«Молодежный к. №23 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі
(ресурстық орталығы)» КММ.
ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
Әдестемелік кенестің отырысы
хаттама
№ 1 « 28» 08.2017ж
ӘК жетекшісі
Д.М Бекова __________
|
КЕЛЕСІЛДІ
АББД және С
ӘК менгерушісі
Ж.Н.Шайкин
______________
|
БЕКІТЕМІН
«Молодежный кенті №23ОМ» КММ директоры
М.Б._Мусипова________
Бұйрық №____
«31» 08.2017ж
|
«Заманауи жалпы биология»
факультативтік курсының
БАҒДАРЛАМАСЫ
(10 – 11 сынып, 34 сағат саны)
Құрастырған
Биология пәнінің мұғалімі
К.О. Жаныспаева
2017- 2018 жыл
Молодежный кенті
Автор:
Учитель_биологии
Жаныспаева К.О
(предмет)
СШ № 23п.Молодежный Осакаровского района
город/район
ФИОБековаД.М._ _______
подпись
Рецензенты:
ФИО Шабанбаева Н.А Л.С. учитель географии высшей категории__ КГУ « СШ 23» п. Молодежный
)
ФИО Сарсембаева Б.М. учитель биологии высшей категории___КГУ « СШ 23» п. Молодежный
Рекомендовано Методическим объединением (кафедрой) организации образования
Протокол № 1 от «26»августа2017 г
Секретарь:ФИО
.
Рекомендовано Методическим Советом организации образования
Протокол № 1 от «28» августа 2017 г
Секретарь:Жаныспаева К.О.______________
Түсінік хат
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің бірі болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республиканың білім беру жүйесіне де біраз өзгерістер мен жаңалықтар енгізіп, жақсарта түспек. Ал ағылшын тілі халықаралық тіл болғандықтан, біздің де мемлекетімізде өз орнын таппақ. Ағылшын тілін үйрету арқылы жан жақты дамыған, саналы тұлғаны тәрбиелей аламыз.
Әлемдік оқыту кеңістігінде Қазақстан Республикасының ұлттық оқыту жүйесінің интеграциясына байланысты 2003-2004 жылдары кредиттік оқыту технологиясы енгізілді.Осыған орай біздің мемлекетімізде көптілді меңгеруге байланысты мектептерде оқушыларды үш тілде оқыту және ЖОО мамандарды даярлау мәселесі маңызды орын алуда. Осыған сәйкес көптілді білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру бойынша дайындық жүруде.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.
Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Оқу эксперименті танымдық ақпараттық болашақ құралы бола тұрып бір мезетте физиканы үйретудің басты көрнекілік құралы болып та табылады; ол оқушылардың санасында бар биологиялық зерттеулердің, процестердің және заңдардың, осыларды ортақтастырушылардың нақты бейнелерін неғұрлым сәтті және тиімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Болашақ биология мұғалімі өз пәнін оқытудың теориясын, технологиясы мен әдістемесін және оның тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасында батыл енгізу тәсілдерін жоғары оқу орны қабырғасында жүргенде игере бастайды.
Еліміздің көптеген мектептерінде көптілді білім беру бағдарламасы бойынша даярлау және көптілді білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру бойынша дайындық жүруде. Осы бағдарламаны жүзеге асырауда дидактикалық материалдар мен әдістемелік нұсқаулықтарды дайындау қажеттілігі туындауда. Сонымен қатар, оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр. Осыларды ескере отырып, таңдалған зерттеу тақырыбы өзекті болып табылады. Қойылған міндетті шешу қажеттілігі тақырыптың зерттеу маңыздылығын анықтайды.
Биология пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Нәтижесінде кейбір оқушылар үшін алда тұрған үлкен сынақ – ҰБТ-ға дайындалуға мүмкіндік болады.
Мақсаты:оқушыларға ағылшын тілінде биологияның негізгі ұғымдарын түсіндіріп, пәнді ағылшын тілінде ойлауын қалыптастыру, ағылшын тілінде сөйлеуге талпындыру, биологияны ағылшын тілінде ауқымды мағлұмат беру.
Міндеті:
- сөйлеу, жазу, оқыту, тыңдату, есептер шығару арқылы қызықтыру, биологияның бастапқы түсініктерін қалыптастыру;
-оқушының бойына негізгі терминдерді ағылшынша түйренуге деген құштарлығын сіңіру;
-оқушының шығармашылық, танымдық қабілеттерінің дамуына жағдай жасай отырып, оның жалпы жеке тұлға ретінде дамуына үлес қосу;
Өзектілігі:
Елбасымыз көздеген әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер қатарынан орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздерінің бірі - жастарымыздың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау болып табылады.
Әлемдік білім беру және білім алу кеңістігінде бәсекеге барынша қабілетті кірігудің тиімді жолдарының бірі - әрбір қазақстандықтың кемінде 3-4 тіл білуі деп атап өтілді.
Осы биік мақсаттарға жетелеу, қалыптастыру кезеңі адам өмірінің мектептегі өткізген жылдарына сайма-сай келетіні - білім беру саласына үлкен жауапкершілік пен сенім артады, білім берудің жаңа ұлттық тиімді механизмдерін құрумен байланыстырады.
Осыған орай биология пәнін ағылшын тілінде жүргізу арқылы үш тілді оқыту бағдарламасы іске асырылады. Жұмыс барысындағы басты мәселе - ағылшын тіліндегі оқу материалын қазақстандық стандартқа сай сәйкестендіру. Бұл бағдарлама сыныптағы биология курсын толық қамтиды. Негізінен практикалық жұмыстарға баса көңіл бөлінеді. Әр тараудың соңында міндетті түрде практикалық, бақылау жұмыстары жүргізіледі. Тарау мақсаттары, міндеттері, негізгі түйінді мәселелер және тірек ұғымдар мен қоса тарау мақсаттарына жетудің негізгі кезеңдері келтірілген. Олар: қызығушылықты ояту, жаңа ұғымдарды енгізу, оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және оқушының танымдық дағдыларын қалыптастыру кезеңдері.
Достарыңызбен бөлісу: |