Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


сан, сапа,  қарым-қатынас, модальдық т.с.с



Pdf көрінісі
бет83/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   189
Байланысты:
umkd-4

сан, сапа, 
қарым-қатынас, модальдық т.с.с. 
жатады. Әңгіменің ғажаптығы - И.Кант осы көрсетілген 
категорияларды үштік арқылы келтіреді. Мысалы, сан категориясын «бірлік», «көптік», 


«біртұтастық» арқылы, сапаны «реалдық» (шынайылық), «терістеу», «шектеу» т.с.с. шығарады. 
И.Кант философия саласында Жаңа Дәуірде алғаш рет категориялардың таным жолындағы аса 
үлкен рөлін көрсете білді. 
Сонымен категориялар арқылы біз сезімдік аңдаумен алынған дүние жөніндегі 
қабылдауларды қажеттілік, жалпымағыналық дәрежеге көтереміз. И.Канттың айтуына қарағанда, 
сезімсіз бірде-бір зат бізге берілмеген болар еді, ал ақыл-ойсыз бірде-бір нәрсені ойлауға болмас 
еді. Ал осы адамның екі қабілетін бір-бірімен қоссақ, онда біз толыққанды білім дәрежесіне 
көтеріле аламыз. Оны И.Кант тәжірибе дейді. Сонымен субъект категориялар арқылы 
заңдылық пен тәртіпті құбылыстар ға беріп, оны табиғат деген атпен береді. Адам - табиғатқа 
зандылық беруші. Мұндай көзқарасты, әрине, субъективті-идеалистік философия деп айтуға 
әбден болады.
И.Канттың негізгі Бұл саладағы кемшілігі - адамның дүниетанымдағы ой белсенділігін 
асыра көрсетуінде. Әрине, таным процесінде адамның шығармашылык іс-әрекеті улкен рөл 
аткарады. Осы шығармашылык іс-әрекеттің негізінде адамзат «екінші» тағы табиғатқа қарсы 
тұрған дүниені жасайды. Алайда біз бұл «екінші» табиғаттың тек бірінші алғашқы табиғаттың 
негізінде ғана пайда болатынын естен шығармағанымыз жөн. 
И.Канттың таным теориясын әрі карай жалғастырсақ, онда біз оның тәжірибелік 
танымның әрқашанда толық емес екендігі жөніндегі ойын байқаймыз: трансценденттік әлемге 
ақыл-ой жете алмайды. Ал бірақ адамның санасында ещқашанда жойылмайтын бүкіл дүние 
жөнінде «соңғы ақиқатқа» деген кұштар бар. Ал мұндай істі өзінің мойнына ақыл-ой емес
зерде 
алады. 
Егер ақыл-ой қабілеті арқылы біз категориялық ғылыми таным дәрежесіне көтерілсек, 
зерде арқылы біз толыққанды танымның «соңғы кірпішіне» дейін көтерілуге тырысамыз. 
Сананың шексіздікке деген құштарлығын зерде шешкісі келеді. И.Кант, жалпы алғанда, ақыл-ой 
мен зердені адамның ойлау қабілетінің екі бүтағы ретінде қарайды. Егер ақыл-ой дүниедегі 
құбылыстарды зерттеп, оларды ретке келтірсе, зерде құбылыстың әр жағында жатқан өзіндік 
заттың ішкі сырын ашқысы келеді. Зерде ақыл-ой шеңберінен аттап, трансценденттік әлемге 
өтуге тырысады. 
Ақыл-ой мен зерденің арасындағы айырмашылықты жете көрсету үшін И.Кант «идея» 
ұғымын қолданады. И.Канттың ойынша, идеялардың үш түрі бар: жан-дүние, әлем және Құдай 
мәселелері. 
Әлем мәселесіне келер болсақ, ол жөнінде И.Кант төрт тұжырым жасап, оған қарсы 
тұрған төрт пікір келтіреді. Ойшыл оны 
антиномия 
дейді, өйткені бірінші тұжырым мен оған 
қарсы бағытталған тұжырымның екеуі де тең Дәлелденеді. Осының әсерінен зерде 
шешілмейтін қайшылыққа келіп тіреледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет