Гераклит Дүниенің мәңгілік қалыптасу екенін керсетіп қоймай, сонымен қатар оның
қайнар көзін іздейді. Гераклиттің түсінігінше, қалыптасу дегеніміздің өзі қарама-
қарсылықтың бір-біріне өтуі: суық ыстыққа, ыстық суыққа, дымқыл құрғаққа, құрғақ
дымқылға, жас кәріге, тірі өліге т.с.с. айналады. Заттардың қарама-қарсы жақтары
өшпейтін күресте.
«Соғыс - бар заттың анасы және басқарушысы»
дейді.
Қарам-қарсылықтардың бәрі бір-біріне өтіп, гармонияға (harmonia - грек сөзі,
қарама-қарсылықтың үйлесімге келуі) келеді. Сонымен қатар «Бәрі де - бір, біреуден
- бәрі де шығады». Бұл Дүниенің гармониясын қадағалайтын -
Логос.
Логос
- грек сөзі
және оның мағынасы әртүрлі - ол ілім, сөз, сөйлем, баяндау, есептеу, қатынастарды
анықтау т.с.с. Гераклиттің философиясында Логос заң ұғымына жақын.
Достарыңызбен бөлісу: