толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап 
іздеу барысында ежелгі дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. 
Нәтижесінде, "сұлулык", "әсемдік", "аскақтык" және оған қарама-қарсы 


"сұрықсыздық", "мешеулік", сол сияқты "трагедиялық" жөне "комедиялық" 
туралы алғашқы түсініктер қалыптасады. 
А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп 
білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған.
Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс 
табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.
 
Космологизм
деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдіктщ адамзат әлемінен 
орын алғандығы туралы баяндайтын көзқарастарды айтады. Көне гректердің 
түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын 
езіндік жарастық, үйлесімдік, 
гармония
бар. Сол гармонияны адам өз 
әлемінен де, яғни әз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. 
Адамның енері макроғарыштың, үлкен ғарышқа ұқсап бағуынан, еліктеуінен, 
яғни мимезистен (грек тілінде "мимесші — "еліктеу") туады. Осылайша грек 
ойшылдарының көбі өнер табиғатын мимесиспен байланыстырған.
Грек эстетикасын сонау грек мәдениетінің архаикалық немесе гомерлік 
(Гомердің "Илиада", "Одиссеясы" дүниеге келген уакыт) кезеңінен бастаса да 
болады. Антикалык эстетиканың орталық категориясының бірі болып 
табылатын "гармония" ұғымы Гомердің "Одиссеясында" өзінің бастапқы 
нақты заттық мағынасында беріледі. Онда "гармония" деп қайық жасалған 
ағаш кесінділерін бірік- тіруші қыстырғышты, шегені айтатын болған. Ал 
"Илиадада" "гармония" қосымша мағынаға ие болып, адамдар арасындағы 
келісім, тыныштык, бейбітшілікті білдіретін болған. Осылай бастапқыда 
тікелей 
әлеуметтік 
өмірдің 
ортасынан 
алынған 
сөз 
бірте-бірте 
философиялық, эстетикалық категория деңгейіне дейін көтерілген.
Эстетикалық категория тұрғысындағы "гармония" ұғымын тұңғыш 
Пифагор
 
мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде 
жатқан сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер 
түрлері ііпінде өсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын 
толғандырып, ғарыштық үйлесімділікті танытады. Тіпті, онымен қоймай
адам жанын да, төнін де ауру-кесел, бөлекеттерден тазартады деп білген. Осы 
түста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы — катарсиске тоқталып 
кету керек.
Катарсис
(грекше "тазару") — адам жаны мен тәнін тазарту, рухтық 
жөне ағзалық жаңаруды білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық 
философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған 
үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған. 
Нақты медициналық мағынасымен қатар катарсис эстетикалық ұғым 
деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің 
қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис әсіресе 


музыка, поэзия мен трагедияның адамның рухы мен жанын тазарту 
жолындағы маңызын білдірген.
Пифагор жөне оның жолын қуушылар адам жанын кесапаттан тазарту 
үшін белгілі бір жүйемен алынған әуен, музыканы қолдану жолын ұсынған. 
Олардың түсінуінше, музыка — ғарыш үндестігінің жердегі керінісі 
болғандықтан, тек жан сарайын тазалап қана қоймайды, сонымен қатар ағза 
ауруларынан да арылуға әсер етеді деп білген. Платон болса катарсисті 
өнердің бір түрімен ғана емес, жалпы өнердің өзімен байланыстырды. Оның 
айтуынша, катарсис жан-дүниені нәпсілік, ағзалық ниеттен арылту деген 
мағынаға ие. 
Аристотель
де катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері 
деп танып, әсіресе 
трагедия
жанрын адамның қорқыныш пен қайғыға 
ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде адам жанын бейқамдықтан, 
бойкүйездіктен арылтады деп қарады. 
Грек мәдениетіндегі 
калокагатия
алдыңғы параграфтардағы мұраты 
бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондықтан да бала өсіру, тәрбиелеу 
ісінде гимнастикалық (дене сұлулығын қалыптастыруға күш салатын) 
тәрбиемен қатар риторика (шешендік енер), грамматика, тарих, поэзия және 
т.б. баса назар аударылған. Эстетикаға "калокагатия" ұғымын енгізген 
Сократ болатын. Шынайы сұлулық — ізгі сұлулық, кешірімді сұлулық деген 
көзқарас кейінірек келе бүкіл еуропалық эстетиканың орталық ұстанымына 
айналып кетті.
[2][3]
 
Плутархтың айтуына қарағанда, Фалеске берілген сұрақтардан 
мынандай жауаптар алыныпты. «Бәрінен де жасы үлкен кім?» «Құдай, 
өйткені ол тумаған». , «Бәрінен де не үлкен?» «Кеңістік, өйткені ол бүкіл 
Дүниені қамтиды.» Не нәрсе ең әсем? - Дүние, өйткені әсемдіктің бәрі 
оның құрамында. «Ең дана не?» - Уақыт, ол бәрін тудырды, тағы да 
тудырады. «Барлыққа ортақ не?» «Үміт. Қолында еш нәрсе жоқтардың да 
үміті бар өмірден». т.с.с.
Көне заманның ұлы ойшысы Аристотель бүкіл философияны үлкен 3 
бөлікке бөлді: ол теоретикалық философия (ой өрісінен шығады), практикалық 
(адамның өмірдегі жүріс-тұрысы мен іс-әрекетін зерттейді) және 
көркемөнерлік (шығармашылықты зерттейді).
Платонның көзқарасы бойынша, заттардың әсемдігі әсемдік идеясында 
жатыр. Оның қайнар көзі «Эйдос әлемінде». 
Платонның ойынша, бұл өмірде бізді идеялар әлемін жалғастыратын 
жалғыз ғылым, жан дүние ғана емес, сонымен бірге Әрос және 
сүйіспеншілік. Олар бізді құдіретті әлеммен байланыстыратын көпірге 


ұқсайды. Әрос бізге қанат-күш беріп, әсемдіктің әртүрлі сатыларынан 
өткізіп, соған ақырында жеткізеді. 
Ал сүйіспеншілікке келетін болсақ, ол - сұлулық пен ізгілікке 
құмарту. Олай болса, ол - философия, даналықты сүю, өйткені даналықтың 
өзі сұлулық пен ізгілікті сүюмен тең. 
Шеллингтің ойынша, әлемді тек қана әсемдік арқылы ғана жете түсініп-
сезінуге болады, өйткені «универсумның (әлемнің) өзі - абсолютті өнердің 
туындысы», табиғаттың өзі - «рухтың бейсаналық поэзиясы».
Ғылым мен өнерді салыстыра келе, Шеллинг бірінші орынға өнерді, 
Эстетикалық сананы қояды. «Ғылым әрқашанда өнер саласында алғашқы 
ашылған, сезінілгеннен кейін жүреді». Шел-лингтің Бұл ойьш растайтын бір 
мысалды келтірейік. 1970-ші жылдардан бастап, бұрынғы кеңес қоғамының 
құлдырай баста-ғанын, оның алдағы болашақта тарихи тұйықтыққа келіп 
тірелетінін алғаш сезінген өнер кдйраткерлері болатын. Ал ғалымдарға келер 
болсақ, олар тек сол қоғам келмеске кеткен уақыттан бастап қана оны 
сараптай бастады. 
Өнер саласының құндылығын Шеллинг генийлердің (§епіш 
— 
лат. 
сөзі, аса дарынды деген мағына береді) іс-әрекетімен тығыз байланыстырады. 
Өйткені олар - Абсолюттің құралы, бірақ оны олар сезінбейді. Генийдің өмірі 
- ерікті де, зардап пен шаттыққа, шығармашылық іс-әрекетке толы. Ол өнер 
саласында белгілі бір мақсат қойып, оны ертелі-кеш орындайды, дүниеге 
асқан әсем туынды келеді. Ал бірақ оған ол қандай жолмен, қандай заңды-
лықтардың Нәтижесінде жетті - оны ол көбіне түсіне бермейді. Өйткені өнер 
қайраткерінің туындысын Дүниеге әкелетін ең терең себеп - ол Абсолюттің 
өзі.
Кезінде орыс ойшылы Ф.М.Достоевский: «Дүниені сақтап қалатын Әсемдік 
қана», - деген еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет