Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


біріншіден, тарихты  онтологиялық және гносеологиялық талдау;  екіншіден



Pdf көрінісі
бет159/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   189
Байланысты:
umkd-4

біріншіден,
тарихты 
онтологиялық және гносеологиялық талдау
екіншіден,
19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы 
ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі 
түсіндірілуі мүмкін.
Идеалистік философияда
тарихты басқаратын күш 
абсолютті рух (Гегель
) деп 
қарастырылды. 
Рационалистер
тарихты басқаратын күш 
ақыл-ой
деп санады. Натуралистік 
бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді.
Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, 
француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның 
алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта 
мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер 


мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды.
Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік 
ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан 
арыла алмады.
Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм адамдардың табиғи 
қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік концепцияларда да, 
натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір сыртқы, тарихи емес 
күштерден бастау алады.
Тарихқа материалистік көзқарас барлық трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи 
еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар 
өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. 
Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі 
ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих 
философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа 
қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы XX 
ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым 
теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер 
туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы 
христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, 
Демиф, Бультман, Нибур).
ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен 
нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. 
Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім 
ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау 
тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, 
тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден 
мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай 
ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам 
философиясының бір аспектісі ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің 
“Тарих философиясы” деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап 
көрсетеді: 
өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру; 
материалдық молшылықтарға жету; 
ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының 
үлесінің кемуі; 
баюдың көзі ретінде соғысты жою; 
“индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш 
маңызы жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты. 
Тарихи прогресс өндіргіш күштерді жетілдіру нәтижесінде алға өрлейді. Саясат адам 
психикасындағы мифологиялық сенімдерге сүйенеді және өз тарапынан саяси мифтерді 
қалыптастырады.[2] 
 


. Кертартпа ағымдағы күштер (регрессизм) ұлттық рухани-мәдени құндылықтарды сақтап 
қалу қажет, Батыстан келгеннің бәрі - шайтандық нәрселер деген пікір айтады. Батыстың 
ықпалына қарсы тұратын ең күшті құрал - ол дін. Сондықтан Ислам діні тараған біршама 
Шығыс елдерінде «діни фундаментализм» (ірге-тастық) кең етек алып, онда неше түрлі 
экстремистік саяси қозғалыстар қоғам өмірінде кең орын алып отырғаны бүгінгі таңда қүлия 
нәрсе емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет