Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


ақиқатқа ешқашанда жете алмайды, өйткені  ол - шексіз үрдіс. Сондықтан да ақиқат жөніндегі ілімде оның  объективтік, салыстырмалы



Pdf көрінісі
бет79/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   189
Байланысты:
umkd-4

 ақиқатқа
ешқашанда жете алмайды, өйткені 
ол - шексіз үрдіс. Сондықтан да ақиқат жөніндегі ілімде оның 
объективтік, салыстырмалы, 
абсолютті, прагматистік, когеренттік
т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алынып талданады. 
Объективтік ақиқат
деп адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз, яғни заттың өзіндік 
қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Мысалы, айдың жерді айналып тұрғаны - 
объективтік ақиқат. Біз қандай әрекет жасасак та, оны тоқтата алмаймыз, ол бізге тәуелсіз 
түрде өмір сүріп, жерді айналып тұр. 
Абсолютті ақиқат
деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді 
айтуға болады. Алайда Дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік 
ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен қатар дүниені зерттеу жолындағы алынған объективті 
ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе, бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түседі. Оны шексіз 
үрдіс деп те айтуға болар еді. 
Негізінен, адамзат қолы жеткен білім әрқашанда 
салыстыр-малы
десек те болғаны
өйткені ол оның нақтылытарихи қалып-тасқан іс-әрекетімен, яғни сол заманның 
практикасымен шектел-ген. Мысалы, соңғы уақытқа дейін Марс планетасында су болды ма, я 
жоқ па деген сұраққа жауап бере алмадық. Өйткені ол жөніндегі болжамдарды тексеретін 
дәрежеге жеткен жоқ едік. Енді, тек 2004 жылы ғана американ ғалымдары Марсқа жіберген 
ғылыми аппараттар арқылы онда өткен шақта су болғанын Дәлелдейтін деректер алды. Олай 
болса, бұрын осы планетада өмір формала-рының болғаны сезсіз, өйткені су бар жерде өмір де 
дүниеге келеді.
Мүмкін, вирустар, я болмаса кейбір бактериялар болған болар. Бұл болжам техникалық 
құралдар дами келе тексерілетіні сөзсіз. Екінші жағынан, дүниеге келген әр ұрпақтың 
білімінде ақиқатпен қатар орқашанда жаңылу болатынын да ескеруіміз қажет. Келесі ұрпақ 
оның біршамасын тексеріп түзетсе де, ғылымды дамыту жолында ақиқатпен қатар жаңылу да 
болуы мүмкін. Осы тұрғыдан жаңылуды жалғаннан ажыратуымыз қажет. Егер ғылыми 
танымның қиындық-тары кейбір жағдайда зерттеушіні ақидаттан алшақтатып, жаңылуға 
әкелсе, жалғандық өтірік айтып адамды саналы түрде қисық жолға түсірумен тең, дер едік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет