Бағдарламасы (10 11 сынып, 34 сағат саны) Құрастырған Биология пәнінің мұғалімі К. О. Жаныспаева



бет14/18
Дата10.10.2022
өлшемі74,95 Kb.
#152505
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Заманауи жалпы биология 2019 жыл

Полирибосома ақпараттық РНК молекуласының бойында орналасқан рибосомалар тізбегі.
Полигибрид – үш немесе одан да көп белгілерінде айырмашылығы бар дарақтарды будандастырудың нәтижесінде алынған будан.
Полисомия – негізгі диплоидты жиынтықтан тыс екі немесе бірнеше қосымша хромосомалардың болуы.
Полиспермия – ұрық қапшығының ішіне бір мезгілде екі немесе одан да көп спермилердің енуі.
Политения – алып хромосомалардың пайда болуы.
Популяция – бір түр ареалының белгілі бір бөлігінің ұзақ уақыт оқшаулана мекен етіп, өзара еркін будандасатын, сөйтіп өсімтал ұрпақ қалдыра алатын түр ішіндегі дарақтар жиынтығы.
Прокариоттар – генетикалық материалы тікелей цитоплазманың өзінде болатын вирустар, бактериялар және көк жасыл балдырлар.
Промотор – транскрипция ферментті – РНК – полимераза келіп жалғасатын оперонның реттеуші бөлігі.
Протопласт – клетка қабырғасынан айырылған өсімдік немесе микроб клеткасы.
Псевдогендербелгілі бір генге өте ұқсас, хромосомада болатын, бірақ қайсыбір есептермен функционалдық активтілігінен айырылған нуклеотидтік тізбектер.
Пуффтар – функционалдық жағынан белсенді белгілі бір ұлпаларға тән политенді хромосомаларда болатын гендер.
Радиопротекторлар – радиоактивті сәулелердің генетикалық әсерлерін төмендететін заттар.
Радиосенсибилизаторлар – организмнің радиоактивті сәулелердің мутагендік әсерлеріне сезімталдығын күшейтетін қосылыстар.
Риверсия – геннің бұрынғы жабайы типін қайта қалпына келтіретін мутация.
Редукция – мейоз процесі кезінде диплоидты хромосома санының екі есе кесуі.
Редупликация – хромосоманың екі еселенуі.
Резус фактор – қанның көптеген антигендік қасиеттерінің бірі, қанда бұл фактор болса, доминанттылық қасиет көрсетеді, бомаса, рецессивтік белгі деген сөз.
Репликация – бастапқы матрицалық ДНК молекуласының негізінде жаңа ДНК жіпшелерінің синтезделуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет