Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


 - сабақ тақырыбы: Қоғам және мәдениет



Pdf көрінісі
бет151/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   189
Байланысты:
umkd-4

12 - сабақ тақырыбы: Қоғам және мәдениет 
Дәріс мақсаты:
Білім алушыларға әлеуметтік философияның негізгі 
ерекшеліктерін, философия тарихындағы әлеуметтік озық ойлар, қоғамжәне қоғам туралы 
ғалымдардың ұсынған теориялары туралы түсіндіру.
Дәріс мазмұны

Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым 
ретінде. Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, 
Аристотельдің «Политикасының» негзгі тұжырымдамалары. Адам саяси жануар ретінде. 
Августин: «Фәни шаһар» және «Бақи» шаһар. Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория: 
Т.Мор және Т.Кампанелла. Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы. Жаңа заман 
әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо). К.Маркс: таптық қоғам. 
К.Поппер «Ашық қоғам». «Қоғамдық сана» ұғымы.
3.Қоғамдық сананың түрлері. Қоғамның типтері. 


4. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, 
О.Шпенглер, К. Леви-Строс және т.б.). Мәдениет – қоғам болмысының формасы. 
Материалдық және рухани мәдениет. 
Оқытудың әдістемесі мен формасы: 
ақпараттық, 
проблемді, көрнекілі (визуалды) 
Дәріс мәтіні.
«Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім 
енгізгені туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға 
енуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл сала 
қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, 
қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік 
таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және 
логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала 
әлеуметтік 
философия
деп атала бастады.
Әлеуметтік философияға ерекше анықтама берген орыс ойшылы С.Л. Франктың 
пайымдауына тоқталайық.
1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі - «Қоғамның рухани негіздері» атты 
кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: 
“ әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға 
ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген 
сқрақтарға жауап береді”.
Семён Лю́двигович Франктың айтуынша әлеуметтік философия – “қоғамдық болмыстың 
жалпы мәңгі негіздерін” зерттеумен айналысатын философиялық таным. “Әлеуметтік 
философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен 
нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады”. Мұнан шығатыны: 
әлеуметтік 
философия адамның қоғамдық өмірінің барлық “әлемдерінің”
– тарих, мәдениет, дін, 
саясат, құқық, экономика және т.б. әлемдерінің түпкі, 
онтологиялық негіздерін 
зерттейтін 
философиялық 
ілім 
саласы. 
Ең 
алдымен, 
ол
дүниетанымдық

методологиялық, танымдық, эвристикалық, аксиологиялық, тәрбиелеушіболжымдық
қызмет те атқарады.
Кең түрде алғанда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет