Шеллингтің ойынша, адамзат тарихы - мақсатқа лайықты дамып жатқан Абсолюттің
дамуының ең құнды сатысы. Ол өзі тудырған адамзаттың шығармашылық іс-әрекеті
арқылы іске асып жатады. Бірақ осы жолда адамдар қаншалықты талпынғанымен,
Абсолютке жете алмайды. Ол мақсат тек қана адамзаттың шексіз идеалдық қоғам орнату
жолымен жылжуында ғана іске асады. Сондықтан тарихта адамдар өз заманының
мүдтаждықтарынан шығатын, шешуге келетін, шынайы мақсаттарды ғана қойып, соларға
жетуге тырысуы қажет. Бұл идеяны қазіргі замандағы мәселелермен үштастырсақ, онда
«коммунизм қоғамы» саяқты идеалды, барлық қайшылықтар жойылған қоғамға ешқашанда
жетуге болмайды, оған тек шексіз жақындай беруге болатын саяқты.
Достарыңызбен бөлісу: